Президент-біздің көшбасшы
Тәуелсіздік деген не? Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Президент деген кім? Осы төңірегінде өз ойымды айтатын болсам,көшбасшы, елбасы, елді басқаратын адам, өнегелі, ақылды, саясаткер, білімді, көп тілді адам болуы керек және де адамдармен қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде болуы керек. Міне, біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш . Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев -1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Жасөспірім шағы Елбасымыз тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Еңбек жолын Қарағанды облысы, Теміртау қаласынан бастады. Теміртау қаласында Елбасымызға арналған Мұражай бар. Осы мұражайға еліміздің әр өңірден келіп, саяхат жасайды. Менің естуім бойынша тіпті, шет мемлекетіннен де келіп саяхат жасайды. 1990 жылғы 24 сәуірден бастап, біздің еліміздің бірлігін, бейбітшілігін, сақтап келе жатыр. Елімізде 1 желтоқсан -Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні болып саналады. Сол күнді біз асыға күтеміз.Сөзімді қорыта келгенде, Қазақстан елінің дамып жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға ˗ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Біздің президентіміз елімізге көп еңбек сіңірді. Елбасымызды халық әрдайым қолдап отырды. Әрине, Қазақстанның тәуелсіздік алу жолындағы түрлі қиындықтарға мойымай, қазақ халқының құлаған іргесін қайта көтеруге бар күшін жұмсады. Елбасымыздың осындай күш-жігерінің арқасында еліміз көп жетістіктерге жетіп жатыр. Еліміздің астанасы-Астана қаласын бүкіл әлемге паш етті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздік алып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Мен халқымның осындай үлгі тұтарлық тұлғасы бар екенін мақтан етемін. Елбасымыздың есімі тарихта алтын әріптермен жазылатынына мен кәміл сенемін.Қарағанды қаласы№137 негізгі орта мектебінің5 «А» сынып оқушысыТалғатқызы Гүлназ