Эссе "Педагогикалық шеберлік"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Педагогикалық шеберлік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық шеберлік және оның ұстаздың кәсіби дамуына әсері
Материалдың қысқаша нұсқасы



ЭССЕ

Педагогикалық шеберлік


«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім» - деп, Әл-Фараби бабамыз айтқандай еліміздің өсіп, өркендеуі білімді, талантты ұрпақтың қолында. 

Қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогигалық технологияларды меңгеру. Оқыту процесінде пайдаланып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін қалыптастыру және білімін кеңейту, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады.

Өзіме ұстаз болған ұлы ұстаз Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы бізге әрдайым «..сендер сыныпқа келгенде құр оқып кетпей, бір нәрсе болсын ойланып, жауабын таппай үйден соның жауабын табуға талпынып келсең бұл сені дамытады » .Оқушы құр келмей, бірдеңені ойлап сұрап, үйге ойланып кетуі керек дейтін. , - деп айтатын. Оқушы кезімде бұл сөздердің астарына аса мән бермеппін. Бүгінгі күнде өзім мұғалім болғанда бұл сөздердің не үшін айтылғанын өзім сезінгендеймін. Шынымен де оқушы мектептен шыққанда санасында сұрақ тұрақ туруы керек секілді.Бұл оқушыны тек мектеп бағдарламасын меңгерту турасында емес, оның тұлға ретінде сыни ойлауына , анализдік қабілетін , жеке көзқарасын дамыту барысында маңызды рөл атқарады.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қазақтың Қанипасы атанған ұстаз Қанипа Бітібаеваның “Ой тастау, ойланту, ойлау” технологиясын өз сабақтарымда элементтерін пайдалануға тырысамын. Өзім білім алған ұстаздың технологиясын бастауыш білім беру бағдарламасында қолдану мен үшін тың тәжірбие. Мектеп қабырғасында Қанипа Бітібаева сабағында мүлтідей тынып, әр сөзін ертегіше ұйып тыңдайтын едік. Ендігі ұстаздық мақсатым тек жақсы ұстаз болу ғана емес, әр оқушы жеке тұлға бола алатындай саналы оқушы тәрбиелеу.

Педагогикалық шеберлік бірден адам бойында қалыптасатын қабілет деп ойламаймын. Өзім ұстаздық еткен аздаған жылдарда өте көп педагогикалық, тәрбиелік жағынан түрлі сындардан өттім десе де болады.Осы уақыт аралығында өзімнің ұстаздық тәжірбиемде жіберген шикілік, қателіктер ғана педагог ретінде шыңдай түсті деп санаймын.Және осындай қиын да сынға ьолы жолдан өту арқылы әр шәкірт тәрбиелеушінің өзі тәрбиеленеді деп санаймын.

Жаңа педагогикалық әдістер арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады.

Егеменді еліміздің көк байрағын көкке көтеретін жерін, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу, әрбір ұстаздың алдында тұрған зор міндет. 

Қорыта айтқанда жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар ұрпағын білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығару оқытушылар алдындағы міндет болып табылады. Сондықтан қазіргі білім берудің ұлттық моделіне өту - оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игеруді қажет етеді. Жаңа инновациялық іс-әрекетпен қаруланған психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл оқытушы ғана мақсатқа жете алады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2024
267
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі