Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Ұстаз –жаңалық жаршысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала қазір өзекті барлық информатика , биология, физика, химия пән мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маркабаева Гульзат Болатбековна

Информатика пәні мұғалімі

«ШЖ Саржыра негізгі орта мектебі» КММ

ШҚО Зайсан ауданы

Саржыра ауылы

gulsat2@mail.ru

Ұстаз –жаңалық жаршысы.


«Әр елдің тілін ,өнерін білген кісі

онымен бірдейлік пікірлесе алады,

аса арсыздана жалынбайды».

Абай Құнанбаев.

Уақыт талабына сай жаңартылған білім беру аясында мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуына бағытталған «Үштілде білім беру жағдайында пән мен тілді кіріктіріп оқыту» бойынша «Professional Development Centre» компаниясы ұйымдастырған берері мол ағылшын тілі курсында білім алғаныма қуаныштымын . Әрине алғашқыда ағылшын әрпін де білмей келген соң қиналғаным да рас.Бірақ уақыт өте келе оқитын,жазатын,шетел азаматтарымен түсінісе алатын жағдайға жеткенде кеудемді мақтаныш сезімі биледі.Бұрын беймәлім әлемнің есігін ашып ,құпиясын тапқандай күй кештім. Тіпті информатика ағылшын тілінде түсінікті де қызықты екеніне көзім жетті.Бөтен елдің тілін,мәдениетін,дәстүрін білу өзіңе деген сеніміңді күшейтіп жігер беретіні сөзсіз.Осындай шектеулі уақыт аралығында тілді меңгертуде «РДС» компаниясының арнайы бағдарламасы мен оқытушыларымның еңбегі зор деп білемін.

Елбасымыздың «жаңа әлемдегі  жаңа қазақстан»атты Халқына жолдауында айтылғандай қазақ тілі –мемлекеттік тіл,орыс тілі –ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі –жаhандық экономикаға кіру тілі дегеніне толықтай көзім жетті. Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген  мәңгілік Елге айналумыз керек.Бұл жолда біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Өз тілің бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін керек екенін ұмытпайық. Қазақ халқы табиғатынан еліктегіш, қабылдағыш халық. Дегенмен Кеңес заманында орыс тілі-заманның кілті болды. Бұл-заман талабы еді.Орыс тілін үйреніп,орыстардың өзін жаңылыстыратын жағдайға жеттік.Енді алдағы асу –ағылшын тілі.Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе ــ бұл сүйініш, мақтаныш; ал ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе ــ бұл күйініш, өкініш. Ал біздің мақсат – ағылшын идеологиясын сіңіріп, ағылшын болып өмір сүру емес, ағылшынның тілін ғана үйрену. Балаларымызды әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру.Кейбір адамдар ағылшын тіліне қарсылық білдіріп жатады.Химияны қазақ тілінде ұғу қиын,ағылшын тілінде қалай ұғады деген кері пікірлер де айтылып жатыр. Менің жақын арадағы мақсатым осы пікірді жоққа шығару.Шәкірттеріме ағылшын тілі арқылы пәнді,пән арқылы тілді меңгерттуге болатындығына көз жеткізу.Қолына шам ұстатып жол көрсету десем артық айтпаспын.Себебі мен бұл бағдарламаны мектепке енгізетін алғашқы ұстаздардың бірімін. Ал ағылшын әлем мойындаған  жаһандану тілі .Бұл-бұзылмас заңдылық. Сондықтан ағылшын тілін өзге елдерден озық білімді үйрену құралы ретінде пайдалануға жол сілтеуіміз керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыратын да біз, ұстаздар қауымы.  

Иә, «үштілділік» саясатын қайта қарау қажет деген пікірлер жиі қылаң беріп жүргені жасырын емес. Десек те Елбасының: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»- деген сөзімен ойымды қорытындылағым келеді.




   




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12