Материалдар / Эссе. Заманауи мұғалімнің келбеті

Эссе. Заманауи мұғалімнің келбеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестацияға ұсынылатын эссе. Тақырыбы: Заманауи мұғалімнің келбеті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2024
2099
218 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Заманауи мұғалімнің келбеті

Бойыңызда білім болса, өзгелердің жүрегіне

шырақ етіп жағыңыз.

Томас Фуллер



Ғасырлар бойы ұстаздық ұлы мамандық екені, бәріне жоғары тұратыны, мәдениеттің символы екені белгілі. Ұстаз отбасында тәрбиеленген мен үшін бұл мамандықтың қыр-сыры белгілі еді. Барлық уақытта ұстазға қойылатын талаптар көп болды. Қоғамның дамуы мен болашағы ұстаздарға байланысты. Барлық мамандық иесі ұстаздың алдынан өтеді. Заманауи ұстаздың бұрынғы заман ұстаздарына қарағанда қоғам алдындағы міндеті ауыр деуге болады. Елу жылды ел жаңа дейді ғой, жаңа қоғамның талабы көп, тауқыметі көп, қағидалары сансыз болатын заманда ұстаз болу қаншалықты ауыр немесе жеңіл? Менің ойымша заманауи ұстаз біліммен толық қаруланған, мәдениетті, цифрлық ресурстарды толық игерген, жаңа Қазақстанның өркениетті ұрпағын тәрбиелей алатын, бойына сабырлылық пен этиканы мол жинаған, салауатты өмір салтын ұстанатын, заманның кез-келген ағымында жол таба білетін ұрпақты тәрбиелей алатын , психологиясы түзу жан болу керек. Педагогика мен психологияны оқыған, ғылымының қай саласынан да хабары болуы керек. Ал жаңа қоғам ақпаратты қабылдап, оны өңдеп дұрыс қорытынды шығаратын, коммуникабельді ,логикалық ойы жүйрік, парасатты азаматтарға толы болу керек. Мың жылдығын ойлайтын ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаз да үнемі жаңа қырларын қалыптастырып отыруы керек. Ұлы даланың ұлы ұрпақтарын қалыптастыру үшін ұстаз бен отбасы тәрбиесі бірінші кезекте болуы өте қажет. Ұстаз рухани бай болмай , білімді, ұлтжанды ұрпақ шығара алмайды. Ынтымақтастық педагогикасын насихаттаған педагог Шалва Александрович Аманошвили айтады: «Мұғалім үздік оқушылармен мақтанбау керек, керісінше әлсіз оқушыларын мықты азамат етіп шығарғаны үшін мақтану керек-деп» Біздің еліміз өркениетті ел қатарына қосылу үшін біздің материалдық ресустарымыз халық үшін қолданылу қажет, минералдық ресурстар болашақ ұрпақ үшін қор ретінде сақталу керек. Неге дейсіз ғой? Жерінің үсті мен асты байлыққа толы Қазақстанның тағдыры өз қолымызда болуды ойлайтын азаматтарды тәрбиелеуіміз қажет, бір миль жеріміз өзімізде қалуы үшін елжанды азамат, өзге елге ұлтымыз құл боп кетпеуді ойлайтын, халқына деген сүйіспеншілігі зор азаматты тәрбиелеуіміз керек.Бабалардың арманы болған, Алты алаштың арманы болған Тәуелсіздікті жанына байлап қалатын ұрпақ тәрбиелесек,соған үлес қоссақ сол заманауи мұғалім боп қалады. Өз бойында білімі болғанымен, ұрпағымыздың бойында ұлтым деп жүрегі шымырлайтын, тәуекелде жол табатын ұрпақ етіп тәрбие мен білім бермесек несіне ұстазбыз?! Ұстаз ғылымғам жол ашып берсе, алуан түрлі саясаттың алдауына түспейтін, ғылымның кез-келген жаңалығын тек бейбіт мақсатта пайдаланатын өнертапқыштардың мақсаты елдің қамы болу керек.Замануи ұстаздың келісті келбеті сөзі де, өзі де, бәсекеде жеңіп шығатын , отбасының тұтқасын бекем ұстап қалатын, бойында ұлттық рухы бар, құндылықтарымызды жоғалтпай жалғастыратын ұрпақтан көрінеді. Сөзімнің соңында Ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» ұлағатты сөзімен аяқтасам. Замануи ұстаз, бүкіл ұлттың педагогы болған Абайдың әрбір қара сөзі мен мысалын бала бойында ұлттық құндылық ретінде қалыптастыру керек.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ