Эссе. Қоғамдағы суицид мәселесін ашу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. Қоғамдағы суицид мәселесін ашу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе. Қоғамдағы суицид мәселесін ашу. Жастар арасында өзекті мәселе болып жатқан, өз-өзіне қол жұмсау туралы ой- толғау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қоғамдағы суицид мәселесін ашу.

Бұл өмір қисық жол ғой бұраңдаған,

Бақ тайса ерге қайта құралмаған,

Күніне мың бәлеге кез болсаң да,

Сонда да күдер үзбе бір Алладан.

«Қызыл жебе»

54 ЖББОМ мектеп директоры

Мамешова Ұлған Дүйсембайқызы

Сан ғасырлық өмір тарихы бар қазақ халқының басына не күн туды? Өзін- өзіне қол салу мәселесі бойынша, мұсылман мемлекеттердің ішінде алдыңғы орынға шығып кетуіміздің басты себебі не?

Уақыт доңғалағы бір орнында тұрмайтыны сияқты, сағаттың әрбір айналымда мың сан өзгерістер мен өзгертулер өмірімізге еніп, санамызды жаңартуда. Кеше ғана сымды телефонмен немесе хабар алу үшін сапар шегіп, талай жолды артқа тастап, арып ашып, бірін- бірі сағынып жолығатын адамдар үшін қоғамдағы соңғы жетістіктер, оп- оңай қол жеткізетін мүмкіндіктерге жол ашып берді. Алақандай ғана телефонмен бір сәтте дүние жүзін шолып шығу, ондағы қызылды- жасылды дүние еліктіріп өзіне тартуы мен шын өмірдің арасындағы айырмашылық адамдарды әсіресе жас өспірімдерді күйзеліске түсіріп отырған жоқ па? деген сұрақ санамда қылаң береді. Жастармен әңгімелессеңіз, барлығы байдың ерке тотайлары сияқты көрінгілері келетінін байқайсыз, ал шын мәніндегі тұрмыстарының арасында айырмашылық бар екенін ұстаз болған соң сезіп тұрасыз. Жастар өмірді қиялмен шатастырып алған сияқты. Олар мектепте өз қиялында керемет хан сарайында тұратындай сезімде жүреді де, үйіне келсе, қиялындағы отбасы жоқ, ертеңгі күнге нан ашытып, қолы тимей жатқан анасының жүдеу түрі, бала қиялының быт- шытын шығарып, күйзеліске түсіреді деп ойлаймын. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік барын жоққа шығара алмаймыз. Әлеуметтік теңсіздік тым алшақтап кеткені де жасырын емес. Табысты отбасының баласында менмендік, менсінбеушілік мінез көрініп тұрады. Жасөспірім шақтың ең бірінші жауы - әділетсіздік. Бала қандай да әділетсіздікке төзе алмайды, оның ішкі бақай есебі жоқ, ол эмоциясын тез білдіріп қояды. Әділдік таба алмаса ішкі күйзеліске түсіп, өз әлемінің жоспарларын құруға тырысады, ол ақысын өзінен алуға тырысады. Мұның арты қайғылы оқиғаларға ұласып жатады.

Бірде білімді отбасының үйіне бір затымды сұрауға бардым, отбасы мүшелерінің барлығы телефонға шұқшиған. Анасы телефоннан көзін зорға тайдырып, қызын жұмсады, қызы інісін жұмсады інісі көзін телефоннан көзін тайдырмаған күйі мен сұраған заттардың қасына барды да «ала беріңіз» -деді. Менің нені алып кетіп бара жатқанымда ешкімнің шаруасы болмады. Ол кезде әлі телефон деген әркімдерге қолжетімді кез емес еді. Үйге жеткенше қатты ойланып келдім. Отанасы, отағасы осындай тәрбие беріп отырған жанұядан қандай тәлім тәрбие болады деген ой мазалады. Қазіргі кезде дәл осы оқиғалар әр шаңырақта қайталанып отырғаны риясыз шындық. Оның үстіне жұмысбастылықты қосыңыз, қай кезде ана баласын мейірленіп сүйеді, әке баласын ер мінезге тәрбиелейді. Телефонға деген тәуелділік те отбасындағы ана мен бала, әке мен бала арасындағы мейірім мен махаббатқа кері әсерін тигізіп отыр деп ойлаймын. Ойымды қорыта келе, ащы да болса шындық, әлеуметтік теңсіздік тұрған жерде жастар арасындағы өз өзіне қол салу тиылмайды, екінші жүрекке иман келтіре отырып, жастарды білімге, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу керек, үшінші жастардың бос уақытын азайтып, қиялшылдықтан шынайы өмірге бейімдеу керек, ата-ананы құрметтемеген отбасыдан қоғамға яки өзіне жаны ашитын тұлға қалыптаспайтынын естен шығармаған жөн.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2021
856
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі