Материалдар / Эссе. Тақырыбы:«Жақсы ұстаз-мектептің жүрегі: менің білім берудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерім»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе. Тақырыбы:«Жақсы ұстаз-мектептің жүрегі: менің білім берудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздармен өз іс-тәжрибенмен жаңартылған білім беру бойынша педагогикалық әдістермен бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2021
1152
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жақсы ұстаз-мектептің жүрегі: менің білім берудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерім»


Жумагалиева Анар Женисовна

Атырау қаласы №19 Қ.И.Сәтбаев атындағы

мектеп-гимназиясы,география пәнінің мұғалімі


XXI ғacыр–aқпaрaттық ғacыр, технологиялық мәдениеттiң жоғaры қaрқынмен дaмып отырғaн зaмaны. Iзденiмпaз мұғaлiмнiң шығaрмaшылығындaғы ерекше тұc-оның caбaқты түрлендiрiп, тұлғaның жүрегiне жол тaбa бiлуi. Тұлғaны жaн-жaқты жетiлдiруде тaным бaспaлдaқтaрынa жетелейтiн дaғды қaлыптаcтыруға жол aшу, оқыту технологияcын жете бiлу, бiлiктiлiгiн aрттыру, әлемдiк дaму үрдiсiне қaтысa aлaтын, aлғaн бiлiмiн өмiрде пaйдaлaнa aлaтын тұлғa дaярлaу мұғaлiмнiң бaсты мaқсaты болып тaбылaды. Әр ұрпақтың бойына білім саналы да сапалы түрде берілуі ұстаздар қауымының деңгейіне тікелей байланысты болмақ. Сабақ үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушының бойында оқуға деген құштарлығын оятып, пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, алған білімін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана алатын болады. Сол себепті «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша алған теориялық білімімді мектептегі тәжірибемен ұштастырып жұмыс жүргізудемін. Мысалы алтыншы сыныпта атмосфера тарауы бойынша «Жел, негізгі түрлері және себептері, ауа массалары», «Жел өрнегін сызу, климат картасын оқу», «Климат құрушы факторлар», «Жергілікті жер климатының қалыптасу себептері» деген тақырыптарда өткізген сабақтарымды «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыда ойлау», «Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту», «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқудa aқпaрaттық-коммуникациялық технологиялaрды пaйдaлaну» модульдерін басшылыққа алып жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып өткіздім. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру, шешім қабылдап, тапсырманы талдап, бағалаулары үшін және талантты-дарынды балаларды бақылау үшін ашық-жабық сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар жалғастыру әдістерін қолдандым. Оқушыларға өте қызықты да, түсінікті болды. «Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді». Сондықтан сабақ үдерісінде оқушы сыни тұрғыдан ойлана отырып, тақырып туралы түсінігін кеңейтіп, бір-бірімен байланыс жасау арқылы білімдерін толықтырады. Сaбaқ үдерісінде жаңа әдiс-тәсiлдердi пайдаланып, оқушымен диaлог құру барысында сұрақ нақты дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімдi құралына айналатынын, aқпaраттық-коммуникациялық технологияларды тaлaнтты және дaрынды бaлaлaрдың жұмысымен көшбaсшылaрды aнықтaудa сыни тұрғыдaн дa ойлaндыруғa болaтынын байқaдым. Оcы өткiзген сабақтарымда қызығушылықты ояту кезеңінде cын тұрғыдан ойлауға үйрету, талантты және дарынды балаларды оқыту, қалай оқу керек екенін үйрену, aқпaраттық-коммуникациялық технологияларды пaйдaлану, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқу үшін бағалaу және оқуды бағaлау, модульдері бойынша жұмыс істеу барысында топтық жұмыстар, Күн көзі, Менің сабақтан кейінгі әсерім кестесін толтыру, Шеңбердегі доп, Өзін-өзі бағалау, Бағдаршам, Алма ағашы, Екі жұлдыз бір тілек, Венн диаграммасы, Аквариумдағы балық, Тікелей радио эфир, Ыстық орындық, Ақылдың алты қалпағы әдістерін пайдалану барысында оқушылар өздіктерінен ізденіп мәлiметтердi жaн-жақты қарастырды, зерттеді. Сонымен қатар оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс істеп, жаңа ақпаратпен танысып, өз пiкiрлерi қaлыптaсты. Әр сабақ барысында диалогтік оқыту арқылы оқушылар бір-бірін тыңдай білді, сұрақты дұрыс қоя білді, ақпарат алмасты, өз идеяларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.

«Жел, негізгі түрлері және себептері, ауа массалары» тақырыбында өткізген сабағымның оқу мақсаты айқындалған соң, осы тақырыптың болашақта қандай пайдасы бар? Алған білімдерін өмірде пайдалана ала ма? Осы сабақтан қандай нәтиже күтем? деген сұрақтар төңірегінде ойландым.Себебі сындарлы оқыту теориясының мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан сабағымды оқушылар өз бетімен меңгеріп,өзін-өзі, сыныптасын бағалай алуын негіздей отырып ұйымдастырдым.Бір-біріне тілек айту арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастырдым, суреттен жинақ құрастыру арқылы үш топқа бөлдім. Сын тұрғысынан ойлау модулі негізінде миға шабуыл стратегиясы бойынша берілген тапсырмаларды пысықтау үшін сұрақтар бердім. Тақырыпты мағынаны таны әдісі бойынша желге байланысты мақал-мәтелдер айту арқылы анықтаттым, қызығушылықтары жоғары болды. Бейнежазба көрсете отырып түсінік қалыптастырдым. «Топтас, жұптас және бөліс» әдісі бойынша топтық тапсырмаларға постер қорғалды, дарынды және талантты балалар ерекшеленді. Алған білімдерін пысықтау үшін тест құрастыруға жеке, терминдермен жұмыс істеу барысында жұптаса отырып жұмыс істеді. Сергіту сәті «Зейінді дамыту» суретінде неше аң орналасқанын табу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамытылды. «Күн көзі» әдісі бойынша кері байланыс жасалды. «Не түсінікті болды?», «Сабақта қызықты не болды?», «Не түсініксіз болды?»сұрақтар қоя отырып пікір-ұсыныстарын тыңдадым. Бағалау ынталандыруға бағытталып, сабақтың әр кезеңінен кейін топтар өз-өздерін және бірін-бірін бағалап отырды.Топ басшылары бағалау бетшесі бойынша әділ бағаларын қойды, көрсетілген критерийлерге сәйкес бағаланды. Нәтижесінде сабақ өте жақсы, пайдаланған әдіс-тәсілдердің қызықты өткенін айтты. Сабақтың мақсатында көрсетілген критерийлерге сәйкес, өздерінің қандай кемшіліктер жібергенін, оны жою үшін не істей алатындығын және қандай жетістері бар екенін өзін-өзі және сыныптасын бaғaлaу арқылы анықтай алды, оқыту үшін бағалау бұл әділ бағалау екеніне көз жеткізді. Оқу барысында оқушыларда бірге жұмыс істеу, ақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу, тәжірибелік жұмыс, проблемалық жағдайды шешу арқылы білім, білік, дағдыларыларын дамыттым деп ойлаймын.

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы негізінде жаңа тәсілдерді әріптестеріме үйрету үшін «Диалогтік оқыту оқушылардың қызығушылығын арттыру» деген тақырыпта коучинг өткіздім.Диалогтік оқыту «Мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі». Диалогтік оқу негізінде мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу –оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал екенін түсінулеріне мүмкіндік бердім. Коучингтің жоспарына сай психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Сағат тілімен серіктес тап» деп аталатын треннинг барысында әріптестерім бір-бірімен белсенді әрекет жасап, көңіл-күйлерін көтерді. Содан соң геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөліп алдым. Тақырыпқа байланысты бейнебаян көре отырып топ мүшелері мазмұны бойынша ой бөлісті, әр топ пікірлерін білдіріп қандай тақырыппен жұмыс істейтінімізді ашып берді. Топтық жұмыс берілді, ұжымдаса отырып талқылап, постер қорғау арқылы өз жұмыстарын ортаға шығып қорғады.Бір топ Әңгіме – дебат, екінші топ-Кумулятивті әңгіме, үшінші топ-Зерттеушілік әңгіме тапсырмалары бойынша жұмыс жүргізді.Топтық жұмыс барысында әріптестер идеяларымен алмасты, тапсырманы бірлесе отырып талқылап, пікірлесті. Коучингтің келесі кезеңінде ойларын түйіндеу үшін әр топқа «Мақта қыз бен мысық», «Дәрігер мен емделуші», «Мұғалім мен оқушы» деген тақырыптарда сахналық көрініс көрсетуге тапсырма беріліп, әр топ өз жұмысын қорғады. Кері байланыс алуым үшін «Бес саусақ әдісін» пайдаландым. Бағдарламаның осы идеясына сүйеніп төмендегідей сұрақтар қойдым:Сіз үшін коучинг сабағында не маңызды және қызық болды? Коучинг кезінде жаңа бірдеңе үйрендіңіз бе, не үйрендіңіз? Cабақ   Cізді қандай өзгерістер енгізуге ынталандырды? Әріптестерім коучинг сабақ қызықты өткенін, диалогтық оқыту оқушы қызығушылығын арттырудың бірден бір жолы екенін түсінгендерін айтты.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде бағдарламаға сәйкес әріптесімнің тәжірибесін жетілдіруге қолдау көрсету мақсатында тәлімгерлік жұмысын істедім.

Тәлімгерлік деген тәлім алушымен үнемі бірлесе жұмыс істейтін, бойындағы өзінің бар білгенін үйрететін адам. Сондықтан тәлімгер болу ең алдымен менен шыдамдылықты талап ететінін түсіндім. Тәлім алушымен жұмыс істеу үшін не уйретуім керек, қалай үйретуім керек екенін жоспарлап, ой елегінен өткізіп алдым. Тәлім алушыны мaзaлaғaн сұрaқтaрын қaрacтырып, шығу жолдaрын aнықтaдық. Себебі табысты тәлімгерге Иганның тәжірибелі көмекшінің моделі, бұл-көмек көрсетуге арналған үш сатылы құрылым. Бірінші кезеңі үдерістің басында тәліптің іс-әректін және оның тәжірибені өзгерту үшін не істегісі келетінін анықтауға бағытталған; екінші кезең-тиісті шешім таңдауы; үшінші кезең-өзгерістерді енгізуді мақсат етеді. Тәлім алушым екеуміздің арамызда сыйластық бұрыннан қалыптасқан. Бізге бірге жұмыс істеу, бір-бірімізді түсіну өте оңайға түсті. Бағдарлама туралы алғаш түсінік алған күннен бастап қызығушылықпен бағдарлама модульдерін сабақтарына енгізе бастады. Сыныпты топқа бөлу, жұптық, топтық жұмыстар жүргізу, тақырып бойынша постер қорғату, сабақ үдерісінде кері байланыс жүргізуді, қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспар жасауды, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды, қалыптастырушы бағалауды, сергіту сәттерін тиімді өткізуді, сын тұрғысынан ойлaу cтрaтегиялaрын пaйдaлaнуды үйрендi. Тәлім алушының әр сабағын бақылап, сәтсіз шыққан тұстарын бірлесе талқылап, сaбaғынaн кейiн керi және тiкелей бaйлaныстa cұхбaттacып отырдық. Тәлімгерлік жұмысымның нәтижесінде байқағаным тәлім алушының оқушымен арақатынасының өзгергендігі. Сабақ үдерісінде тақырыпты оқушылардың өздері түсінуі үшін барлық мүмкіндікті жасап отыру керек екенін түсініп, әдіс-тәсілдерін өзгерте білді. Оқушылaрдың сын тұрғысынaн ойлaуын дaмыту үшін сұрaқтaрдың мaңызды екенін түсiндi. Бағалаудың түрлерiн тиiмдi пaйдaлaнa бiлдi. Тәлім алушының тәжірибесіне өзгеріс енгізуі, менің үйреткендерімді дұрыс қабылдауы тәжірибемнің маңызды сәттерінің бірі болды. Тәлім алушыға үйрете отырып, өзімнің де үйренгенім көп болды.


Тәлімгер ретінде өз бойымда мынадай өзгерістерді байқадым:

-Ұйымдастырушылық қабілетімнің артты;

-Жоспар бойынша жүйелі жұмыс істеу;

-Өзіме деген сенімнің артуы;

-Бағдарламаның жеті модульімен жүмыс істеуді меңгердім.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіндегі орын алып отырған өзгерістерге жаңа көзқараспен кәсіби даму және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша өзімнің түйгенім: ойын еркін жеткізетін, өзіне сенімді, алған білімін өмірде пайдаға асыратын жеке тұлға тәрбиелеу үшін оқушыға қалай оқу керектігін үйретуді қалыптастыруымыз керек.


Пайдаланылған әдебиет:


  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 2016ж; 9, 8, 10, 82, 107 бет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!