Материалдар / ЭССЕ Менің шығармашылық мәдениетім және оқытудағы тәжірибем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭССЕ Менің шығармашылық мәдениетім және оқытудағы тәжірибем

Материал туралы қысқаша түсінік
Осылайша, өзімнің шығармашылық мәдениетімді арттыруға себеп болған басты кезеңдерге тоқтала отырып, оқытудағы тәжірибеме қысқаша шолу жасадым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
608
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Карагуланова Айжан Смакановна


70 мектеп- лицейдің физика пәні мұғалімі


ЭССЕ


Менің шығармашылық мәдениетім және оқытудағы тәжірибем


Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы,

онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинқталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихы зейін-есі, философиялық жүйелері мен рәміз-таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, ділі мен тілі, ділі мен мұраты – осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан. Ал тәжірибе - адамдардың материалдық, мақсат қоюшы іс-әрекеті; объективті болмысты игеруі және түрлендіруі; адам қоғамы мен танымын дамытудың жалпыға бірдей негізі. Мәдениет адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды екен. Ал шығармашылық мәдениет дегенді мұғалімнің рухани дамуна апаратын жол деп түсіндірер едім. Сол себепті мен осы эссе арқылы өзімнің шығармашылық мүмкіншіліктерімді іске асыру әдістеріме тоқталып, оқытудағы іс-тәжірибеме лирикалық шегініс жасаймын деуге де болады.

Ең алдымен, осыншалық еңбек жолымда жеткен жетістіктерімді сараптағым келіп отыр, себебі адам өзі өткен жолдың әр кезінде қандай жарқын істерге қол жеткізетінімен өзін де, өзгені де бағамдайды емес пе?! Мұғалімдерді де қай кезде де жетістіктеріне қарап бағалау үдерісі қалыптасқан.

Менің де «Жетістіктерім» деген бәйтерегімнің бірнеше бұтақ жайғанын, солардың ішінде көзге ерекше түсіп тұрғандары мыналар екенін бөліп айтқым келеді: физика пәнін оқыту; физика пәнін ағылшын тілінде оқыту; оқытудың жаңа технологиялары; білім мазмұнын жаңарту және жаңа білімді игеру; қашықтан оқыту әдістері.

2012 жылы № 70 мектеп-лицейдің ашылу салтанатында Елбасы Н.Назарбаев жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мектеп болатын екенімізді айтқанда, ол күндер елес те бола алмаған еді. «Ағылшын тілі қайда, физика қайда?» деп те ойламаған болармыз?! Зымыран уақыт сырғып, жаһандық өзгерістерді алдымызға ұшырып алып келгенде, қалайша тоғыз айлық курсқа жазылғанымызды, қалайша ағылшын тілінде физиканың терминологиясын өзімізден ағылшын тілін артық білетін оқушыларға жалтақтай қарап үйретуді бастап кеткенімізді байқамай да қалдық. Алғашында қиналдық, әрине. Қазір соның бәрі көрген түстей. Оған куә: 2018 жылдың 26 ақпан- 2 маусым аралығындағы «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру бағдарламасының В1 деңгейіндегі ағылшын тілі курсы және 2018 жылдың 26 тамыз-10 қараша аралғындағы «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру бағдарламасының В2 деңгейіндегі ағылшын тілі курстарын аяқтауым.

Ізденіс шығармашылықпен қатар жүргенде ғана нәтижеге жетуге болады, сол себепті 2018 жылы 27 қаңтарда ҚР білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ұйымдастырған «CLIL әдісіндегі сабақ жүргізуге дайындық және жоспарлау» семинарына қатысып, пән мазмұнын ағылшын тілінде берудің негіздері туралы көп мәлімет алдым. Сол сияқты 2018 жылғы 26-30 маусым күндері "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған "мұғалімдерге арналған жазғы ағылшын тілі мектебіне қатыстым . Сол сияқты «Астана-кітап» баспасы мен «Ustaz кәсіби жетілдіру орталығының» «Ағылшын тілінде сабақ беру методикасы мен қостілді кітаптарын таныстыру» республикалық семинар-тренингінің жұмысына қатысқаным үшін 2018 жылы сертификатталдым. Ізденуден, үйренуден қажымадым, талмадым. Осылайша тіпті қала көлемінде семинарлар өткізе бастадық, нәтижеміз де жап – жақсы. 2019 жылы «BILIM Land» білім беру платформасы «Жаңашыл мұғалім-2019» байқауының мәресіне қатысушы. Сол жылы Білім беруді жаңғырту орталығы өткізген «Озат тәжірибе –табыс көзі» тақырыбындағы қалалық семинарға белсене қатысқаным үшін сертфикатпен марапатталдым. Сонымен бірге осы жылы "Командалық оқыту және CLIL негізіндегі оқыту заманауи тәсіл ретінде» және 2019 жылы «Реализация полиязычия в системе образования обнавленного содержания» атты семинарға қатысқаным үшін де сертификат берілді.

«Ustaz tilegi» сайты Білім саласының дамуына қомақты үлес қосып, Республикалық ұстаздар сайтында көрсеткен белсенділігі үшін Құрмет грамотасымен, алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Үздік қазақ тілі интернет-сайт сыйлығы» байқауында «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы атанған білім ресурсы Qaztest.kz сайтында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасындағы жоғарғы нәтижесі үшін ІІІ дәрежелі дипломмен, сертификатпен марапатталдым. Республикалық физика-математика мектебі STEM мұғалімдерге арналған «Fizmat STEM Training» оқу әдістемелік тренингіне қатысқаны үшін сертификатқа ие болдым. Қазіргі күні мектебімізде нысаналы сыныптарда физикамен бірге, информатика, биология, химия пәндері де ағылшын тілінде оқытылып жүр, әріптестеріммен бірге командалық нәтижелерге жетіп, қуанған үстіне қуана түсудеміз. Жаһандық өзгерістерге бейімделе алатын мұғалім етіп қалыптастырған осы басы қиын басталған шығармашылығымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ деуге болады.

Келесі екі шығармашылық бұтағы білім мазмұнындағы жаңалықтар мен оқытудың заманауи технологияларын бірге қарастырғым келеді. Себебі бұл екеуі бір таудан ағып жатқан қос бұлақтай. Физика пәнін ағылшын тілінде оқытумен тұспа – тұс келген тағы бір жаңарту білім мазмұнының түбегейлі жаңаруы еді. Дәстүрлі бағдарлама мен бағалаудың өзгеруі алғашында барлық ұстаздың да жанына жақын бола кетті деу қиынырақ. Дегенмен, қиындықты еңсеру керек еді. Сол кезде ұйымдастырылған курстар демнің арасында -ақ толқыған көңілдердегі өрекпулерді су сепкендей басты. Мен де 05.07.2018 күні ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде физика пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курсты тәмамдадым. Оған қоса 08.01.2020 күні «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген ҚР-ың жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша каникулдық мектеп шеңберіндегі семинарға қатысып, сертификат алдым. Сабақты бірлесіп жоспарлау деген де біз үшін жаңалық болып енгенін жасырмаймын. Алғашында «мен неге өз сабағымды біреумен бірге жоспарлауым керек?» деген ойда болғанымды қазір күле отырып еске аламын. Бірлесіп сабақты жоспарлауды үйрену мақсатында 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Сабақты зерттеу «Lesson Study» : Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» ІІІ қалалық ғылыми –практикалық конференциясына қатысып, сабақты зерттеудің мектептердегі тәжірибесімен таныстым. Өзімнің авторлық әзірленімдерімді даярлауды үйрену мақсатында 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған республикалық «Аят» ғылыми – әдістемелік қолдау көрсету орталығының «Авторлық жұмысты дайындаудың ғылыми –әдістемелік негіздері» тақырыбындағы оқу семинарында біліктілігін арттырғаным үшін сертификат алдым. Осы курстан кейін қалалық ғылыми кеңеске «Физиканы ағылшын тілінде оқытуға арналған» авторлық жұмысымды дайындап ұсындым.

Осылайша әркез ізденіс үстінде жүрген мұғалімге жаңалық өзінен – өзі келетіндей көрінеді кейде! Мектеп әкімшілігінің ұсынысымен 2019 жылы ҚР ҰКП «Атамекен» Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша оқу курсынан өттім. Қазіргі күні 10-11 сынып оқушыларына кәсіпкерлік пен бизнестің қыр- сырын үйрете отырып, заман талаптарына сай әр мұғалімнің де бір – бір өз кәсібі болғаны дұрыс екеніне көз жеткізіп келемін. Осылайша еліміздің экономикасын өркендетуге өз үлесімізді қоса алсақ деген жақсы ниетім бар. Осы идеяларымды сіңіре алған оқушыларыммен бірге 2021 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика» факультеті «Қаржы» кафедрасы ұйымдастырған Оқушылардың Қалалық қашықтық олимпиадасын ұйымдастыруға қосқан үлесіміз үшін алғыс хатпен марапатталдық.

Үшінші айрықша айтар салам – қазіргі кездегі қашықтан оқыту. 2019 жылдың наурыз айында басталған карантиндік шаралар, әсіресе, білім беру жүйесіне айтарлықтай өзгеріс алып келгенін қалай ұмытайық?! Шынымды айтсам, бір жағынан, денсаулықты сақтау шаралары, екінші жағынан, оқытудың мүлдем жаңа арнаға ауысуы мұғалімдерді ғана емес, оқушылар мен ата - аналар қауымын да біраз әбігерге салғаны әлі есімде. Бір дағдарыстың бір жақсылық әкелетіні бар емес пе?! Сондай ғаламат өзгеріс оқытудың қашықтан оқыту форматы аясында орын алды. Әріптестеріммен бірге мен де біраз өзгерістердің басы – қасында болдым, жаңаны үйренуге тағы да білек сыбанып кірісіп кеттім. Сол үшін 2020 жылында ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту аясында «OnlineMektep арқылы қашықтықтан оқытуды -ұйымдастыру» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша онлайн-курсқа қатыстым. Сол кезде қашықтықтан оқыту мен онлайн білім берудің талай қызық та күрделі мәселелерімен таныстым және әріптестеріммен бірлесіп шешу жолдарын қарастыра бастадым. «ONLINEMEKTEP арқылы қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?» деген онлайн-курс осы ретте жақсы ой салғанын айта кеткім келеді. Себебі дәстүрлі оқыту мен онлайн оқыту арасында болып тұратын айырмашылықты сезіне отырып, жаңа технологияны меңгеру мен оқушылардың өз бетінше оқу әрекетін ұйымдастыру үшін үлкен ізденіс керектігін бәріміз де түсінген болатынбыз.

Шынын айтқанда, «компьютер мен смартфонның арғы жағында отырған оқушының не ойлап отырғанын қалай білсем болады?» деген сұрақтан туындайтын көп түйткілдің кілтін алғашында іздеп таба алмаймыз-ау деген қорқыныштың болғанын мойындаймын. Дегенмен іздену арқылы, мектептегі әріптестеріммен бірлесіп жоспарлау мен сабақты зерттеу үдерісі арқасында тіпті оқу әрекетінде ілгерілеушілікті байқай түстік, одан әрі ынталанып, тіпті оқушыларды түрлі сайыстарға қатыстыра бастадық. Мысалы, 2020 жылы Daryn-online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп ұстаздарға арнап ұйымдастырған республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, физика пәні бойынша ІІ дәрежелі жүлдегер атанып, диплом және сертификатқа ие болдым. Осы жеңіс мені әрі қарай шабыттандыра түсті. Осылайша 2020 жылдың желтоқсан айында өткізілген республикалық «ФИЗИКА» Блиц-турнирінің 1- орын жеңімпазы болдым. Осы турнирден алған І дәрежелі дипломым өзіме ғана емес, қасымдағы әріптестерім мен оқушыларыма да келер күнге деген сенімділік сыйлағандай болғанын атап айтқым келеді! 2020 жылғы ақпанда өткен Үш күндік «Online МҰҒАЛІМ» марафонының сертификаты; 2020 сәуірдегі www.edulife.Республикалық қашықтық олимпиада сайты физика пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадаға қатысқаным үшін берілген сертификат арқылы тағы да табысқа ұмтыла түстім. Үйренгенім мен тәжірибемді қоса отырып, «Қашықтықтан оқып үйренемін» атты республикалық курста 2020 жылы тамызда үздік сертификатқа ие болғанымды мақтанышпен айта аламын. 2020 жылы 6 тамызда «Мектептегі ғылым: жүйелік тәсіл» атты тікелей эфирге «Физика сабақтарында оқушылардың жүйелі ойлау дағдыларын қалыптастыру» деген тақырыптағы баяндамасымен тікелей эфирге қатысқаным үшін Global САПА оқу орталығының Сертификатымен марапатталдым. ҚР білім беру саласындағы шығармашыл, тәжірибелі ұстаздық еңбегім үшін «Шебер педагог» төсбелгісімен марапатталдым І дәрежелі дипломмен, алғыс хатпен марапатталдым. 2019 жылы мамыр айында Республикалық «Тіл, өнер & білім» орталығы ұйымдастырған шығармашылық байқауда І дәрежелі дипломмен марапатталып, орталық директорының Алғыс хаты мен «Шебер педагог» номинациясына ие болдым. Оқушыларымыз да қашықтан оқыту кезіндегі шектеулерге қарамастан, онлайн олимпиадаларға қатысып бақ сынауға болатынын түсінді. Олар да жетістікке жетуге оқыту форматы еш кедергі еместігін түсінді. Осылайша, 2019 жылы «Жас зерттеуші» атты 7-11 сынып оқушылары арасындағы Х Республикалық зерттеу жұмыстары сайысында 7- сынып оқушысы Қожағаппарова Айгерім жоғарғы жетістікке қол жеткізіп, 1 – дәрежелі дипломмен марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың ақпан айында өткен республикалық олипиаданың 2- аудандық кезеңінде физика пәні бойынша қатысқаны үшін 8 -сынып оқушысы Нұрбердиев Асылхан серитификатпен және 2- дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал 2020 жылғы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ұйымдастырған Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсы қалалық кезеңінің «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» секциясында жеткен жетістіктері үшін 8 - сынып оқушысы Пазылбек Санжар екеуміз грамотамен марапатталадық.

Иә, әрбір жеңістің артында үлкен еңбек тұратынын айта отырып, бастысы өзімізді болашаққа және өзіңнің сүйікті ісіңе деген жарқын ойға сендіре алу басты қару ма деп ойлағаным рас сол сәттерде! Оқушылар мен ата - аналар тарапынан туындаған оқушыларымыз білімсіз қала ма деген үрей мен онлайн оқудың сапасына деген сенімсіздіктің бұлтын осылайша серпілте аламыз деген болар едім. Егер сабақ әлі күнге оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс -әрекеті болып қалса, «Бірлесіп пішкен тон келте болмаса» керек. Әр мұғалім өз шәкірті мен оның ата – анасының жүзі не сөзіндегі сенімсіздік пен үмітсіздікті, көңілсіздік пен тоқырауды дер кезінде аңғарар болса және ең бастысы сондай күйге түсірмейтін сиқырлы таяқшаға ие болса, білімді оқушы мен болашағына сенімді ұрпақтарымыздың саны күн сайын артқан үстіне арта түсер еді! Мен барлық әріптестеріме сондай позитивке толы көңіл күйде болуды міндеттер едім! Қазіргі карантин шараларынан, қашықтан оқыту мен күнде өзгеріске ұшырап жатқан жаһандық үдерістерге тез бейімделу үшін де бізге , ең алдымен, ішкі уәжіміздің үнемі жоғары белсенділікте болуы қажет деп ойлаймын. Себебі «Мұғалім – мектептің жүрегі», жүрек әлсіз соқпауы тиіс.

Осылайша, өзімнің шығармашылық мәдениетімді арттыруға себеп болған басты кезеңдерге тоқтала отырып, оқытудағы тәжірибеме қысқаша шолу жасадым. Сонымен бірге әр жылдары әртүрлі басылым бетінде жарияланған мақалалар мен авторлық әзірленімдерде осы айтылған шығармашылық мәдениет пен оқытудағы тәжірибемді жарыққа шығаруды мақсат тұттым. 2018 жылы Алматы қаласынан шығарылған «Мәнгілік ел ұстаздары» ІІІ Республикалық тәжірибелі, білікті білім саласының үздік қызметкерлерінің аналогиясы» журналына мақала жариялаған едім. Онда физика пәнін оқыту мен жалпы ұстаздық қызметімдегі кейбір ойтолғауларымды жинақтап едім. Ал одан кейін 2019-2020 жылдары жарияланған басылымдардың бәрінде дерлік физика пәніне қатысты өзекті тақырыптар қамтылды деуге болады. Мәселен, «Энергия және энергия көздері» авторлық бағдарламам республикалық деңгейде жарияланды. Ал «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында «Магниттік өрістің биологиялық объектілерге физикалық әсері» оқу әдістемелік материялым жарияланды. Сол сияқты «Зияткерлік қоғам» журналында «Атомдардың құрылысы. Электрон. Элементар заряд» әдістемелік көмек ретінде сабақ жоспарын жарияладым. Ал жалпы әдістеме бойынша «ХХІ ғасырдағы білім берудің әдіс –тәсілдері: теория, практика» атты Республикалық ғылыми конференцияда жарияланған жұмысым үздік деп танылды. Сонымен қатар «Зияткерлік қоғам» журналының да алғыс хатымен марапатталдым. «Қазіргі білім беру сапасының өзекті мәселелері: теория, әдістеме, тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалы 2020 жылы жинаққа енгізілді. . Физика мен биология пәндерін оқыту үрдісінде ақпараттық-технологияларды қолдану мәселелері атты мақала жарияланды.

Басылым бетіне мұғалім көбіне мақала жариялай бермейтіні анық, ал егер осындай ұқыптылықты қажет ететін шығармашылықты өзіне серік етер болса, кез келген мұғалімнің алтын сандығынан небір зерттеулер мен бастамаларды көрер едік. Сондықтан алтын сандығымызды бір ақтаруға мүмкіндік беріп отыратын осындай байқаулардың жиі болғанын қолдап, ұйымдастырушыларға алғыс, қатысушыларға сәттілік, өзіме жеңісті сәттер тілеймін!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!