СҰРАНЫС БЕРУ
|
Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы |
Қанатбаева Жанар Бекбергенқызы Физика пәнінің мұғалімі І санат |
|
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы |
Тараз қаласы
|
|
Білім беру мекемесінің атауы |
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі |
|
Байқау атауы |
«ҮЗДІК ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ-2018» |
|
Телефоны, ұялы, е-mail |
87766369885 kanatbaeva220485@gmail.com
|
|
Сапалы түрлі-түсті 3х4 фотосының эл.нұсқасы |
|

Тақырыбы: «Шығармашыл
ұстаз-жаңашыл ұстаз»
«Айтушы ақылды
болса,
Тыңдаушы дана
болады»- деп халқымыз тауып-ақ
айтқандай, мұғалім мамандығын таңдап еңбек еткеніме 14 жыл
өтіпті. Қиыны мен жеңілі , қызығы мен қуанышы мол болған
еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым
–үнемі жаңалыққа
ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан
жақсылық тауып,бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға
жетелеу. Ал
ұстаздардың ішінде физика пәні мұғалімдерінің жүгі
ауыр. Себебі болашақ
ұрпаққа, ұлттың ұл-қыздарына ғылым мен техниканың , қоғамды
дамытушы ғылым-физиканы оқыту зор міндет. Ендеше осы міндеттерді
жүзеге асыратын басты тұлға-ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай
ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін
көтеріп, аса жоғары қастерлеп бағалаған. Ұлы Абай «Адамның
адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқаны белгілі. Ұлы ағартушы
Ахмет Байтұрсынов : «Мектептің жаны –мұғалім. Мұғалім қандай
болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса,
білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар
көбірек білім біліп шықпақшы.Солай болған
соң ,ең әуелі, мектепке керегі –білімді, педагогика,
методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», -
деген.
Жақсы ұстаз-бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуальдық , шығармашылық әлеуеті мол тұлға .Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын , оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солай болуы тиіс. Мен үшін бұл міндетті орындау , оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс –тәсілдерін алып, өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын.
Мен өзімнің инновацияны сабақтастыру іс-әрекетімді төрт түрлі өлшеммен сипаттаймын:
-
инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезіну;
-
оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығымның болуы;
-
енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына ,тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуым;
-
белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіме қабылдап, оны енгізе білуім;
Шығармашылық-жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – шығармашылық. Мұғалім өз шығармашылығы
арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым -
оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын
білдіру ,баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу.
Физика пәнін оқытудағы интернет- технологиялар білім ордасын айтарлықтай кеңейтуге және танымдық іс-әрекеттерді арттыру үшін қосымша дидактикалық жағдайлар жасауға ,оқыту процесіне қатынасын
өзгертуге ,өзін-өзі тану және өзін өзі –дамыту дағдыларын қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Осылайша , физиканы оқытуда оқушының шығармашылығын дамыту жолын оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп білемін.
Өзім сабағымда интернеттің көмегімен оқытудың жаңа құралы ретінде оқушылардың жеке қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып, олардың ақпараттық –коммуникативтік және шығармашылық іс-әрекетін ынталандыруға үлкен септігін тигізетін біркелкі емес дидактикалық жағдайларды ұйымдастыра аламын. Тараз қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» биыл 2017-2018 оқу жылында 7 сыныпта Жолдасбекова Әсел , Әбдінұр Азиза атты оқушыларым түсіп, оқып жатыр. Жамбыл облысы Ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатына 9 сыныпта Сүюмбай Малика, Даулет Аружан атты оқушыларым түсіп, оқып жатыр. Бұл мектептер физика-математикалық бағытта. Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін қолданып оқитын оқушылардың оқу сапасы да жоғары,сабаққа деген мотивациясы да жоғары болуы –қазіргі заман оқушысының танымдылық , шығармашылық қабілетін дамытудың тура жолының бірі- ақпараттық коммуникациялық технологияның артықшылықтары деп білемін.
Мұғалім үшін оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі көзі- сабақ
болып табылғандықтан ,әр сабағымды жақсы жоспарлап, тыңғылықты дайындап, жан-жақты ойластырып өткізуге тырысамын. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибемде жаңа технологияларды қолданамын. 2014 жылы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгейлік бағдарламасы.2018жылы «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілік арттыру бағдарламасының А2 деңгейіндегі ағылшын курсы.
2018 жылы «Жаңартылған білім беру мазмұныны» бағдарламасы курстарын аяқтадым. Халқаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Эрудит» интеллектуалды білім парталының ұйымдастыруымен физика пәні мұғалімдері арасында өткен Республикалық «Үздік физика» 2018 байқауына қатысып І орын Дипломмен марапатталдым.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Әрине, тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді. Өз пәнімнен «Ақ бота» интеллектуальды марафоннан ,қашықтық олимпиадасынан, ҰБТ-ден нәтиже көрсеткіштері болды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе "Шығармашыл ұстаз - жаңашыл ұстаз"

шағым қалдыра аласыз