Материалдар / Эссе Талабы таудай жеке тұлғаны сауатты оқу мен жазуға баулу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе Талабы таудай жеке тұлғаны сауатты оқу мен жазуға баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
аттестациядан өту үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2020
1241
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СҚО Есіл ауданы

«Ақтас негізгі мектебі»КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Негмеджанова Кулян Сабыровна



Эссе


Талабы таудай жеке тұлғаны сауатты оқу мен жазуға баулу



Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады

Ы.Алтынсарин


Жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігі болуы тиіс.

Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту

Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру болып табылады.

Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді

Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.

«Білімнің бастауы – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы» екені баршамызға белгілі. Қай кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

  Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын.

       Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген.

     Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты балдары бойынша өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады

Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып басқан және таудай болып шыққан бүлдіршіндерді сауатты, саналы азамат болып өсіру біздің қолымызда. Олай болса еліміздің болашағын ойлайтын саналы азаматтарымыз, қасиетті тілімізді биік – биік шыңдарға шығарып, әлемдік тілдер қатарынан қоссын дегім келеді.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Ал, жанаша оқытудың негізгі мақсаты – оқушының белгілі бір пән бойынша терең түсіну қабілетін дамыту және алған білімдерін өмірде кездесетін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету екендігін білдім.

Бұрын сабақтарымда мен оқушыларға өзім ізденіп дайын білімді ұсынып, сабақты бүге-шүгесіне дейін өзім түсіндіріп берсем, осы бағдарлама аясында оқушылардың ойлауы дамитыны, жаңа білімді түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарымен пікірлесе отырып алатынына көзім жетті. Жанартылған білімнің негізгі идеясын түсіне отырып, оқушылардың ойлау қабілетін қалай дамытатынымды ойластырып, жеті модульді кірістіре отырып химия пәнінен 7-8 сыныптарға арналған сабақтар топтамасын құрдым.

Мақсатым оқушылардың топтасып жұмыс жасауына, өздерін, бірін-бірі бағалауына және сабақты өз беттерінше меңгеруіне мүмкіндік жасау.

Сабақтарымды көбіне «Ойшақыру», «Миға шабуыл» т.б. әдістері арқылы бастаймын, себебі балалар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын еркін айтып, сабақтың мақсатын ашып отырды.

Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін негізгі пән-қазақ тілі. Бала сауатты жазу үшін  қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді  дұрыс түсініп, күнделікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс. Бастауышта сауаттылықты жете меңгермеген оқушы жоғары сыныптарда оны толықтыра алмайды. Сондықтан оқушының сауатты, таза жазуына әрбір сайын толық көңіл бөліп, олардың тіл байлығын арттыруға, назар аударған жөн.

Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі пәнімен тікелей байланыста болады. Кітап оқи алмаған оқушының  сауатты жаза алмайтыны белгілі.Сауатты әрі әдемі жазуға дағдылануы қаламды дұрыс ұстаудан басталады.Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету қажет.Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты да жаза біледі.Қатесіз жазуды меңгеруде оқушылар әріп пен дыбысты айырып, әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін ажырата біледі. Мысалы: «ана», «домбыра», «асық» сөздеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды бірінші әріпті өткен күннен бастап-ақ ажырата білуге, сонымен бірге тақтаға жазылған  әрбір әріп, әрбір сөз, сөйлемді  дауыстап оқытып, оны іштей  қайталатып, естеріне  сақтап жазуға үйрету керек.Бұл, біріншіден, баланың есту қабілетін жетілдіруге пайдалы болса, екіншіден, сөздің  дыбыстық құрамын дұрыс ажыратуға, үшіншіден тексті немесе сөйлемдерді сауатты, қатесіз жазуға көмектеседі. Кейде жұмыстың түрін өзгертуге суреттер іліп, соның аттарын өздеріне жаздырып, жазған сөздерін, сөйлемдерін өздеріне, қатар отырған қасындағы балаға тексертемін.Қате жіберген оқушы қатесін жолдасының  түзеткеніне намыстанып, сауатты жазуға талаптанады.Бұл тәсілдің тиімділігі олар бір-бірінен көшірмейтін болады.

Оқушыларды сауаттылыққа үйретудегі  нәтижелі әдістің бірі-сабақ  үстінде ойын элементтерін пайдалану.Ойын оқушыларды  сабаққа қызықтырады, материалды тез қабылдап, есінде  ұзақ сақтауға көмектеседі.Ойынның түрлері өте көп, солардың ішінде  сауатты жазуға  үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше.Мысалы, «Есіме жаттап сақтайын» ойыны.

Ұлттық ою-өрнектерімізді көрсетіп, олардың аттарын ататып, дәптерлеріне қатесіз жаздырамын. Сонымен бірге туыстықты білдіретін немере, шөбере, аға, әпке, сіңлі, нағашы сөздерін жаздырып,  талдау жасатамын. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.Мақсатымыз оқушыларды  сауатты жазуға үйрету. Қазақ тілінен ғана сауатты жазумен шектелмей, сонымен бірге  ана тілінен бағдарламалық жаттаған мақал-мәтелдерді тақпақтарды жатқа жаздыртып, сауаттылығын тексеріп отырамын. Көбінесе жұмбақтар ұлттық дәстүрге, әдет-ғұрыпқа байланысты алынады.

Мысалы, Аттан биік.Қойдан аласа.(Ертоқым)

Бұралып қос құлағы,

Күмбір қағып тұрады. (домбыра)

Жұмбақтарды  қызыға жаттау, оларды дұрыс жазып үйрену оқушының есінде ұзақ қалады, екіншіден, сауаттылыққа үйренеді,  әрі ойы дамытылады, дұрыс оқуға, дұрыс жазуға дағдыланады.Оқушылардың  дәптерін күнделікті  тексеріп баға қоюмен  шектелмей, қате жіберген сөзді  қатыстырып, сөйлем құратып, қатесін түзеткен-түзетпегендерін  байқап, ретіне қарай жаңа тапсырмалар беріп отыруы қажет.Әрі таза, көркем, сауатты жазуға дағдыландыру үшін  сыныпта дәптерлерді бір-біріне беру, көрсету, салыстыра отырып көрме ұйымдастыру да өз нәтижесін береді.

Әріптерді анық дұрыс жазуда үш мәселеге ден қойған дұрыс.

  • .Әріптерді дұрыстап жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету.

  • Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау.

  • Балаларды жазу жұмысына  өте ұқыпты, мұқият қарауға  жаттықтыру.

Тақтаға, дәптерге көбірек сөйлемдер жазғызу пайдалы. Себебі өздері жазған сөйлемнен кеткен қателерін өздері табады. Қате жіберген сөздің астынан сыздырып, талдау жүргіземін.

Күнделікті сабаққа оқушының  жазу сауаттылығына  үнемі мән берілсе, онда іс нәтижелі болатыны өз тәжірибемнен белгілі. Сауатты әрі каллиграфиялық  дұрыс жазуда  көрнектіліктің  алатын орны ерекше. Сондықтан әрбір сабақтың  тақырыбына сай әріп, сөз, сөйлем жазылған таблица, суретті карточка, сюжетті суреттер, дидакатикалық материалдардарды пайдалануға көңіл бөлемін.

Күнделікті сабақтың алдында жазылуы қиын сөздерді іліп қойып еске сақтауын қадағалаймын. Оқушылардың көбі текстегі жаңа ой басталатын жерде абзацтан бастап жазуды білмейді.

Бұл бас әріп, кіші әріп түрі мен жазба түрін білмеуінен болады.Әріптерді дыбыстағанда оны дұрыс айтып үйренбейді.Мысалы:кейде ұ әрпін ү, ы немесе і, о әрпін д, с-ны ш, ң-ды н деп айтады. Кейбір оқушылар  әріптің негізгі  формасын сақтамай  және оларды бір-біріне өте жақын не өте алшақ жазуынан қате жібереді. Сөйлем аяқтағанда тыныс белгілерін қоймай, келесі сөйлемді бас әріптен бастамай, жалқы есімдерді кіші әріппен жазып қояды. Қатенің бір түрі  сөз мағынасын түсінбей жазудан болады. Мысалы : «тастама» «кішкентай» сөзін киттей, «ештеңе» сөзін «іштеме» деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда  әріпті тастап кету, бірдей екі әріптің  біреуін қалдырып кетуі жиі кездеседі.

Басқа тілден енген термин сөздерді жазудан жиі қателеседі. Сауатты жазу үшін төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отырамын.

  • «Біріккен сөз» тақырыбын өткенде күнбағыс, итмұрын, асқабақ сияқты өсімдіктердің, аққу, бірқазан, көкқұтан сияқты құстардың суреттері бойынща ауызша сөйлем құратып, құраған сөйлемдердің суретін жауып қойып, жатқа жазғызып,біріккен сөздердің жазылуын меңгерулеріне аса көңіл бөлемін.

  • Оқушыларды  сауатты жазуға үйретуде сөздік  жұмыс жүргізудің де маңызы зор. Мысалы: дана- данышпан, ақылды, білімді ,қару-жарақ- мылтық, найза, қылыш т.б

  • Мәнерлеп оқу-сауатты жазудың негізі. Дұрыс оқыған бала ғана дұрыс жаза алады.

  • Оқушыларды  қатесіз дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек, немесе сөйлемде қалдырып немесе сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып, оны орнына  қойып, үйлестіріп жазу, берілген сөздерден сөйлем құрап жазу, сұрақтарға толық жауап жазу сауаттылыққа көмегін  тигізіп отырады.

  • Оқушыларды суатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар, сөйлемдер, мазмұндама, шығарма, диктанттардың  пайдасы зор.

  • Диктанттың түрлері көп. Қатемен  жұмыс жүргізгенде ерекше талдау жүргізіледі. Қате жіберген сөйлемдерді қайтадан жазғызып,  астына сыздыру нәтижесін береді. Оқушыларды сауатты жазуға қалыптастыру үшн оларға кітапты көп оқу, қалай оқу,қалай пайдалану жөнінде айтып отырамын.Оқушыларды қатесіз, сауатты жазуға үйрету тәсілдері алуан түрлі. Өйткені әр баланың  ерекшелігіне байланысты қатесіз жазуға үйрету әдісі әр сабақта өзінше орын алады.

Қорыта айтқанда, сауатты болудың алғы шарты әріптерді үйретуден басталады.Әріп элементтерін дұрыс бір-бірінен ажыратып, жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатты жаза алады. Әсем, қатесіз, мәнерлеп оқуға, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру – сауаттылыққа үйретеді. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету – әр мұғалімнің шығармашылық ізденісіне байланысты.

Жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше, егемен елімізге ой-өрісі жоғары дамыған, білімді, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақты оқытып тәрбиелеу қажет екенінін жадымыздан шығармайық!



Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың

2020 –2025 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ


2. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.

3. ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ

4. «Бастауыш сынып әдістемесі» журналы. 2011ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!