Материалдар / Эссе "Оқушыны тәрбиелеудегі халықтың ақыл-ой тағылымдарының маңызы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе "Оқушыны тәрбиелеудегі халықтың ақыл-ой тағылымдарының маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2024
29
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Оқушыны тәрбиелеудегі халықтың ақыл-ой тағылымдарының маңызы"

(Эссе)

Халықтың бала тәрбиесіне қатынасты бай рухани мұраларының бірі - халықтық тәрбие. Адамзат бала тәрбиесімен көне заманнан бастап айналысқан. Балаға жастай мақсатты, жүйелі сырттай ықпал ету арқылы ғана оның дамуын жетілдіріп, ертеңгі өмірге пайдалы етіп қалыптастыруға болады деп есептеген. Тәрбиені баланың адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, дене күш жағынан тез, шапшаң, жан-жақты дамытудың бірден-бір құралы деп қараған. Қазақ халқы осы негізде небір дүлдүлдердің үні қалған қасиетті далада жаны жайсаң, көңілі мәрт, өскелең өрімталдай ұл-қыз тәрбиелеген. Өткен заманда Тазша бала, он үш жастан билік айтқан Қазыбек би тұрса, бүгін ХХІ ғасырда ғылымға ұмтылған зерделі де дарынды, егеменді елдің жас ұрпағы тұр.

Халқымыз сонау заманның өзінде "Адамға қонған бақыттың ең үлкені - ақыл" деп түсінген. Дана халқымыз талай таланттар мен даналарды дүниеге әкелген. "Ақыл - жастан, асыл - тастан" дей отырып, бала бойына жастай даналық пен дарындылықты дамытуды тәрбиенің ең басты мұраларының бірі -деп түсінген. "Бай болып, барша мұратына жетуде" адам үшін "Ақыл азбайды, білім тозбайды", "Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді", "Ақыл адам ойының ажары", "Ақылды көпшіл келеді , надан кекшіл келеді", "Ақымақтың ақылы білегінде, ақылдының ақылы жүрегінде" дей отырып, қазақ ақылдылық адам үшін баға жетпес қазына деп білген. Сондықтан халқымыз баланың жастай ақыл-ойының дамуына тікелей ықпал ететін, ең бай рухани қазынамыз ауыз әдебиетінде аңыздар, ертегілер, жаңылтпаштар, ойын жұмбақ, өтірік өлеңдер, жырлар сияқты бай тәрбиелік дүниелер туғызды. Оны үнемі жетілдіріп, дамытып, байытып отырды. Бір жағынан, жалпы халық болып арнайы мақсатта жүргізілген тәрбиелік жұмыстар, екінші жағынан, күнделікті өмірдегі қолайлы тәрбиелік ахуал баланың ақыл-ой жағынан жетілуіне итермелейтін зор күш болды.

Одан әрі әдет-ғұрыптардан да, өнердің де, ұлттық ойындардың да балаға тікелей әсер ететін тәрбиелік ықпалдардың мол екендігін көруімізге болады. Жас ұрпақтың ойлау логикасын, оның көрінісі тілді дамытудағы халықтық тәрбиенің мәні ерекше. Қазақ "екі ауыз сөзбен ердің құнын бітіретін" тіл мен ойдың дамуының ең жоғарғы "қысқа да нұсқа" сөйлеу дәрежесіне жетті. Қара сөзден кілем тоқыды.

Адам бойындағы ең басты құндылықтар - жас ұрпақ бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыруға да ерекше мән береді. Әсіресе, халықтық тәрбиеде елге, туған жерге деген сүйіспеншілік, еңбекқорлық, қайырымдылық, әділдік, арлы болу сияқты сапаларды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбиелік дүниелер бірінші кезекте келіп отырады.

Ақыл-ойы, адамгершілігі жоғары дамыған дарынды жас ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәжірибеге негізделген тәрбиенің орны ерекше. Соның негізінде халық өзінің біртұтастығын сақтап, байтақ өңірді алып жатқан өзен-көлін, жазиралы даласын қорғап, өркениетті дамуын қамтамасыз етті.

Бүгінгі алда тұрған міндет, тарихи қалыптасқан халықтық тәрбиенің атқарған қызметін жан-жақты ашып қою ғана емес, оның бүгінгі жас ұрпақтың ақыл-ой, небір адамгершілік сапаларының тәрбиесіне қатынасты баға жетпес тұстарын ала білу үшін:

- баланың тілін, қиялын, ойын, есін, адамдық құндылықтарын дамытудағы халықтық тәрбиесінің мәнін терең аша отырып, оны бүгінгі өмірде қолданудың бірыңғай педагогикалық жүйесін қалыптастыру;

- мектепте оқытылатын бай ауыз әдебиетіміздің жас ұрпақ тәрбиесіндегі тәрбиелік мәнін жете пайдалана білуіміз керек.

Қазіргі таңда халқымыхдың рухани мұрасын тануда кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазір көптеген ғылыми еңбектер жазылып, ғылыми-зерттеу орталықтары құрылып, қазақ халқының тарихи қалыптасқан тәрбиелік жүйесі жан-жақты зерттелуде.

Бірақ бүгінгі педагогика ғылымының даму деңгейі тұрғысынан алып қарағанда, халықтық тәрбиенің ғылыми негізі, қазақ халқының әлеуметтік дамуында алған орнын және бүгінгі тәрбиедегі атқарар қызметі айқындалып бір жүйеге келе қойған жоқ.

Халықтық тәрбиеге қатынасты, біздіңше, ең басты проблема - оның қоғам дамуындағы, жас ұрпақ тәрбиесіндегі әлеуметтік атқарған орнын айқындау.

Бірыңғай қоғамдық ағарту жүйесі қалыптасып, қоғамдағы тәрбиенің әлеуметтік негізгі қызметі - аға ұрпақтың жинақтаған білім-тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беру, сөйтіп оны ертеңгі өмірге әзірлеу жүзеге асқанға дейін ол міндетті толықтай халықтық тәрбие атқарған. Санқилы тарихи жағдайларды басынан кешіріп отырған халықтың саяси-әлеуметтік жағдайы халық тәрбиесінің алдына небір күрделі міндеттер қойған. Оның ең бастысы - кең байтақ қазақ жерін, елін сақтап қалуға қабілетті жастар тәрбиелеп өсіру болатын-ды. Халықтық тәрбие міне, осындай тарихи міндетті атқаруға қызмет етті. "Сегіз қырлы, бір сырлы" адам тәрбиелеудегі халықтық тәрбиенің жүйесінде - жас ұрпақты ақыл-ой, адамгершілік, дене-күш жағынан және сұлулыққа тәрбиелеу бағыттары айқын көрінеді. Осының ішінде, жас ұрпақты ақыл-ой жағынан дамытудағы, елдің елдігін сақтар дарынды ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық тәрбиенің дәрежесі ерекше, мазмұнды, жүйелі.

Толықтай алғанда, халықтық тәрбие - ағарту жүйесі дамыған отырықшы елдерден бірде-бір кем емес, тіпті кейбір қырларынан одан асып түсіп жатқан, жан-жақты жетілген дарынды жас ұрпағымызды қалыптастыра білген, біртұтас тәрбиелік жүйе. Алда оның мазмұнын да, оны жүзеге асырған әдістер мен амалдарды терең зерттей отырып, халықтық тәрбиенің әлеуметтік дамуымыздағы мәнін жан-жақты аша түсу міндеті тұр. Ал ең бастысы, сол арқылы Қазақстанда мектеп жүйесі дамығанға дейін-ақ, халқымыздың қай-қай жағынан да даму дәрежесі ешкімнен кем емес, өз заманының талабына сай тәрбие жүйесінің болғанын дәлелдей білуіміз, оны басқа жұртқа таныта білуіміз қажет.

Менің пікірімше, халықтық тәрбиеге байланысты келесі бір үлкен мәселе - оның бүгінгі күнгі тәрбиеге қатынасы жөнінде. Қазіргі таңда, халықтық тәрбиенің бай, жан-жақты жүйесін, тәрбиедегі қол жеткен дәрежесіне қарай отырып, оны толықтай жаңғыртып, бүгінгі тәрбиеде қолдануға тырысушылық байқалады. Мектептегі оқу-тәрбие процесін халықтың әдет-ғұрпын танып білуге негіздеу, жоғары сынып оқушыларына ұлттық салт-дәстүрлерді, халықтық тәрбиені өз алдына пән ретінде немесе факультативті сабақ ретінде оқулықтары мен оларды оқыту бағдарламалары жасақталып, әр мектепте осы сабақтар өткізілсе, оқушыны тәрбиелеудегі халықтық ақыл-ой тағылымдары шарықтай түсер еді.

Қорыта айтқанда, егеменді еліміздің болашағы - білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Әр сынып сағаттарында сынып жетекшілер халықтық тәрбиені бүгінгі заманға сай халқымыздың өзіне тән рухани ерекшеліктерін сақтай отырып дамуына негіз бола алатын тұстарын жетілдіре білуіміз керек. Қазақ халқын өзге халықтан ерекшелеп тұратын ақыл-ой, адамгершілік, сондай-ақ басқа да сапалық жақтарының қалыптасып жетілуіне көмектесу - оның басты бағыты болуы тиіс. Айталық, оған халқымыздың адамға деген қамқорлық, мейірімділік, кішіпейілділік, елін-жерін сүю сияқты адамшершілік қырларын; еңбекке қатынасты - еңбек сүйгіштікпен төзімділікті; ақыл-интеллектуалдық, эстетикалық бағытта - даналық пен шешендікті және өнерге деген құштарлықты жатқызуға болар еді. Бұл бағытта балалардың мектепке дейін және бастауыш сыныптарда бай ауыз әдебиетіміздің туындыларымен сусындап өсуіне, баланың отбасында бүгінгі заманымызға сай әдет-ғұрыптардың, түрлі адамгершілік-этикалық нормаларды қатаң сақтауына ерекше көңіл бөлуіміз қажет.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!