Материалдар / Эссе "Патриот болу-жүректегі Қазақстанмен өмір сүру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Патриот болу-жүректегі Қазақстанмен өмір сүру"

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе жазуда көмек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
1600
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәйділда Камшат Жұматайқызы

А.Нұрманов орта мектебі, 11-сынып

Қостанай облысы, Амангелді ауданы

Мұғалім: Каласова Гулбарам Дуйсеновна



«Патриот болу-жүректегі Қазақстанмен өмір сүру»

Патриот болу. Ең алдымен, сөздің шыңын тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастауды жөн көріп тұрмын. «Еңбек еткен адам ғана патриот. Жалқаулар патриот бола алмайды. Өйткені, патриот деген ұлы ұғым. Отанды сүю рәміздерден басталады. Мәселен, Мемлекеттік ту. Әлемдік тарихқа көз жіберсек, бір тудың астына жиналған әрбір халықтың өз елін қорғағанын немесе елінің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін шайқастарға шыққанын көреміз. Елтаңба ортақ үйіміздің символын білдіреді-бұл бейбітшілік пен туған жерді қауіп-қатерден қорғаудың ежелгі үлгісі. Патриотизмді ұлтшылдықпен шатастыруға болмайды. Патриот-өз елін сүйетін, өзге мемлекеттерге құрметпен қарайтын адам. Екінші дүниежүзілік соғыстың қасіретті тәжірибесі патриотизмнен ұлтшылдыққа өтудің қауіпті екенін,сондай-ақ өзге халықты кемсітпей,өз еліңді сүю қажеттігін нақты көрсетіп берді. Осындай бағдармен өмір сүру қажет». Шынында патриот ұғымы-терең мағынаға ие. Адам баласы, менің ойымша,«патриот қалай боламын,ол үшін не істеп жүрмін»деген сауалдарға жауап беруі қажет...Ең алдымен қазақ елінің, қазақ екенін айғақтайтын-ұлттық тілімізге мән беруіміз қажет.«Тіл-ұлттың жаны» дейді ғой. Расында, өз тілінде еркін сөйлей алатын ,өзге тілге де құрметпен қарайтын, ұлттық тілін дәріптейтін, тілдің тазалығын, құндылығын, амандығын ойлайтын адам-патриот азаматтың бойына жиналатын ұғымның бірі. Екіншіден, өз елін,ұлтын сыйлау, жаңару мен өркендеуден тыс қалмаған, «ащы» болсын әділдікті жеткізетін, өз ойын еркін білдіретін, байлығын сүйетін, ел қамқоршысына айналған тұлға да-патриотизм ұғымының маңызды өзегі.Үшіншіден, байырғы ата-бабаларымыз қалдырған әдет-ғұрып, салт-сананы жоғалтпау, өнегелі тәрбие мен қонақжайлылық, жылы шырай, мәдениеттілік пен қадір-қасиет,сүйіспеншілік, мақтаныш сезім-нағыз патриот болуға деген басты қадам.

Мен-өз елімнің патриотымын. Себебі,туған жерімді,Отанымды сүйемін. Қазақстан мемлекет болып қалыптасқанына қатты қуанамын және тәуелсіз өмір сүріп жатқаныма мақтанамын. Өз еліңді сүю-құрғақ сезім емес.Оның жолында құрбан болу,өнімді еңбек ету,қоғамға пайдалы іс тындыру екенін сезіну екінің бірінің қолынан келе бермейді.

«Болдым ғашық туған дала,мен саған,

Алыс жүрсем,арманым сен аңсаған.

Жақын жүрсем,мен төріңде рахаттың,

Алтын діңгек-өзім туған босағам!» -деп осы тұста Қасым атамыздың өлеңінен ой тастамасқа болмады. «Отанды сүю-иманнан»деген. Жүрегінде иманы бар адамның ары да,қолы да таза,елі мен жері үшін аянбай адал қызмет етеді.Мен-келешек өскелең ұрпақпын. Қазақстан халқының болашағы,тірегі мен үміт күтер азаматшасымын. Мен өзімнің ойымша,11 жыл бойы оқып, патриот деген ұғымды түсіндім.Туған халыққа қанішерлікпен қарамай,еңбек етуді, азаттық жолында адал жолмен жүруді бойға сіңірдім. Иә,мен егемен, дербес мемлекетте туғаныма қатты қуанамын.Осы елде қанат жайып,маман иесі атану болашақтағы басты мұратым.Ол үшін,әр күн сайын дамып,жетістіктерге жетудемін.Кез келген адам бірден ақылға шомылып,жаңғырып жатпайды.Ол адамның мұқияттылығы мен әр басқан сатысында,ойлау қабілеттілігі мен ізденісінде...«Болар бала жасынан»демекші, маған рух беретін-патриотизм қолдауы.Қазіргі заман талабы жылдан-жылға өсуде.Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев –«Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай үлгісінде оқу,жаңғыру жайлы сөз қозғаған болатын.Бұндағы басты мақсат-еліміздің іргесін кеңейту,ұлт ретінде даму.Еркін елде өскен әрбір азаматтың осындай еңселі ойлар арқылы рухы биік болуы тиіс-ті. Қазақстан халқының жоғарыда айтқандай,ел болып қалыптасуы-жастардың қолында. Ал,әрбір үлгілі,намысшыл әрі өжет,өршіл,отаншыл жастан-нағыз патриот азамат шығады.Нағыз патриот-өз елін мақтайтын емес,нағыз патриот кемшіліктерді байқап,олардың ақ-қарасын жіктейтін,түзетуге ықпалдасатындар.

Қорытындылайтын болсам, патриот-ең керекті ұғым,бас байлығын емес,халықтың жай-күйін ойлайтындар,еліне деген ыстық сезімі алаулап тұрған тұлғалар. Батыр атамыз Б.Момышұлы:«Патриотимзм дегенміз-әке-шешеңді құрметтей білу,ауыл-аймағыңды ардақтай білуің,өз ұлтыңды сүюің,ана тіліңді ардақтауың,өз халқыңның өткен жолы мен тарихын құрметтеп,оған тіл тигізбеуің мен өз Отаныңды жаудан қорғауың» -деп ұрпаққа өнегелі өсиет айтып кеткен. Эссемнің соңын өзім шығарған өлеңмен аяқтасам деймін:

Азаттықтың арайланған таңында,

Қазақ елін мақтан етпеу таным ба?

Не себепті сыртқа тебу керекпін,

Отан- Ана, туған елім жанымда.

Қазақ елім өз тұғырын көтерді,

Кең даламда егемендік төселді.

Құдай берді, тұрмысымды түзеткен,

Ұлы тұлға, Елбасындай көсемді.

91-де ел-жұртымыз кенелді,

Тәуелсіз ел атауын да иеленді.

Бүгін міне керегеміз кеңейсе,

Мен- патриотпын, мақтаныштың себебі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!