Мен - заманауи ұстазбын!
Байғанин техникалық
колледжінің өндірістік оқыту
шебері.
Рысбай Гүлшат
Асқарқызы
«Өткеннің өнегесі – бүгіннің
баға жетпес байлығы»
Н.Ә.
Назарбаев.
Жаһандану заманында ұлттық
бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші –сапалы білім деңгейімен
өлшенетіні айдан анық. Осыған орай әлемдік білім кеңістігіне кіріп,
білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін
өзекті мәселе болып табылады. Аталмыш мәселені шешудің кілті ұстаз
қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ
тәрбиелейді.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты
білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты,
мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай
дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында
жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден,
үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген
бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған
маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп
қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне
шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі
керек. Абай атамыз айтқандай
«Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз – тұл »деп адам
баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға
байланысты деп ерекше атап
өткен. «Мұғалімдік
мамандық - бұл адамтану, адамның
күрделі және қызықты , шым - шытырығы мол,
рухани жан дүниесіне үңіле білу,
адамның өмір бойы білім алып, оны
шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл
ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып
табылады». Сондай ұлкен ұғымдағы
ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар
ғұмырын ұстаздық саласына арнау әрбір адамның
қолынан келе бермейтін іс.
Бүгінгі таңда
бізге, мұғалімдерге, ең қажеттті нәрсе – заман
талабына сай лайықты жаңа адамды
қалыптастыру, тәрбиелеп өсіру. Заман күннен
күнге дамып, өркендеу үстінде. Олай болсай,
біз алдымызда тәрбиелеп отырған
шәкірттерімізге адамгершілік пен өз
еліне сүйетін ұлтжандылық қасиетін қалыптастырып, оны
бар асылындай қадірлей білетін, өткенін бағалап,
болашағына зор сеніммен қарай білетін ең жақсы
қасиеттерді үйрете білуіміз
қажет.
Ұлтымыздің ұлағатты
ұлы
А.Байтұрсынов «Білім
біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік
сол білімді іске асыра білу
дағдысы»- деп, білім мен
біліктілік жайлы үлкен ой
айтқан.
Елбасы Н.Ә
Назарбаев айтқандай бүгінгі күнде барлық
мұғалімдердің басты ұстанымы немесе қағидасы ол
«өмір бойы білім алу». Егемен еліміздің көшін
бастаған кемеңгер президентімізбен толық
келісемін.
ХХІ- ғасыр бұл
ақпараттық қоғам дәуірі технологиялық мәдениет
дәуірі. Замануи ұстаздық қызметтің қыры мен сыры
мол, сондықтан да ұстаздар өз ісінің әрбір
тетігін жетік меңгеру, игеру жолында
кәсіптік шеберлікті толық меңгерсе ғана,
бүгінгі қоғамымызды байытытын, дамытатын, жаңартатын
мол мүмкіндік ашылатыны
күмәнсіз.
Ұлы бабамыз Абай Құнанбаев «Ұстаздық еткен
жалықпас, үйретуден балаға » - деген өлең жолдарын білмейтін ұстаз
кемде кем. Бала тәрбиесінде ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан
халқымыздың жақсы дәстүрлерін жалғастырып, оқытып, үйретіп, өнеге
беріп, өнерге баулып, жас ұрпаққа білім беру мен ізгілікке,
адамгершілікке тәрбиелеу – бар ұстаздың алдында тұрған ең басты
міндетіміз. Осы тұста білім мен тәрбие – егіз екенін де естен
шығармағанымыз абзал. Себебі, болашағымыздың тірегі жас ұрпаққа
тәрбие беріп қана қоймай, оларды оқытып, оқыту барысында Отан үшін
жауап беретін жас ұрпақтың заман талабына сай, бәсекеге қабілетті,
патриоттық сезімдері берік қалыптастқан азамат болып шығуы үшін
ұстаздар қауымының алдында үлкен жауапкершілік тұр. Әрине бұл
орынды да, себебі әрбір ұстаз-болашақты
тәрбиелеушілер.
« Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның
мұғалімдігі де жойылады »-деген болатын К.Д.Ушинский. Олай болса,
Отан алдында жас ұрпақтың тәрбиесі үшін жауап беретін педагогтер
заман ағысынан қалып қоймаулары үшін әрбір күні, әрбір сағаты,
әрбір минуты, әрбір сәті ізденіске толы болып, білімдерін үнемі
толықтырып, жетілдіріп отыруы
керек.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай:
«Болашақта өркениет дамыған елдердің қатарына ену үшін заман
талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына
жеткізетін, терезесін тең ететін-білім». Яғни, бұл жерден ұғынатын
нәрсе қазіргі білім беру жүйесінің ең негізгі мақсаты - бәсекеге
қабілетті маман дайындау. Ал оны іске асыру – тағы да мұғалімдердің
зор үлесінде. Ендеше, нарық заманында заман талабына сай мұғалімге
қойылатын талаптар да өзгеше. Сондықтан да, қазіргі даму кезеңі
білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерісінің технологияландыру,
оған сәйкес оқу бағдарламаларын жасау мәселесі тұр. Жаңашыл
педагогтертедің, ғылымдардың еңбектерімен танысу, оны өз
тәжірбиесінде қолдана білу де мұғалімдерді көп еңбектеніп, үздіксіз
ізденуін қажет
етеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Білім және Ғылым
қызметкерлеріне: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен
әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогі
керек» - деп атап өткен. Ал бұның өзі қазіргі қоғамдағы жаңа
формация мұғалімі-педагогикалық құралдардың барлық түрін меңгерген,
үнемі, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған,
ізденіске толы, кәсіби шеберлігі жоғары, толысқан шығармашыл тұлға
болу керек. Уақыт талабына сай білім беру ісінде жыл сайын
өзгерістер
енгізілуде.
Осы орайда үкіметіміздің қолдауымен ҚР жалпы
білім беретін мектептері білімімді жетілдіріп, білімімді шыңдап ары
қарай дамытуға бел
будым.
Яғни, оқыту үдерістеріндегі өзгерістермен
бірге өзіміз де өзгере отырып, білім алушы жас ұрпақты да,
өздігінен білім іздейтін, алған білімін кез келген жерде пайдалана
алатын, сыни тұрғыда ойлана алатын, ғылымды әр қырынан меңгере
алатын, бәсекеге қабілетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуіміз
керек.
Менің түсінігімдегі ұстаз –
рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер
төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы
асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне
жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі
жылы, көңілі – дарқан адам. Қорыта келе, ХХІ ғасыр - білімділер
ғасыры. Ендеше, егемен елімізге ой өрісі жоғары дамыған, білімді,
жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақты оқытып тәрбиелеу қажет.
Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен
көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты
берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.
Әрине, бұл-қажырлы еңбекті, талмас
қайраттылықты қажет ететін
жұмыс.
Осындай бағытта жұмыс жасап,
мамандығын жетік меңгерген, толық білетін, барлық бағдарламалармен
жұмыс жасайтын жас мамандар дайындауды өзімнің ұстаздық борышым деп
есептеймін.