Материалдар / Эссе "Менің педагогикалық қызметім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Менің педагогикалық қызметім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2018
1471
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе
«Менің педагогикалық қызметім»

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
Абай

Ұлылықтың басында ұстаз тұрар. Шын мәнінде осы бір сөзді қанша естігенмен, мағынасына терең үңіліп көрмеппін. Ал қазір, сәл ойланып қарасам ... Кім болам деген сауал санамды жаулағанда әлі оң, солымды танып үлгермесем де, мұғалім боламын деп армандағанмын. Бала арманыммен есейіп, шын мәнінде мамандық таңдарда басқа арнаға кетсем де, ойымның баршасы жинақталып келіп бәрібір мұғалімдікке тұрақтады. Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында да педагог болуы тиіс, себебі ол – өмірдің мәні. Бір күнде тек 8 сағат қана педагог болып, одан кейін педагог бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы  керек. Педагог тәрбиеленушісі алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек.  Осы маманға лайықтылығымның айнасы, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жолындағы еңбегім.

Бала біздің болашағымыз, оны тәрбиелеп білім беру маңызды іс. Егер ол мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиесі болса екі есе жауапты. Мектепке дейінгі ұйым жұмысының басты бағыты оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру, педагогтардың құзыреттіліктерін көтеру. Қазіргі таңда ата-аналардың мектепке дейінгі ұйым педагогтарының жұмысына талабы жоғары. Ата-ана баласының тәрбиесін өз ісіне шебер падагог мамандарға сеніп тапсырғанды қалайды, ал ол үшін педагог үнемі өз білімін жетілдіріп отыру қажет. Педагогикалық үрдістің тиімділігі тәрбиешінің барлық ұйымдастырылған оқу қызметтерін бірдей дәрежеде сапалы орындауымен анықталады. Сондықтан да тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балалрды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері мәселелерінде білікті болу керек. Тәрбиеші өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып, нәтижесі табысты болмық.

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын  менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен  айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан–тәнімен  сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген  күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне” бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Балалар  – өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.

Мұғалім, тәрбиеші – болу оңай  жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық  иесіне  дәл мұғалімге қойылатындай  талаптар қойылмайды.

Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен  мамандығымды мақтан тұтамын

Бошанова Гулфариза Амантаевна



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!