400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Қазақ ән әлемінің падишасы -Роза Бағланова

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ ән әлемінің падишасы -Роза Бағланованың өмір жолын, өмір баянын көрсету. Оқушыларға Роза Бағланованын соғыс жалдарында корсеткен енбегі туралы үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақтың ән әлемінде атақ-даңқы әлемге жайылып, есімі белгілі болған тұлғалар баршылық. Солардың бірегейі, келер жылы «Қазақ деген халықтың еркесімін» [С. Меңдібай. Қазақ деген халықтың еркесімін,- деп, өзі айтқандай, Қазақстанның, Кеңес Одағының халық әртісі, Халық қаһарманы, қайталанбас ғажап дауыс иесі, ұлы әнші Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толу мерекесі кеңінен аталып өтпек.

Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter желісінде: «2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы. Майдан даласында ән салған Р. Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым» [Ұлттың үні Әнші Бағланованың батырлығы туралы,- деп жазғандай, бір жағынан, ұлы әншіге құрмет, тағзым ету болса, екіншіден, кейінгі ұрпаққа ой салу міндеті тұр.

Осы орайда, сыңғырлаған әсем әуенімен Роза Тәжібайқызы салған әндері халықтың құрметіне бөленуі, олардың рухын жігерлендіруі, оның «әнімен өрілген» репертуарларымен сабақтасып жатыр.

Біз, оқырман назарына Роза апамыздың ән әлемі жолындағы қысқа да, нұсқа төмендегі деректерімен шектеуді жөн көрдік.

Бағланова Роза Тәжібайқызы 1922 жылдың бірінші қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Әнші (сопрано), ҚазКСР – інің (1955) және КСРО (1967) халық әртісі, Халық Қаһарманы (1996), Тарлан сыйлығының иегері атақтарымен марапатталған. Қазақ әншілік мектебінің белгілі өкілдерінің бірі. Қызылорда педагогикалық институтында оқығаннан кейін, 1941 жылы Ташкент филармониясының ән – би ансамблінің әншісі болды.

1947 – 1949 жылдары ол Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының әншісі, қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында (Алматы), 1949 – 1960 жылдары Жамбыл атындағы республикалық филармониясының солисі болды. 1960 жылдан бастап «Қазақ концерттің» әнші – солисі, жетекші сахна шебері болып қызмет етті.

2011 жылы 8 – ақпанда 89 жасында КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы, қазақ өнерінің майталман күміс көмей әншісі Роза Тәжібайқызы Бағланова 90 жасқа қараған шағында дүние салды. [Қазақша реферат: Роза Бағланова Тәжібайқызы .

Қазақтың қайталанбас жезтаңдай әншісі Роза Тәжібайқызының 100-жылдық мерейтойы қарсаңында Р.Т. Бағланованың «Айналайын, халқымнан еркелеткен» [Бағланова Р. Айналайын, халқымнан еркелеткен. Қазақ сахнасының сәні, күміс көмей әншінің өмірі мен шығармашылығы хақында). (Әдеби өңдеп, оқырманға жеткізуші Ұ.Қ.Иманбай). – А.: «Ата мұра», 2007. – 112 б., 80-бет жапсырма., одан әрі-Бағланова Р.]атты ғұмырнамалық кітабынан және Ғаламтор беттерінде жарық көрген Роза апамыз туралы жазылған материалдар негізінде оның қазақтың ән әлемі тарихында қалдырған өшпес жолдарын әр қырынан қарастыруға болады. Соның бірі – айтылып та, жазылып та жүрген оның репертуарындағы әндерді қайта бір ой елегінен өткізе отырып, азаматтық қасиетіне де тоқталуды жөн көрдік.

Кешегі ел басына күн туған кезде, әрбір азамат ел қорғауға аттанып жатқанда, ал қыз-келіншектер, яғни өнер адамдары да қарап қалған жоқ. Соның бірі – 1941 жылдың қыркүйек айында Ташкент филармониясының қыз-келіншектерінен құрылған ансамбльдің майдан шептерінде әскерлерге өнер көрсету үшін аттанғаны және оның құрамында бас солист Роза Бағланова болғаны, тарихтан белгілі.

Сонау Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес жауынгерлеріне елдік пен ерліктің туын көтеріп, оқ пен оттың ортасында шырқаған Роза апамыздың патриоттық әндері бүгінгі Тәуелсіз Қазақ Армиясының сарбаздарының рухын жігерлендіретін патриоттық әндерімен жалғасып жатты…

Иә, қазақтың күміс көмей әншісі Роза Тәжібайқызының репертуарындағы әндерінің бір тобы – Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан жауынгерлерінің алдында шырқаған қазақ, өзбек, татар, орыс, тәжік, қырғыз, т.б. әндері.



Майдан даласын аралап, өнер көрсеткен жауынгер-әнші Роза апамыз өмір мен өлім үшін арпалысып жүрген әрбір кеңес жауынгерлеріне қазақ, орыс және өзге ұлт композиторлары шығармаларымен бірге, асқан талғампаздықпен қазақтың халық әндері «Жайдарман», «Қараторғай», «Айнамкөз», «Екі жирен», т.б. орындауы арқылы оларға туған ауылдың келбетін, ғашық жүректің лүпілін, ата-анаға деген сағынышын көз алдына елестете отырып, әрбір жауынгердің туған еліне «батыр» болып оралуына, қазақтың халық әні арқылы да рух-жігер бергені, тек ұлы әнші Розаның қолынан ғана келген еді.

Қазақ ән әлемінің падишасы Роза апамыз жоғарыда аталған «Жайдарман», «Қараторғай», «Айнамкөз», «Екі жирен», т.б. халық әндерін әжесінен үйренгенін алға тартып, бұл әндер менің әжемнің көзіндей, әлі репертуарымнан шыққан емес [Бағланова Р…],- деп еске алады. Бұл – Роза апамыздың майдан шебіндегі сан ұлтты жауынгерлердің алдында шырқаған қазақ әндерінің бір-парағы еді…



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.05.2022
733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі