Материалдар / Эссе "Қазақ тарихындағы кемеңгер тұлға"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Қазақ тарихындағы кемеңгер тұлға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
504
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақ тарихындағы кемеңгер тұлға

1 желтоқсан еліміз үшін елеулі оқиға. Оның өзіндік маңызы, салмағы бар. Қазақ елі осы күні Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Себебі, тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, жалпы қазақ халқы тәуелсіздікке оңай жеткен жоқ. Қазақ халқы аштықты да, қызыл қырғынды да, репрессияны да бастан өткізді. Бірақ осы қиын - қыстау кезеңдердің бәрінде қазақ қазақтығын, елдігін көрсетті. Кеуделерін тік ұстап, болашаққа нық қадам басты. Қарсы келген дұшпанға айтарлықтай тойтарыс бере алды. Тіпті өзі қырылып қалса да дұшпанға берілмеді, ар - намысты таптатқызбады. Міне, сондай қиын-қыстау замандардан өтіп, осы азаттықтың ақ таңы атқан күндерге жетіп отырмыз. Н.Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында «Осы жылдарда маған көп нәрсені өз көзіммен көруге тура келді. Қауырт жұмысқа толы сол күндердің барша ауыртпалығы мен толқыныстарын, ұйқысыз түндерді санамалау да мүмкін емес. Мен тұтас мемлекеттердің тағдырына әсер ететін немесе күні бүгінге дейін ықпал-күшін бұрынғыша әлсіретпей ұстап келе жатқан саңлақ саясаткерлермен де, қазіргі әлемнің болмысына тікелей ықпалы бар шешімдер қабылдаған адамдармен де көп кездестім» деп есіне алады.
Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.
Бұлт артынан күн шыққандай, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарих сахнасына шықты. Қазақ ел бола алады екен! Қазақ бір көк Тудың астына жинала алады екен. Елбасымыз осыны бүкіл әлемге мойындата білді. Міне, содан бері тәуелсіздік туын шайқалтпай, берік ұстап, көк Бай­рағымыз әлемдік тулардың қасында қатар желбіреп тұр. Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев аз ғана жылдың ішінде бұрын-соңды болмаған мемлекет құрды. Мыңдаған жылдар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің туын көтерді. Әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты.

Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. «Мен туған халқымды сүйемін. Сондықтан ел көшін бастау маған сын. Береке-бірлік, тұтастық жұбымызды жазбаудың кепілі. Ал қазақстандық елжандылық пен бауырластық, ұлттар достығы бәрінен жоғары тұруға тиіс» деп береке-бірлікті, біртұтас мемлекет болудағы маңызды қадамынан елбасымыздың өз еліне деген махаббатына, Отанына деген адалдығына көз жеткіземіз. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылу Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасы. Елбасымыз ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасы іспеттес.

2019 жылы 19 наурызда Н.Назарбаев ҚР Президенті ретіндегі өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Осы уақыт барлық қазақтың көзіне жас келді. Сонша жыл елді бірлікте, ынтымақта ұстаған Елбасына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Ел үшін жасап жатқан еңбегінен жүрегінде жатқан халқына деген зор махаббатты аңғаруға болады. Елін сүйген Елбасымыз аман болсын!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!