Материалдар / Эссе "Мен- заманауи педагогпін"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Мен- заманауи педагогпін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл мұғалімі сайысына қатысушы физика пән мұғалімдердің эссе жазуына көмекші болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2020
1099
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

Өскемен қалалық әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп- лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















ЭССЕ

«МЕН - ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГПІН»

Иляшова Назгуль Токтарбековна

Физика пәні мұғалімі



























Өскемен, 2020




Эссе

«Мен - заманауи педагогпін»


Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Сондықтан бүгінгі күннің өзекті мәселесі - білім беру жүйесін бәсекелестікке қабілетті жүйеге айналдыру. Ал бұл жүйенің басты қозғаушы күші - заманауи мұғалім. Заманауи мұғалім – бүгінгі қоғамның да, қазіргі заман мектебінің де сұранысы. Білім беру жүйесінің ұстанымы - сауаттылығы жоғары елдер қатарынан көріну. Ұлтымыздің ұлағатты ұлы А.Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп баға бере кеткен. Заманауи мұғалім дегеніміз кім? Ол білім беру жүйесіне қандай үлес қоса алады? Яки шығармашыл мұғалім ретінде біліктілігімді қалай іске асырып жүрмін деген сұрақ мені де толғандырады. Осы сұрақ бойынша ойымды, іс-тәжірибемді негізгі бөлімде талдай кетемін.

Біріншіден, ұрпаққа тәрбие мен білім беретін ұстаз – жаңашыл болу керек. Мишра мен Келердің пайымдауынша, жоғары деңгейдегі кәсіпқой мұғалім - технологиялық, педагогикалық және пәндік білім саласы арасындағы өзара байланысты іске асыруға қабілетті тұлға (МАН). Міне, бүгінгі қоғамның және қазіргі заман мектебінің сұранысындағы заманауи педагог моделі осындай сұранысқа жауап беруі керек. Яғни, заманауи мұғалім - бұл ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға. Ол оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына ықпал жасайтын, жеке тұлға бойындағы ерекше қасиетті дамытуға жол көрсетуші шырақ сияқты болуы қажет. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» мақсаты - нәтижелілікті арттыру үшін тұтас ғылыми функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. Олай болса, мұғалімнің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, зор мақсатқа жетуі мүмкін емес. Осыған орай, менің ұстанымым да шәкірттеріме білім берудегі сындарлы оқытуға негізделген. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер - ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету менің басты міндетім деп санаймын. Яғни, оқушылардың әр тақырыптың мазмұнын саналы түрде түсінуіне және осы алған білімдерін күнделікті өмірге пайдалануға бейімделуіне жағдай жасаймын. Ол үшін өзімнің теориялық білімім терең болу керек. К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» деп айтқандай, «өмір бақи оқу» ережесін мақсат етіп алдым. Білім беруді дамытудың заманауи үрдістерін оқып-үйрену үшін үнемі білімімді, шеберлігімді жетілдірудемін. Білімімді толықтыру барысында «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» үшінші деңгей, «STEM білімді енгізу бойынша ұсынымдар», «APPLYING CLIL TO A PHYSICS AND CHEMISTRY UNIT» атты оқыған көмекші құралдарым жаңашыл білімге бет бұрғызды. Білім-біліктілікті көтеру курстары педагогикалық, технологиялық сауаттылығымды тереңдете түсті. Бұл менің табысты мұғалім баспалдағына көтерілуіме жол ашты. Әріптестеріме де үнемі сындарлы білімдерін толықтырып отыруларына кеңес беремін.

Екіншіден, мұғалім құзырлы оқытуды жете бағалай алуы керек. К.Құдайбергенова «құзырлылық» ұғымына «..жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады» деген түсініктеме береді. Мен заманауи педагог болғандықтан, оқушылардың оқуын ынталандырудағы инновациялық стиль ретінде физика пәнін жаратылыстану пәндерімен интеграциялауды қамтитын оқытудың жаңа формасын таңдадым. Бұл әдіс - «СLIL» әдісі. «СLIL» инновациялық әдісінің мақсаты не? Негізі CLIL екі мақсатты көздейді: шет тілі арқылы пәнді оқу және оқытылатын пән арқылы шет тілін меңгерту. Нәтижесінде пәнге байланысты оқушылар жаңа ұғымдар мен идеялармен танысады. Оқушылардың пән мен тілді қатар меңгеруін қамтамасыз етіледі. Оқушылардың екінші тілде сөйлеу сенімділігін арттырады. Мен осы әдіс арқылы сабақта пән мазмұнын алдыңғы қатарға қоя алдым. Сабақта екінші тілді оқу жоспарына сәйкес оқушылардың қабілетіне орай жоспарладым. Оқушылардың түрлі ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар бердім. Оқушыларға тіл мен пәнді қатар меңгеруіне қолдау көрсеттім. Бұл жұмыстар білім алушылардың бір-бірімен шет тілінде сөйлесу қабілетін, мәдениетаралық білімін арттырды. Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеті дамыды. Өздеріне деген сенімділігі және ішкі уәждері жоғарылады. Мысал ретінде, оқытудың  4 «С» аспектісіне сүйене отырып, бірнеше тәсілдерді айта кетейін. Тақырыпты түсіндіру барысында мұғалім мимика, жест, әртүрлі суреттер, дауыс, т.б. қолдануға болады. Бұл тәсілдің тиімділігі: оқытушының сөйлеуін азайтып, керісінше оқушылардың бір-бірімен сөйлесу дағдысын шебер қалыптастырды екен.

Үшіншіден, XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, АКТ-ны оқыту мен оқуда тиімді пайдаланудың маңызы өте зор деп есептеймін. Сондықтан сабақтарыма АКТ мүмкіндіктерін жиі пайдаланамын. Соның ішінде білімді жылдам тексеріп, оқушы нәтижесімен бірден танысуда Plickers, Zip Grade қосымшалары - уақытымды үнемдеуге және оқушылардың білімінде кеткен ақауларды анықтауда үлен көмекші құрал. Білімді қорытындылау немесе терминологияны есте сақтау үшін Quizlet, Kahoot онлайн карточкаларды құрастырудың тамаша қызметін тиімді пайдаланамын. Ойын түрінде ұсынылатын бұл карточкаларды түрлі форматта қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырамын. Оқушылардың пәнді саналы терең түсіну үшін заманауи білім платформаларын тиімде қолданамын. Күтілетін нәтижеге бағытталған сабағымды әрбір оқушының өз мүмкіндігіне және сұранысына сай дифференцалды ұйымдастырамын. Осы тәжірибеммен қалалық, облыстық пән мұғалімдерімен бөлістім.

Заманауи мұғалім оқушыны жеке тұлға ретінде дарынын аша білуі керек. Ол үшін АКТ жаңа мүмкіндіктерін қолданып, STEM білім беруден жаңашылдықтың көзін байқадым. «Менің кабинетімде бір шкаф бар. Оның ішінде менен де артық білетін энциклопедиялар жатыр. Бірақ Нобель сыйлығын шкаф емес, мен алдым» деген Альберт Эйнштейннің сөздері менің әр сабаққа кірер алдында есіме түседі. Себебі сол Эйнштейннің біреуі алдымда отырған шығар. Сондықтан алдымда отырған оқушылардың бойына туа біткен дарындылықты, бейімділікті дамыту менің миссиям деп ойлаймын. STEM тәсілдерін жаңартылған білім мазмұнының негізі ретінде қолданып, оқушылардың табиғи дарындылығын ашамын. Дарынды және шығармашыл, ойы озық оқушылармен жұмысты жоспарлауда STEM білім беру жүйесінің тәсілдері нәтижеге жетуімнің табысты құралы болды. Неліктен дарынды баламен жұмыс істеуде STEM әдісі маңызды болып табылады? Қазіргі таңда STEM - әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі. STEM-нің негізгі идеясы - жаратылыстану ғылымдарының интеграциясы болып табылатын бағыт ретінде технология, модельдеу, өнер, математика, физикаға пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдану. Білім беру саласындағы артықшылықтары: пәндер бойынша емес, интеграцияланған тақырыптар бойынша оқыту, нақты өмірде ғылыми-техникалық білімді қолдану, сыни ойлау және және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту, өзіне деген сенімін арттыру, белсенді қарым-қатынас жасау болып табылады. Ең тиімдісі - командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықтарды арттыру, балаларды технологиялық инновацияларға дайындау. Өйткені бүгінгі заман талабына сай ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелерінің, жастардың, бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру - қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Міне, сондықтан STEM әдісін ең тиімді әдіс ретінде жаратылыстану бағытындағы мұғалімдердің пайдалануын қалар едім. Бұның тиімділігі әр оқушы өз өнімін жасайды, теория мен тәжірибені ұштастырады. Осының нәтижесінде оқушыларым қала, облыс жеңімпаздары болды. STEM білім беру жайлы ойымды түйіндей келе, идея ұсынғым келеді. Оқушылардың табысқа жетуіне және бәсекеге қабілеттілігіне қажетті негізгі пәндерді және тақырыптарды кіріктіріп оқытуға бағытталған әр мектептің өзінің жеке бағдарламасы, STEM лабораториялар болса деп ойлаймын.

Ұстаз мамандығы - кез келгеннің маңдайына жазылмаған бақ. «Ұстаз» есімі - парасатты, балаларды жанындай жақсы көретін жандарға берілетін ұғым. Бұл сөздің құдіреттілігі соншалық, балғын бала кезімнен ұстаз болуды армандадым және өз мақсатыма жеттім. Мен таңдаған осы жол - үлкен жауапкершілікті, төзімділікті, ізденімпаздықты, шығармашылықты талап ететін киелі жол. Ұстаздық мамандықты таңдағаныма мақтанамын, өмірімді бір сәт те шәкірттерімсіз елестете алмаймын. Сондықтан алдымда отырған әр шәкіртімнің санасын заманауи білім арқылы нұрландырсам, білім алудың сара жолын көрсете білсем ұстаздық қызметімнің ақталғаны деп білемін. Ойымды қорытындылай келе, білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде екенін бір сәт естен шығаруға болмайды. Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, заманауи білім мен ұлттық тәрбие беру - мұғалімнің ұлы парызы. Сондықтан замануи мұғалім жеткен жетістігінде тоқтап қалмай, алға жылжуы қажет, себебі мұғалімнің жұмысы шығармашылықтың қайнар көзі болып табылады. Шығармашыл мұғалім - мектептің жүрегі, оқушыларының санасына бағыт сілтер шамшырағы.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!