Эссе «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік тәрбиесі».

Тақырып бойынша 21 материал табылды

Эссе «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік тәрбиесі».

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық жолын таңдаған педагогтарға, жас мамандарға, студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік тәрбиесі».

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.

©Абай Құнанбайұлы

Ұстаз – ұлы тұлға. Ұстазды ұлы ететін өзі емес, шәкірті. Ұстаз атына лайық болғысы келетін кез-келген педагог өлшеусіз еңбек етудің нәтижесінде ғана оған қол жеткізе алатынын түсінеді. Ал қазіргі таңда мұғалімге қойылатын талаптар тіптен жоғары. Білімді, жан-жақты, тапқыр, ойшыл керек кезде өнерлі де бола білуі керек. Ең бастысы шәкіртке деген махаббатың болмаса өзіңді педагог санау әбестік болар еді. Сократтың «Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек» деген сөзі әр педагогтың жүрегіне алтын әріппен зерленіп, жадында ұдайы жаңғырып тұрса әлемде бұзық, сотқар оқушы болмас еді. Әлемге жаңашыл көзқараспен қарап тек ізгіліке ұмтылатын ұстаз ғана ұрпаққа өнеге бола алады. Жоғарыда айтылғандай ұлы ұстаз болудың жолы оңай емесі хақ. Бұл өз кезегінде өзін-өзі тану рухани-адамгершілік тәрбиенің мектеп бағдарламасындағы орнын айшықтай түседі.

Рухани - адамгершілік тәрбие баланы мейірімділікке, әдептілікке, отаншылдыққа, өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін - өзі жетілдіруге, табиғатты сүюге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге үйретеді.

Осы қасиеттерді үйрететін пән мұғалімі балаларға жылы жүзбен қарайтын, мейірімді, адамгершілігі мол, балаларды баурап алатындай маман болуы керек. Сонда ғана бала жүрегі мейірге толып, осы пәнді сүйіп, өмірге деген қызығушылығын танытып, айналасындағылармен жан жылуын бөлісе алады.

Міне осындай үйлесімділік болған жағдайда бізден үлгі алатын, жан - жағына мейіріммен қарайтын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азаматты тәрбиелей аламыз. Баланы жан - жақты дамытуға, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдайтын, жалпы адамзаттық құндылықтарға ие бола алатын ұрпақты тәрбиелеуге ат салысқанымыз артық болмас. Қазіргі кезде қоғамда жоғалып бара жатқан адамдар арасындағы сыйластық, мейірімділік, сүйіспеншілік, татулық, бірлік, бірін - бірі кешіре білу, төзімділік сынды құнды қасиеттерімізді толықтай жоғалтып алмас үшін келешегімізді ойлайтын болсақ, жас ұрпаққа жақсы істер атқарып, үлгі көрсете білуіміз керек.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2021
786
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі