Мектепалды даярлық білім
бастауы
Эссе
Білімді болу, баланың
кішкентай кезінен-ақ қалыптасады. Мысалы баланы бала – бақшаға беру
де үлкен нәтиже береді себебі бала үйінде ата-анасына еркелейді,
ойнайды . Ал бала- бақшада ойынмен қатар түстерді ажыратуды, бояу –
сызыуды , тақпақ жатау, ертегі айту сияқты дүниелерді үйренеді.
Бала мектеп жасына жеткен шағында (5 – 6 жас) мектепалды даярлық
тобына берген дұрыс сбебебі бала мектеп табалдырығын аттап, оқушы
атанған күннен бастап жауапкершілікті сезіне бастайды. Біріншіден
мектептің тәртібіне үйренеді. Екіншіден тапсырмалар орындап, үй
жұмысын орындауға дағдыланады. Мектепалды даярлық тобында оқыған
бала, 1-ші сыныпты оңай алып кете алады. Себебі мектепалды даярлық
тобында сауат ашу (дыбыс әріп сиқырлы елі) қарапайым математикалық
ұғымдарды қалаптастыру, сиқырлы қолдар, ермексаздың сиқыры, сиқырлы
аппликация, сиқырлы қарындаш т,б оқулықтармен танысады. Сауат ашу
оқулығында бала әріптермен танасалды, дыбыстарды ажыратуды
үйренеді, жазуды үйренеді. Қарапайым математикада санауды,
сандардың құрамын, кіші сандарды қосып, азайтуды (Мысалы: 2+2=4,
4-2=2, 5+5=10, 10-5=5) үйрене бастайды.
Сонымен қатар даярлық тобында
вариативтік компоненттермен жұмыс жасайды. Логика баланың ой-
өрісін қалыптастырады. Бала логика арқылы фигуралардың қалай пайда
болатынын, оларды бояуды, ойлау арқылы жұмыс жасауды
үйренеді.
Ертегілер әлемі балаларды қиял
– ғажайыптарға жетелейді. Қызықты ертегілер баланың есінде тез
сақталады, оны басқаларға айтып бере алады. Сонымен қатар ертегі
баланы армандауға үйретеді.
Мектепалдық даярлық тобыындағы
балада даму, қиял, белгілі бір мақсат қалыптасады. Бала қиял арқылы
әртүлі оқиғалар ойластыра алады, өз ойын бөлісе
алады.
Мектепалды даярлық тобына
келген балалармен жұмыс жасау тәрбиешіге бірден оңайға соқпауы
мүмкін. Себебі балаға ата-анасына еркелеп, ойнап өзінің қалаған
ісімен айналысып қалған бала мектеп тәртібіне бірден бейімделіп
кете алмайды. Тәрбиеші өз ісінің маманы болса, төзімділік танытып,
өзінің қабілетінің, біліктілігіның арқасында баламен тез тіл
табысып мектеп тәртібіне дағдыландыра алады. Сол себепті тәрбиеші
болатын әр бір тұлға өз мамандығын үлкен жауапкершілік екенін
сезініп, білікті манам болуға тырысу керек. Бала оқуда жақсы алып
кетуі тәрбиешіге ғана емес ата-анағада байланысты. Балаға бірінші
тәрбие беретін ата- ана болғанлдықтан, алдымен ата-ана баланы
психологиялық тұрғыда дұрыс дайындау керек. Мектепалды даярлық
тобына баратын баласына мектеп деген білім ордасы екенін, ұстаз сол
білімді баланың бойына сіңіретін тұлға екендігін түсіндірсе бала да
жауапкершілікті сезіне алады деп ойлаймын.
«Білімді ұпақ – ел болашағы»
демекші баланы білімді, ой-өрісі жетілген тұлға етіп тәрбиелу
біздің борышымыз. Әрбір ұстаз сол жауапкершілікті сезінсе,
болашақта білімді ұрпақтар көбейері
сөзсіз.