Материалдар / эссе Ұстаз шеберлігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

эссе Ұстаз шеберлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз- мұғалім деген қастерлі есім алдында терең ойлы дана да, жас жеткіншек бала да бас иеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2018
962
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұстаз шеберлігі

Өмірдің қызық та толғандырар, ауыр жүк арқалауға құлшындырар сәттері өте көп. Соның бәріне тартынбай, шынайы көңілмен араласып жүрсем дейсің. Барлық адам Отан, Ана, Туған жер, Мектеп, Ұстаз деген сөздерді естігенде ең алдымен балалық шағын, өскен ауылын, оқыған мектебін еске алары сөзсіз. Бар адамның кең дүниеге көзін ашатын да осы атаулар. Қоғамдық парыздың жауапкершілігі- туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктің күшінен туындайтын болмыс. «Талаптың тауы қашан да биік » дегендей , жоғарыдағы ұлы ұғымдарды санаңа орнатып, алдыңа үлкен мақсат қоя отырып, талаптың тұлпарына ерттеп міне білсең ғана мақсатыңа жетесің. Ұстаз болу-жүректің батырлығы, Ұстаз болу-көңілдің ақындығы Ұстаз болу-өмірдің күн шуағы Азбайтұғын адамның алтындығы,- депҒ.Қайырбеков жырлағандай,ұлы да ұлағатты, қиыны мен қызығы қатар кездесетін мамандық иесі болғанымды мақтаныш етемін.Мұғалімдік қызмет күрделі де жауапты. Қабырғасы қатайып, бұғанасы бекімеген, ойы орнықпаған бүлдіршінге ең алғаш қол ұшын беріп, көзін ашатын- осы мұғалім. Оған қара танытып, адамгершіліктің ұрығын ең алғаш себуші де – сол мұғалім. Ұстаз- мұғалім деген қастерлі есім алдында терең ойлы дана да, жас жеткіншек бала да бас иеді. Демек, өзіне-өзі қатаң талап қоя білу, шәкірттер мен әріптестер арасында беделіне дақ түсірмеу- ұстаздың биік парызы.Ұстаздық шеберлікті жете меңгермейінше беделді мұғалім болам деу- бекер. Мұғалімдік шеберлік- тума қабілет емес, толассыз еңбекпен, үлкен ізденіспен келетін қасиет. Сол қасиетке жетелейтін де, жеткізетін де мақсаттылық. Беделсіз, берері аз мұғалімдер « адасқақ армандаушылардан» шықса, жақсы ұстаздар арманы мақсатқа айналып, жан дүниесін, ғұмырын шәкірттерге аранғандардан шығады.Сабақты идеялық, ғылыми, тәрбиелік және эстетикалық жағынан қызықты етіп өткізетін мұғалімді оқушылардың бәрі құрметтейді. Әрі терең білімді, әрі бала тәрбиелеуге шебер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өзіне де оқушыларына да жоғары талап қоя білетін мұғалім ғана зор беделге ие. Сондықтан мен бүгінгі мұғалімге қойылатын талаптар қатарына мыналарды жатқызамын: ең бастысы, бүгінгі өмірге не қажет, ертең не талап етілетінін ақылмен, шын жүрекпен оқушы бойына дарыта білу. Екіншіден, мұғалім түсіне білсе, мейірімді болса. Үшіншіден мұғалім қатал және қайырымды болсын. Сабақ барысында терезеге қарап жалыққандық шынай танытпаса екен. Егер мұғалім өз пәнінен басқаны көре білмесе шәкірт үшін ең ұнамсызы-сол. Осыған орай, В.А.Сухомлинскийдің мына сөзі еріксіз ойға оралады: «Ұстаз тұлғасы шәкірттерді тұтастығымен, идеялық, өмірлік көзқарасының, моральдық-эстетикалық принциптерінің сұлулығымен өзіне тартады, таңдандырады. Егер сіз ұжымға ықпал ете алатын қуатты күш болғыңыз келсе, күнделікті өміріңіз бен сөзіңіз бір жерден шығатын ұлы мұратиесі болыңыз»Иә, мұғалім әлдебір пәнді оқытушы ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеуші де. Нағыз педагог баланы білуге ғана емес, ойлануға, түсінуге ғана емес армандауға, әділет пен шындықты құрметтеуге үйретеді. Әр мұғалім өз ісінің шебері болғысы келсе, онда ол тәрбие тәсілдерін игеруі тиіс. Баланы оқыту, тәрбиелеу ісі өте қиын. Терең білімді, мол тәжірибелі, асқан шыдамды, берік уәделі, биязы мінеөзді адам ғана бұл мамандықты еркін игере алады. Ұстаз беделін тартып та, сатып та ала алмайсың. Ол мысқалдап жиналады. Бедел-асыл қасиет, адамның парасаты мен жанының құнды перзенті. Ол өз мақсаты мен мұратына ұжым алдында терең құрмет орнықтыра білу арқылы бірте-бірте қалыптасады. Әрбір ұстаз әр ісінде бүкіл жас ұрпақтың тағдыры, мемлекеттік зор міндеттің жауапкершілігі өз қолында екендігін әрдайым терең сезіне білуі тиіс. Себебі, оларға жас ұрпақтың келешек тағдыры сеніп тапсырылған. Ұстаз беделінің түп негізінде оның шәкірттер үшін үлгі-өнегеге айналатын ұлағатты да құрметті қызметі жатпақ.Мен де бойыма осындай асыл қасиеттерді жалау етіп, талаптың таудайын ерттеп мініп, қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолды таңдап алдым. Содан бері 1 жылға жуық уақыт өтіпті. Осы мерзім ішінде ұстаздықтың қыр-сырын үйрен жүріп, кейінгі толқынға үйретіп келемін. Әрине, мұғалім де адам, оның да мінез-құлқы, қарым-қабілеті әр түрлі болып келеді. Дегенмен, ұстаздық мамандықтың тізгінін берік ұстағысы келген адам ең алдымен, өзінің мінез-құлқын, болмысын, талғамын, бойындағы бар қасиеттерін жақсартуға көңіл бөлуі керек. Өйткені оның күнделікті іс-әрекеті шәкірттердің көз алдында өтіп жатады. Шәкірттердің ұстаздық тек жақсы қасиеттерін де үлгі етуі мүмкін екендігін де ұмытпауымыз керек. Тек қатал тәрбиемен табысқа жете алмайсың. Шәкірттің жеке басының ерекшеліктеріне, жанұясындағы тәрбие жағдайына, қоршаған ортасына көңіл бөліп, соған орай жұмыс жүргізілгені жөн. Ұстаздың сөзі мен ісінде алшқтық болмауы тиіс. Айталық, сыныпта шәкірттерге адал еңбек ету жөнінде әңгіме айтып, өзі жұмыстан тыс кезінде саудагерлікпен,т.б жағымсыз кәсіппен айналыссақ, сондай-ақ, сыныпта, мектепте сыпайы, биязы, мәдениетті болып, былай шыға бере басқаша теріс мінез көрсетсек, оқушылр алдында қадір-қасиетіміз, беделіміз болды деп айту қиын. Ұстаздық- күнкөріс кәсібі емес, жауапты да қасиетті мамандық. Ұстаз- адамзатқа тән асыл қасиеттерге құштар жан. Өзі тәлім-тәрбие берген балалардың санасына сол асыл қасиеттерді егеді, оларды тоғышарлықтан, өзімшілдіктен, жамандық атаулыдан сақтандырады. Осы жолда өзімнің білімім мен білігімді, әдіс-тәсілім мен күш-жігерімді аямай еңбек етіп келемін.Ұлы ағартушы-педагог Ы.Алтынсаринның: «Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларға түсіндіре ала алмай отырған өзін кінәлауы тиіс»,-деген сөзі мұғалімге қойылған үлкен талаптың дәлелі. Әрбір адамның ықыласы түскен ісінің қыры мен сыры болмайтынына күнделікті жұмысымда көз жеткіздім. Тек ықыласпен еңбек еткен ұстаз ғана тәрбиеде табысқа жете алады.

Ақтөбе қаласы №49 ЖОББМ мұғалімі Қырылдақова Айкенже Сейтмағанбетовна





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!