400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Мәңгілік елдің талантты ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік ел – қазақ елінің жалпыұлттық идеясы. Мәңгілік елдің талантты ұрпақтары қандай болуы керек? Ұрпақ бойына қандай қасиеттерді дарытқанымыз жөн? Бұл сұрақтың жауабы қарапайым болғанымен, ұрпақ тәрбиелеу ісі күрделі болмақ. Мәңгілік елдің ұрпақтары белсенді, ойы ұшқыр, білімді, жан-жақты және патриоттық рухы жоғары болуы тиіс. Мәңгілік ел құндылықтарына: еңбексүйгіштік, азаматтық, теңдік, толеранттылық, адалдық т.б қасиеттер жатады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Эссе

Мәңгілік елдің талантты ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерім.

Мәңгілік ел – қазақ елінің жалпыұлттық идеясы. Мәңгілік елдің талантты ұрпақтары қандай болуы керек? Ұрпақ бойына қандай қасиеттерді дарытқанымыз жөн? Бұл сұрақтың жауабы қарапайым болғанымен, ұрпақ тәрбиелеу ісі күрделі болмақ. Мәңгілік елдің ұрпақтары белсенді, ойы ұшқыр, білімді, жан-жақты және патриоттық рухы жоғары болуы тиіс. Мәңгілік ел құндылықтарына: еңбексүйгіштік, азаматтық, теңдік, толеранттылық, адалдық т.б қасиеттер жатады. Осы құндылықтарды ұрпақ бойынан көре білу ұстазға тікелей қатысты. Ұстаз – нақты бағыт сілтеуші, білім нәрін себуші, шәкірт жүрегіне жол табушы, оқушы еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы. Оқушы – өздігінен іздене алатын, шығармашылыққа бейім тұлға.

Менің ұстаздық қызметімде Мәңгілік Ел ұрпағын тәрбиелеуде, сабақ беру барысында қандай инновациялық әдіс-тәсілді қолдансам да, оқушы өзіне деген сенімін жоғалтпай, білімге деген қызығушылығы, құштарлығы жоғары болуы керек деген ұстанымым бар. Тұңғыш елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Осыған орай, мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы ретінде өз пәнімде қолданып жүрген педагогикалық әдіс-тәсілдеріммен бөліскенді жөн көрдім. «Жарғы келді, жарғы кетті» әдісі. Бұл әдіс арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтар тізбегін жасап, ханның жарлық қағазындай орап, оқушыларға кезек-кезек бір-біріне ұсынуын сұраймын. «Жарғы келді» дегенде, сұрақ жазылған қағаз кімнің қолында қалса, сол оқушы сұраққа жауап беруі керек. Бұл оқушылардың сұраққа жылдам, әрі тез жауап беруіне үйретеді. «Сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі. Үй тапсырмасын тексеруде өте қолайлы, уақытты үнемдеуге болады. «Ысқыру диктанты» әдісі арқылы оқушылардың тіл сауаттылығы, есту қабілеттері дамып, шығармашылыққа бет бұруына септігін тигізеді. «SVOT» әдісі оқушының өзін және өзге топты бағалауына өте тиімді. Әр сабақта кейіпкерлерге мінездеме беру арқылы кейіпкерлердің жақсы-жаман қасиеттерін ажырата білу дағдыларын қалыптастырады. Өзінің бойындағы жаман қасиеттерден арылып, мінезін түзеуге үйретеді. «Диктоглосс» әдісінде тыңдалым,оқылым, жазылым дағдыларын толықтай меңгертуге болады. Оқушылар мәтінді тыңдау арқылы есте сақтау қабілеттері дамиды. Қазіргі ұрпақ бір-бірімен сөйлесу, пікірлесі, ойын тыңдау сияқты мәселелерге олқылық танытуда. Осыны жою мақсатында өз пәнімде «Көршіңмен сырлас» әдісін қолдандым. Бұл әдіс оқушының өз ойын айтып, дұрым,мағыналы сөйлеуіне үйретеді. Өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасып, ойына ой қосуға көмектеседі. Осы әдісті қолдану арқылы ұрпақты бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге болатынына көзім жетті. Сыныпта санасы әртүрлі оқушылар бар, олардың жүрегінен шықпай тұрған, ойын жеткізуде сақалақтап, ұялшақтықты жою барысында, «Мұғалімге хат жазу» әдісін қолдандым. Сабақ соңында тақырып бойынша сұрақ қойып, мұғалімнен өзіне жауап алады, ұсынысын жазады. Бұл әдіс жазбаша орындалады.

Келер ұрпақ жауапкершілігін ұстаздар арқалаған заманда алдымызда отырған шәкірттеріміздің саналы, білімді, патриот, шығармашыл болып өсуіне септігін тигізетін әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысайық. Ұрпақ тәрбиелеуде талмай, қажымай еңбектеніп, Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеуде ұстаздың өз еңбегіне деген сүйіспеншіліктің жемісі болмақ.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
01.05.2022
4760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі