Материалдар / Эссе. «Мен қалай шабыттандырамын...»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе. «Мен қалай шабыттандырамын...»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бақыттың үлкені – еңбектің нәтижесі ойдағыдай болуы. Ал «өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің еңбегінің нәтижесі қай уақытта көрінеді? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәттен көрінеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2022
419
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе «Мен қалай шабыттандырамын...»

Ержанова Б.Е. Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің психологы

Қазіргі таңда білім беру мен тәрбие жұмысын қоғам сұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту мәселесі туындап отыр. Осы орайда білім беру ұйымдарында осы екі жүйені ізгілендіру мақсатқа алынған. Аталған мәселеде «өзін-өзі тану» пәні маңызды рөл атқаруда. Халықта «ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесу қажет» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық басқа да құнды қасиеттерді сіңіріп дамыту – отбасы мен ұстаздардың міндеті.

Баланы адамгершілік пен махаббатқа тәрбиелеу мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді халқымыздың асыл қазынасы – аңыз әңгімелер мен шешендік өнер үлгілерін, даналар сөзін қолданудың рөлі маңызды екеніне көзімді жеткіздім. «Өзін-өзі тану» пәнінің мектеп бағдарламасына кіргенін – бүгінгі жас ұрпақтың ертеңіне жұмсаған салым екенін де түсіндім. Оқушыларға үйретіп жүрген «өзін-өзі тану» ғылымы мектептік басқа пәндерден ерекшеленеді, өйткені ол қоршаған орта туралы емес, ол адам туралы пән. Адам болып өмірге келу аз. Адамға лайық өмір сүру керек. Сондықтан да «өзін-өзі тану» мұғалімінің кәсіби міндеті – Адам болу.

Сабақтарымда рухани-адамгершілік құндылықтарды негізге алатын ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын мейірімді адамды тәрбиелеу – басты мақсаттарымның бірі. Алдымда отырған дәуренді биік сезім мен адал әрекетке шабыттандырудан нағыз ляззат аламын. Тіпті дана, дара Абай кейінгі ұрпағына былай деген екен: «білім мен ақыл – ойды сақтайтын қойма». Білімді сақтайтын қойма болмаса оқудан пайда жоқ.

Мұғалім мамандығы шабытты еңбек. Оның шеберлік шыңы – баланы танымның, түсінудің үдерісіне ендіру, ізденіс пен жаңалыққа ұмтылдыру, шығармашылыққа баулу. «Өзін-өзі тану» пәннің мұғалімін – идеал адамның мүсіншісі, өмір – теңізде жол сілтеуші деп танимын. Л. Толстойдың сөзімен айтқанда: «Егер мұғалім өз ісін сүйсе, ол жақсы мұғалім». Мен үшін «өзін-өзі тану» пәнін оқыту сыры терең, жұмбақ бөлек дүниеге ену.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады», - дейді. Мен оқушыны шабыттандыру үшін, ол оқушыны түсінуге, кемшіліктері мен артықшылықтарын, жақсы қасиеттерін табуға тырысамын. Себебі бір оқушыға «Жарайсың», «Сен дарындысың», «Сен мені бүгін қуанттың» деген сөздер шабыт берер болса, енді бірі: «Менен асқан оқушы жоқ» деп, тоқтап қалуы мүмкін.Ондай жағдайда керісінше «Сенің бұдан да артыққа шамаң келеді» деген сөздермен мақсатын айқындай, талпындыра түсемін. Әрбір баланың бойында кішкентай болсын жақсылық нәрін тауып, соны ту етіп ұстап, биік адамгершілік құндылықтарға жетелеуге тырысамын. Әрбір сабақтан шыққан оқушы шабыттанып шығуына өз жүрек жылуымды беруден аянбаймын, бойындағы күшіне деген сенімін асыра түсіруге күшімді жұмсаймын.

Бақыттың үлкені – еңбектің нәтижесі ойдағыдай болуы. Ал «өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің еңбегінің нәтижесі қай уақытта көрінеді? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәттен көрінеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!