400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе, Рухани-адамгершілік тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани - адамгершілік тәрбие баланы мейірімділікке, әдептілікке, отаншылдыққа, өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін - өзі жетілдіруге, табиғатты сүюге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани-адамгершілік тәрбиесі

Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек,
тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы.
Әбу Насыр Әл - Фараби

Адамға ең әуелі білімнен бұрын тәрбиенің дұрыс меңгерілуін қалайтын ұстаздарымыздың Білім беру үрдісінде адамның үйлесімді даму міндеті тек әлемдік және ұлттық мәдениеттің үлгілерін құндылықты меңгеру арқылы ғана шешілетіні анық, өйткені тұлғаның бойында дүние танымдық және мінез - құлықтық бағдарламалардың қалыптасуы білім беру сапалы болғандығын білдіреді.

Қазіргі таңда осы мәселе, яғни келешек ұрпақтың адамгершілік рухани құндылықтарын дамыту арқылы білім беру мәселесі алға қойылып отыр. Және де осы орайда көптеген жұмыстар жргізіліп отыр.

«Өзін - өзі тану» пәнінің басты мақсаты - рухани-адамгершілік құндылықтарды негізге алатын, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді адамды тәрбиелеу. Тіпті Абай өз заманында былай деген екен: «Білім мен ақыл - ойды сақтайтын қойма - адамның мінезі. Білімді сақтайтын берік қойма болмаса, оқудан пайда болмас». Ал тәрбиенің негізі дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру.

Рухани - адамгершілік тәрбие баланы мейірімділікке, әдептілікке, отаншылдыққа, өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін - өзі жетілдіруге, табиғатты сүюге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге үйретеді.

Осы қасиеттерді үйрететін пән мұғалімі балаларға жылы жүзбен қарайтын, мейірімді, адамгершілігі мол, балаларды баурап алатындай маман болуы керек. Сонда ғана бала жүрегі мейірге толып, осы пәнді сүйіп, өмірге деген қызығушылығын танытып, айналасындағылармен жан жылуын бөлісе алады.

Осыған түрткі болатын «Өзін - өзі тану» пәнінің сабақтарында қолданылатын тәсілдер: әңгімелесу, шаттық шеңбері, тыныштық сәті, өзіммен - өзім, мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, жаңа ақпарат, түйіндеме, жағдаяттарды талдау, ой толғау, шығармашылық жұмыс, сахналау, сергіту сәті, ойындар, тренингтер, бейнефильмдерден үзінді көрсету, жүректен жүрекке т. б оқушының өзін, өзгені, айналасын тануына, өз бойына жан - жақты тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Әсіресе, оқушылар сабақ барысында еркін отырып, бір - бірімен еркін пікір алмасып, өз ойларын білдіріп, жағдаяттарды шеше білуге, бірін - бірі тыңдауға үйренеді.

Тәрбие көзі болатын аңыз - әңгімелер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, ұлылардың ұлағатты сөздері, ақын - жазушылардың еңбектері, түйінді сөздер, жаманнан жирену, жақсыдан үйрену «Өзін - өзі тану» пәннің өзегі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда баланың мінез - құлқын қалыптастырып, жеке тұлға ретінде терең тәрбие береді, жас ұрпаққа - адами жолды үйретеді, өзіне - өзі деген сенімділігін қалыптастырады, шығармашылыққа, өзіндік пікірінің, ойының болуына көмектеседі, өз ісіне баға бере алуға үйретеді, ең бастысы адамгершілігі мол, өз шешімін қабылдауға, өмірдің мәнін түсінуге көмектеседі.


Қорыта айтқанда, баланың қазіргі қоғамда өмір сүруі үшін адамгершілік қасиеттерді игеруі, оның бойына осы қасиеттерді дарытуы барысында «Өзін - өзі тану» рухани – адамгершілік пәнінің алатын орны ерекше.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16.03.2022
874
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі