Эссе үлгісі. А.Кемелбаеваның Шашты әңгімесі бойынша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе үлгісі. А.Кемелбаеваның Шашты әңгімесі бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссенің құрылымы. Эссе жазудың үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдап жазыңыз.



(Сөз саны -350 сөз)







Кіріспе. 5-6 сөйлемнен тұрады.


1-сөйлем. Тақырыпқа әкелетін баспалдақ сөйлем.

Ұлттық әдебиет ұлттың мүддесін көздесін, мұңын жоқтасын, құндылығын әспеттесін, тарихынан сыр шертіп, құлдық санадан арылтсын.

2-сөйлем. Тақырыпқа келу. Тақырыпты түсінгендігіңді көрсету. ( Термин)

Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгі­месін оқып шыққан соң мен осындай ойға қалдым.

3-сөйлем- Көпір сөйлем. (Кіріспе бөлім мен негізгі бөлімді байланыстырушы сөйлем.)

Шығармада жаугершілік кезінде түрікпендердің қолына түскен қазақ баласының құлдық қамытынан қалай қашып құтылғаны баяндалады. Кей тұсында этнографиялық, тарихи, географиялық мәліметтен де хабар аласың.



Негізгі бөлім.

Тезис. (Эссе тақырыбына ораламыз. Бізден не сұрап тұр? Осы шығармадағы ерекшелік, ұлттық мүддені бір сөйлеммен қалай тұжырымдайсың? )

Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдап жазыңыз.



«Шашты» әңгімесінің негізгі идеясы халқымыздың ұлттық құн­дылықтарын әспеттеу, дін мен діл­­ді таныту, адамшылықты ту етіп, азғындықтан сақтандыру деп ойлаймын. . Әңгіме на­ғыз қазақы кейпке , даналық мектебі, да­лалық абыз жорамал-ырымға тұнып тұр.


1 аргумент.


Тұтқынға түсу-көшпелі рулар үшін қарғыс таңбасымен бірдей еді. Қатал дала заңында қолға түскен қыздар күң, ұлдар құлға айналатын. Құлағын кесіп, қара жұмысқа салатын, тіпті ұрпақ жалғастыру қасиетінен де айыратын, тірі өліктің күйін кешетін.


Әңгіменің басты кейіпкері Кенжебек пен Тасқұл осындай күйге түскен еді. Өзі де бала күнінен түрікпеннің тұтқынына түсіп, өмірінен мән кеткен Тасқұл баланы өз қамқорлығына алады. Енді оның өміріне мән кірді. Бар есіл- дерті - Кенжебекті құлдықтан құтқару.


Құлдықтан қашу- зор үрей, алдын то­сып сусыз шөл, ағынды дария тұр. Қолға түссең -жаза. Бірақ, ата балаға қанат береді: «Тұрлаусыз өскен құлан­дай қыпшақ, қаныңды сатпа!»- дейді. Құлдықтың түбі тек­сіздік, тамырсыздық деп көрсетеді. Қазақтың аңсағаны –еркіндік, тәуелсіздік болатын.


2- аргумент.


Жылқышы ата түркпен мен қазақ руларын жаугершілік мі­незінен сыр шертеді. «Үш жүз бір ту астына біріксе, ер түрікпен­нен бөлек, қырғи­дай тиген құба қалмақтан, жауынгер тай­па қырғыздан, ормандай кәпір орыстан, сірә да, жеңілмес еді» -деп, қария қазақтың алты бақан алауыздығына бір сәт күйінгенмен, дәл сын сағатта - «Кертағыдай бұл қазақ бүлік­шіл, өлермен халық екенін көрсет!», -деп ба­лаға рух береді. Бұл біздің халықтың тәуекелшіл, батырлық мінезінен хабар береді. Намысқойлық.



3- аргумент

«Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мін­се, бір дене, бір жанға айналып кетеді»-, дейді жазушы. Бұл халқымыз үшін қазанаттың орны қандай екенін дәл бейнелеп тұр. Жылқышы қарт жылқының, табиғаттың, даланың мінез-құлқын терең біледі.Баланы қашыруға дайындаған қос сәйгүлектің біріне шөлге шыдау үшін түйенің сүтін беріп, құмға аунатып баптаса, бірінің тілін қылмен байлап қойған. Бұл оның ең көреген жоспары болатын.

«Жылқы әулие, әулиеге тап­сырдым!»-деп бата берді абыз қарт. Жылқыны сүю, жылқыға құмарлықтың өзі қазаққа Жаратқанды сүюмен бірдей болған-ау деген ойға қаласың.

Шынында да, үлкен қиыншылықты басынан өткізген бала, астындағы тұлпарының арқасында еліне аман- есен жетті. Қазақ халқының табиғат перзенті, сырын жақсы біледі, аспан әлемі, құмның,


Қорытынды. (Бұл бөлімде жаңа ой айтылмайды. Жоғарыда айтылған ойды қорытып, шешім шығарасың, ұсыныс тастайсың.)

Қорыта келгенде, «Шашты» әңгімесі менің жан - жүрегіме қатты әсер етті. Бұғынып жатқан рухымды оятып, көкірегімді мақтанышқа толтырды. Жылқышы атаның балаға үйреткен өмір сабақтары менің де санама қонды. Жайшылықта мән бермейтін, ұсақ –түйек сияқты көрінетін хылқымыздың ырым-тыйымдары мен мақалдарының,әдет-ғұрпы мен жоралғыларының астарында халқымның өмір тәжірибесі, болмысы мен рухы жатқанын түсіндім.Жазушының айтар ойы ұрпақты асылды ардақтай алатын, киеге бас ұрып, қа­зынасын қадірлейтін, құлдық санадан азат, тәуекелшіл болуға шақыру екендігін ұқтым.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.05.2023
1811
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі