Материалдар / Эссе "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға"

Эссе "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға тақырыбында қазақ тілінде сауатты жазылған барлық сыныптарға арналған эссе.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2021
468
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

"Ұзтаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға"

Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық. Ұстаздық жолымен жүргендер барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін, көпке үлгі болар асыл жандар деп білемін. "Мұғалімнің мамандығы - барлық мамандықтың анасы" демекші, ұстаздан білім нәрін сусындатып, өнегесін үлгі қылмаған адам жоқ шығар сірә.

"Ұстаз болу - өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытың аялау"- деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздың еңбегі ерен!Ұстаздың сол бір еңбегінің жемісі, тәрбиесінің бірден бір көрінісі ұлы ойшылдар, артынан өшпестей із қалдырған ғұламалар екендігі сөзсіз. Дәл осы қиындығы мен қызығы бір келетін ұлы жолды ойланбастан таңдадым десем де болады.Болашақта осы педагогика саласына өз үлесімді қосуды алдыға мақсат еттім. Бұл ойды қабылдаған сәтте көпке үлгі болар тұлғаны үлгі тұттым. Осы орайда ол кісінің туғанына 115 жыл болғанын атап өткім келеді. Менің осы салада үлгі тұтар адамым Сембаев Әбдіхамит Ібінияұлы. 1905 жылы Жезқазған обылысының Шет ауданыңдағы Қарабұлақ селосында дүниеге келген. Педагогика саласына қосқан үлесімен, еңбек жолын айтып өтер болсам, 1932 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) химия факультетін бітірді. Әбдіхамит Сембаев педагогикалық қызметін Қазақ ауыл шаруашылық институтында (қазіргі Қазақтың Үлттық аграрлық университеті) бастады. Онда ассисент химия кафедрасының меңгерушісі болып істеді. Ал 1940 жылдан бастап осы институттың директоры болды.1941 жылдан 1955 жылға дейін Әбдіхамит Сембаев Қазақ КСР оқу министрі болды.1955-1963 жылдары С.К.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) проекторы және педагогика кафедрасының меңгерушісі болды, содан кейін Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу педагогика институтының директоры болып тағайындалып, онда 1974 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін жұмыс істеген. Ә.Сембаевтың қаламынан сексеннен астам еңбектер шықты. Оның "Қазақстандағы қазақ совет мектебі тарихи очерктері" деген монографиялық еңбегі, "Қазақстан мектептерінің тарихи очерктері" сияқты басқа туындылары республиканың педагогикалық ғылымына елеулі үлес болып қосылады. Ә. Сембаев -Қазақстанда педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосқан, қазақ орта мектебінің қалыптасып өркендеуіне айрықша ықпал еткен тарихи тұлға. Ә. І Сембаевтың жемісті педагогикалық жұмысы жоғары бағаланады. Ол "Ленин ордені", "Еңбек Қызыл Ту"ордені, "Құрмет белгісі"орденімен және медальдармен марапатталды.

Қазақ халқында білімнің дамуына зор үлес қосқан, педагогиканың қалыптасуына ықпал еткен Ә.Сембаевты бар қазақтың ұстазы десем де артық емес! Осыншама ғылыми жұмыстары мен қоса қажырлы еңбегі нағыз ұстаз тұлғасын бейнелейді деп ойлаймын. Қорыта келгенде айтарым ұстаз болу - жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарытумен қатар, өзінің таңдаған мамандығынды дамытуға үлес қосу, өзгеге үлгі бола білу дегім келеді!

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ