Материалдар / Эссе "Мен баланың өмірін жағу үшін балабақшадамын"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Мен баланың өмірін жағу үшін балабақшадамын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада жұмыс жасаудың қандай екенін, мамандық таңдауда қателеспеу керектігін жас мамандарға үйрету бағытында.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
624
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

18 «Мереке» балабақшасының психологы:

Дыбысбаева Толғанай Жеңісқызы




Мен баланың өмірін жағу үшін балабақшадамын.

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.

Л.Н.Толстой

Мен де барлық балалар сияқты өскенде кім боламын?- деген сұраққа армандап отырып әнші боламын дейтінмін. Себебі ән айтқанды өте жақсы көретінмін. Уақыт өте ән айту менің хоббіме айналды. Мектеп қабырғасында жүрген сәтімде «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген принціпті ұстанған ұстаз болу ұлы арманыма айналып, десе де болашақта мен арқылы, менің ұстаздарым мақтана алатындай сонымен қатар шәкірттерім меннен алған білімдерін өмір жолында пайдалана алса екен деймін. Ол кезде «Ұстаз» ұғымы мен үшін ең қадірлі де қастерлі еді. Өйткені өз атамда, анамда ұстаз болатын. Жоғары оқу орнына түскенде қуанышымда шек болмады, себебі осы уақыттан бастап мен өзімен үлкен міндет артылғанын түсіндім. Ол міндет -шәкірт бойына жақсы білім нәрі мен тәрбие беру еді. Мен психолог мамандығын аяқтап шықтым. Психолог пен ұстаз бір ұғым еді. Ұстаз болу деген не? Осы сұрақты өзіме жоғары оқу орнында оқып жүргенімде жиі қоятынмын және оның жауабын табуға тырыстым. Мен ол сұранымның жауабын ең алғаш рет балабақшада кабинетке кіріп алғаш балалардың бал-бұл жанған жүздерін көріп , барлық маған сабақ берген ұстаздарымның басынан өткен қорқыныш пен үреймен өмірімдегі нағыз сабақ сабақ беріп, балалардың жүздерінен қуаныш,күлкі көргенімде ғана Ұстаз болу деген сұрақтың жауабын түсіндім. Ұстаз болып жұмыс істеген аз ғана уақытымда түсінгенім ұстаз ол оқытушы ғана емес , ол - бағбан. Әрбір сабақ сайын мен өзіме ерекше бір әсер аламын. Мен тек қана оларды үйретіп қоймай , өзімде көп нәрсені үйренемін. Бұл ұстаз үшін қаншалықты маңызды екенін жеткізу қиын. Балаларды оқыту және өз жемісін көру - ұстаздың жұмыс бақытының жартысы ғана, ал балаларды оқыту және өзін оқыту , кез келген сұрақтың жауабын табу , үнемі ізденісте болу , өз жұмысының жаңа қырларын ашу - бұл ұстаз жұмысының нағыз бақыты деп айтуға болады.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев " Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында" деген болатын. Әрбір баланың бойына сүйіспеншілікпен білім нәрі мен тәрбие беру арқылы біз саналы ұрпақ тәрбиелейміз. Мен баланың өмірін жағу үшін балабақшадамын. Балалардың әрқайсысының бойында өзіне тән ерекшеліктері болады.Мысалы : бір бала дөрекі, біреуі ұялшақ біреуі тұйық, енді біреуі шектен тыс көп сөйлетін т.б. Жақсы ұстаз - ол кез келген баланың қабілетінің "кілтін" таба біледі. Бала- шырақ секілді. Ұстаз сол шырақты жағушы. Ұстаз болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сол талапқа сай болу ол парызың, міндетің деп білу керек. Ешқашан көпке топырақ шашпаймын дегенмен бір қарын майды бір құмалақ шіртеді деген бар емеспе? Сондықтан Ұстаз жолын таңдап сол жолда адал қызмет еткің келсе ешқашан білем деме , оқы ,оқы және оқы. Осындай жолды таңдағаным қарамастан балаларға жақсы білім мен тәрбие беруге тырысамын. Балаларға үйрету арқылы өзімде үйренемін. Ғалымдар судың қасиеттерін зерттегенде , оған жылы сөздер айтқанда кристалдары өзгеріп әдемі болғанын, ал жағымсыз сөздер айтқанда кристалдарының бұзылғандығын дәлелдеген. Оның жанында кеудесінде жаны бар әппақ таза жүректі балаларға тек ізгілікпен сүйіспеншілікпенпен , жақсылықты, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеу өз қолымызда!.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!