Материалдар / Эссе: "Менің педагогикалық философиям"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе: "Менің педагогикалық философиям"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаз мамандығын насихаттау. Ұстаз жолы - мынау қарбалас өмірде, астасып жатқан күндер, модернизацияланған және инновацияланған өмірде өзіме – өзім құлақ түріп, мен осы дұрыс жолға түстім бе? Менің таңдаған жолымның маңызы неде?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
942
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің педагогикалық философиям

(Эссе)



«Ұстаз – шәкірттерге сабақ берумен, білім үйретумен шектелген маман иесі емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп, өкінбеске күн бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоршысы».

(Жүсіпбек Аймауытов )

Мен не үшін өмір сүрудемін? Мен үшін не қымбат? Соңғы кездері осы жайлы көп ойланамын. Ұстаз жолы - мынау қарбалас өмірде, астасып жатқан күндер, модернизацияланған және инновацияланған өмірде өзіме – өзім құлақ түріп, мен осы дұрыс жолға түстім бе? Менің таңдаған жолымның маңызы неде?

Көз алдымда бірден туған мектебім елестей ді. Жоқ, жоқ мен қызмет атқаратын емес, дәл сондай ақ, жарыұ, үлкен, бірақ үш қабатты. Бұл жерде маған тек қана білім берген жоқ, менің адамдық қасиеттерімді де тәрбиеледі: мейірімділікке, жауапкершілікке, достыққа...

Есіме Екатерина Ивановнаның математика сабақтары және Лариса Ивановнаның әдебиет сабақтары түседі. Міне ұстаздың үлгісі! Бізге көп оқитын және жатқа оқитын, сабақтарына әрқашан екі тақта дайын тұратын, цитаталар мен қосымшы тапсырмалырмен толы. Ал мұғалім үстелінде толық конспект жазылған қалың дәптері. Өзімнің сабақ беру тактикамда осы кісілер үшін әрқашан үлгі болатын.

Енді мен міне өзім математика пәнінің ұстазымын.

Міне 1993 жылдың қыркүйегі. Мен үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрмын, мен үшін жаңа тіпті де беймәлім, бірақ ыстық болып үлгерген сүйікті мектеп. Менің бірінші оқушыларым. Көздері жәудіреп бір-біріне қарайды. Мен – ұстаз. Олар періштедей пәк, күнәсіз балапандар. Мен ақырын ғана қолымды создым. Бұл сәт сондай керемет... Сірә, менің жүрегімде мәңгі сақтаулы болмақ.

Менің жұмысымның сондай жауапкершілігі мол екенін біле отыра – мен барлық қиыншылықты жеңе білуім керек, оқушыларды жаңа өмірге қанат қақтыруым керек. Бірақ оқушы өмірге бейімделмейді, ол өмір сүреді.

Осыдан кейін менің мамандығымның маңызы да мақсаты айқын болды: оқушы өмірін тәрбиелеу мен өркендету. Ұлы ойшыл Сократ ұстазды бір тамшы суға теңеген. Иә, шынымен жаңбыр әрбір бидай масағына қалай өмір берсе, ұстаз да оқушының өзіндік жеке тұлғасын қалыптастыруға өз үлгісін қосады.

Өмірде қабілетсіз бала жоқ. Кейбір ересектер өз балаларына сенбейді және балалары жеке тұлға екендігіне сенуге қорқады. Менің мақсатым – баланың өзін – өзі табуға, өзіндік жеке қабілетін немесе талантын ашуға қадам бастыру. Ол үшін көмегімді аямай, ықпал етем. Бұл менен білімді, педагогикалық қабілетті, шынайы еңбекті талап етеді.

Менің өмірімнің мектеп өмірімен, мектеп ұжымымен астасып жатқанын түсінемін, мен өзімнің оқушыларымның өмірімен өмір сүремін.

Мен – ұстазбын, бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Оқушылар ұстазды ұстаздың атағанына байланысты бағалайды, олардың адамгершілігі мен шеберлігі не байланысты бағалайды.

Мен өзімнің оқушыларымның жетістіктеріне бірге қуанып, жеңілістеріне бірге мұнайып, сонымен қатар оларды әрқашан қолдауға тырысамын. Олар маған қонаққа келіп отыратын кездері де болды. Біз өткен күндерді есімізге түсіріп, әңгіме құрып отырамыз. Содан кейін бірге шай ішеміз. Қандай керемет! Олардың қуаныштары мен үшін үлкен бақыт.

Осылай күндер мен жылдар сырғып өтуде. Менің алғашқы оқушыларым бір – бірдей отаудың иесі болып, ата – ана аталғандары қаншама, мен де ана атандым, көп балалы анамын. Кейде мектепте «Балаларың қалай?» деп сұрағанда, мен ойланып қаламын... Үйдегі балалар ма? Әлде мектептегі балалар ма? Себебі олар бәрі де менің балаларым емес пе?

Баланың жаны өте нәзік, жіңішке жіп секілді, оның жанының кілтін табу өте оңай. Ол кілт махаббат деп аталады. Бұл сөзде бәрі бар: сыйластық та, түсінік те, кешірім де...

Біз бәріміз де бала болдық, менің жұмысым - балалық шақ пен жасөспірімдік шақтың елшілерімен жақсы араласып тығыз байланыста болу. Бұл жақтағы балалардың қиыншылықтарын және жарқын күндерін осындай қызықты бірге бастан кешіру.

Сонау студенттік шақтан бір педагог – гуманисттің айтқан өнегелі сөздері есімде қалыпты: «Балалардың ересек атануына көмектескің келсе, өзіңді олардың орнына қойып, өзіңді бала сезінуің керек, өзіңнің балалығыңды есіңе алып, баланың өмірімен өмір сүру керек. Сонда ғана сен ұлағатты ұстаз атанасың».

Шынымен қай ғасырда өмір сүрмесек те, білім процесінің барысы қаншалықты жаңарса да, бала әрқашан бала болып қалады, балалар үшін білім жүйесінде ең маңызды процесс ол рухани байлық және жеке тұлға тәрбиесі болып табылады. Ұлтымыздың жарық жұлдызындай ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Білімділікке жеткізер баспалдақ, ол біліктілік, сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп айрықша көрсеткен. Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып қадірленуі тиіс.


Білім беру процесі – ол екі тұлғаның қарым – қатынасы: ұстаз бен оқушы. Педагогикалық концепсия жайлы да жие айтылмайды. Ұстаздарды «Кімді оқытамын?» , «Неге оқытамын?», «Қалай оқытамын?» деген сұрақтар мазалаумауы керек, керісінше «Кім оқытады?» деген сұраққа жауабын табу керек. Оқушылары ақылды, тәрбиелі шығуы үшін ұстаздың қандай болу керек?

Иә, ұстаздарға оқушыларды жаңа материалды меңгеруді көп талап етеді. Бірақ баланы мәжбүрлеп оқыту ол әрине дұрыс емес, себебі баланың кез келген нәрсеге тек өзінің ғана қызығушылығы арқылы берілген тапсырманы жақсы меңгеріп, оңайшылдықпен түсініп қабылдайды.

Қазір өзімнің осы әлемге қандай маңызым бар екеніммен бөліскім келеді. Мен фигура сызықтарымен, сандармен әлемді тербеткім келеді. Сандар ол нақтылық, әлемді тануға мүмкіндік береді, әр уақытта өзіңмен өзің қалуға болады; үшбұрыш – ежелгі храм; ромбтар - уақыттан бергі ескірген қола ыдыстар; дөңгелек – өтіп кеткен уақыттың өзен сулары. Математика мен үшін тарих пен философия. Бүкіл әлем. Мен ұстаздық жолды өзімнің педагогикалық қабілетімнің бар екенің біліп немесе балаларға деген махаббатымды сезгендіктен таңдаған жоқпын, бірақ, математикаға деген махаббат осы жолды таңдаумның бірден – бір кепілі болғаны рас. Содан кейін сандар, фигуралар және де көздері мөлдіреген, білімге құштар жас бүлдіршіндер.

Мен өзімнің жеке тұлғама келесі талаптарды қоямын:

  • Адамгершілік: маған әр бір оқушының құқысын сыйлауға, өзгелерге ұқсамауға, өзінің ойын айта алатын .

  • Ашық сөйлесу: өзімнің оқушыларымен ашық сөйлесуге үйренемін, әсіресе, оларға сенуге және сенімге кіруге.

  • Шындық: өз алдымда және оқушылар алдында, баға қою алдында, оқу процесінде, сабақтан тыс.

  • Шығармашылық жұмыс: қоршаған ортада және өзімде шығармашылық потенциал ашу.

  • Профессионалдық: өз пәнін білу, оқулықпен шектелмей, өзіндік білім толықтыру.

Өзімнің практикада тек математика мен шектелмей, математиканы басқа пәндермен байланыстырып отырып, баланы жан-жақты болуын қамтамасыз етемін. Бұл практика баланың берілген материалды толығымен оңай және тез қабылдауына көмегін береді. Әр сабақ сайын математиканың құдыретін және оның әр элементін жеке – жеке бөліп қарастырып түсіндіруге тырысамын. «Ішкі жан дүниеде ақын болмай, математик болу мүмкін емес». Әр сабақта жаңа материалды меңгерген кезде, ең алдымен оқушы сол материалды өздігімен табуына мүмкіндік беремін. Оқушылар сабақта өзінің жетістіктерін өзі бақылайды. Себебі, әр жұмыстың маңызы жауапкершілікте, еріктікте. Оқушыларым өздері әртүрлі апталықтарды өткізіп, материалдар жасайды және оларға ол ұнайды. Әр оқушы өзінше талантты – бұл менің өмірлік позициямның бірі. Мақтанғаным емес, бірақ мен үшін мақтайалмайтын оқушы жоқ. Әр оқушы мен үшін талантты да талапты.

Әр күн сайын сабаққа кіргенде оқушыларыма жақсы көңіл – күй мен сәттілік тілеумен бастаймын. Себебі, оқушылар осы сәттілікке негізделген, алға қойған мақсаттарына. Осы сәттілік пен жақсы көңіл – күй оқушыларды шығармашылыққа жетелейді, бір – бірінен ерекшеленуге тырысады.

К. Д. Ушинский былай деген: «Қызығушылығы жоқ білім, оқушының білімге деген құштарлығын жояды». Сондықтан сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етемін.

«Жеке тұлға – математика сабағындағы сапалы білімнің негізгі бастауы». Жылдар өткен сайын менің шығармашылығым артуда, әр күн сайын сыныпқа сабаққа келу үшін үлкен бақыт, қуаныш. Бұл үшін мен оқушыларыма алғысымды білдіремін.

Қоңырау соғылды, менің жұмыс күнім аяқталды. Ертең тағы сабақ. Менің өмірімде осындай қаншама қоңырау соғылар екен. Білерім біреу, менің тағдырым – ол мектеп және оқушылар.





2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!