Материалдар / Эссе. Тіл ұлттың айнасы

Эссе. Тіл ұлттың айнасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл туралы эссе жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Тамыз 2024
162
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Қазығұрт ауданы

«Жылыбұлақ» жалпы орта мектебі

Кобетаева Эльвира Рахымжановна

Тіл-ұлттың айнасы

Эссе



Әр ұлттың тілі ана сүтімен, баба рухымен келген ұлылық! Тілдің бар екені ұлттың бар екені, тілдің бар екені рухтың өлмегені. «Ана тілі» дегеніміз- сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі»-деген Ғабит Мүсірепов. Қай ұлт болсын тілі оның сан ғасырлық колориті, болмысы, байлығы. Сыңғырлаған таза бұлақтай тілі мен даланы кернеген , күмбірлеген домбырадан ағылған күйлері тамсандырмай қоймайды. Ұлтты жоғалтпайтын ғажайып -ол тіл. Тілің болса ұлтсың, тілсіз болсаң өзгенің ұлтанысың, Ана сүтімен келген тіл сүйекке сіңіп дариды. Сол құндылықты жоғалту, ұмыту барыңнан айырылу. Тіл туралы мәселе қозғалғанда екі ғұламаны ең алдына қояр едім, оның бірі-Абай болса, екіншісі тіл жанашыры-Ахмет Байтұрсынов. Ес білгелі Абай шығармалары мені қатты қызықтырды. Қазақтың тілі не деген терең, мағыналы, бай екендігін осы Абайдың туындыларын оқып отырғанда байқайсың. Абай 32-қара сөзінде « Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген. Бала Абайдың Зере әжесінен тыңдаған ертегі-әңгімелері, есітіп зер салып отырғанда тілдің сан қырлы құпиясы әрине санаға сіңді. Өз ұлтымның сырлы тілі мені де қызықтырды. Абай: « Қазақ топырағында «мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ, наданның көзін қойып, көңілін ашпақ» деп мұрат меңзейді. Қоғам мүшелерінің сөз байлығы, ұғым мөлшері, талғампаздығы әр түрлі болғанымен, тілдің заңы тұтас. Бұл заң, Абайша айтқанда, «сөз арасын бөтен сөзбен» былғауды көтермейді. Тілден нәрлілікті, бейнелілікті, жатықтықты талап етеді. Тілдің заңын халық тудырған.

Қазақтың қараңғы түнiн жарық қылған санаулы жұлдыздарымыздың бiрi Ахмет Байтұрсынов.

Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының əлеуметтiк өмiрi мен мəдениетiне аянбай адал қызмет еткен iрi қайраткер, үлкен талант иесi, тарихта орны айрықша зор тұлғаАхмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде білім алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын іргелі тілтанулық ғылыми құралдардың авторы. А.Байтұрсынов 1912 жылы қазақ балаларын қазақша сауатын ашатын тұңғыш «Оқу құралын» жазды. Осыдан көп ұзамай қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазды. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлттың өкілдері қоныс тепті. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен, жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді әруақытта . Ұлы Абайдың «адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дейтін қағидасы бар емес пе?! Осы сөз бәріне қуат болды ғой. Өз тілін де біледі ғой, бірақ мектепте қазақ әліпбиін үйреніп қазақша оқыды. Наурыз мерекесінде өз ұлтының өнерін, мәдениетін көрсетіп жүретін. Ұлтымызға сіңісіп кетуі халқымыздың бауырмашылдығы мен қонақжайлығы болар. Соңғы жылдары қазақ тіліне дұрыс ден қойылып, қолға алынып жатыр ғой, бірақ та үлкен қалада жастар әлі орысша сөйлейді. Қазақтың тілі мен тарихын білмеген жастарда халыққа деген, елге деген құрмет те болмайды. Өзі жемесе де қонағына барын қойған, төріне шығарып күткен халықпыз ғой. Айналадағы адамдардың қателігін тұспалдап жеткізіп, көңіліне тимей астарлап айтар сөзіміз де керемет қой. Отан отбасынан басталады, әулетіміз үлкен, ата-әжеміз оқыған адамдар болды. Қазақ тілі мен тарих пәнінің мұғалімі болған атамның кітапханасынан алғаш рет Абайдың, А.Байтұрсынов, М.Әуезовтың шығармаларымен таныстым, кез-келген жерден табыла бермейтін «Батырлар жыры» , «Манас жыры» бар еді. Сондықтан да болар шабыт болғанда өлең жазып, әңгіме жазатынмын. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуым да осылардың ықпалы шығар. Өз отбасымда да балаларыма ұялы телефон ұстатқаннан гөрі, ертегілер, әңгіме оқып бергенді жөн санаймын. Грузиядан отбасы жер аударылып келген Асылы Әлиқызы Осман қазаққа сіңіп, тіл мәселесіне көп үлес қосты. Ол өз сөзінде «Отандастарыма: Орыстың да, ағылшынның да тілін біл, тіпті әл-Фараби бабаң секілді бірнеше тілді меңгер, біреудің жолына екінші адам кедергі болмайды. Бірақ жергілікті халықтың тілін білу сол халыққа деген сыйластығын білдіретінін ұмытпа!» – деген. Қазақ тілінің жанашыры ретінде жастарға өзінің ұлттық тілін ұмытпаса, дәстүрі мен салтын сақтаса деген өтінішім бар. Сан ғасырлық тарихы бар қазақ тілі ешуақытта өшпесе екен, әлемдік тілдер қатарына қосылса екен деген көпшіліктің ойы бар. Қазақ тілі – әлемдегі ең бай тіл. Өйткені қазақ тілінің сөздік қоры 2,5 миллион сөзден тұрады екен. Ана тілімізді құрметтеу, оны ұлықтау қазақтың қолынан ғана келеді. Өйткені қазақ тілі-ең бай, таза тіл. Өз ойымды М.Мақатаевтың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ