Материалдар / "Эссе "Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?" 10 сынып

"Эссе "Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әлеуметтік ұстаз бен мектеп психологына қажет жеп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
3487
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Зорлық-зомбылықсыз әлем қалай құруға болады? Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі зорлық пен зомбылық. Бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес сондай-ақ әлемдік мәселелерінің біріне айналуда. Зорлық-зомбылық дегеніміз – бір адам екінші адамның құқықтарын бұзу жәнеде психикалық ықпал етуі. Адам зорлықты екі түрде жасай алады: біріншісі ол – тәндік, ал екіншісі – ол рухани. Тәндік жасалған зорлық дегеніміз – адамды ұрып-соғу, денсаулығына зақым келтіру сонымен қатар азаптап, денесіне жарақат салу. Ал рухани зорлыққа ол адамның психикасын бұзу, қорлау. Сондықтан да, зорлық-зомбылық тақырыбы барлық мектептерде тәрбие сағаттарында қаралып, ал үйде ата-аналарымыз қаперімізге салып отырады. Мен бұл тақырыптың мектепте берілуін бір жағынан құптап, бір жағынан қарсымын. Себебі, біз әлі мектеп оқушыларымыз біздің міндетіміз сабақ оқып, білім алып биік белестерді бағындыру, сондықтан мұндай тақырыптардың айтылуы баланың басын улауы, үрей мен қорқыныш тудыруы мүмкін, баланың ойының бөлінуіне әкеліп соғады деп ойлаймын, ал бір жағынан, қазіргі заман талабына сай, мектептерде айтылуы қажет деп ойлаймын. Себебі қазіргі заман тым өзгеріп кетті үлкенді-үлкен, кішіні-кіші демейді.Адамдар әр түрлі айуандыққа барады, әртүрлі зорлық-зомбылық қылады, біреуі содан рахат алу үшін, біреуі амал қалмағандықтан, біреуі мәжбірлегендіктен, біреуі ақшадан тарлыққаннан, күн көру үшін. Біз ауылды жерде оқығандықтан ондай жағдайларды естімейміз, бірақ біз өмір бақи ауылды жерде жүре бермейміз ғой, ертеңгі күні мектепті бітіріп, үлкен өмірге аяқ басып қадам жасайтын боламыз, қалалы жерге оқуға кетіп, әр түрлі адамдармен танысамыз, ертең бәрібір сондай ортаға барғанда біреуден жәбір не болмаса қиямен көрмеу үшін, қазірден бастап мектеп кезімізден хабардар етіп, сақтандырып отырады. Зорлық-зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттен бойларымызды аулақ ұстау, ондай әрекеттерге артымыздан келе жатқан кішкентай іні-сіңлілерімізді жамандық жасамауға, жаман әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлық адамның міндеті. Адамдардың бойында адамгершілік қасиеттің болса, ондай адам – ешқандай жамандық жасамайды, зорлық-зомбылықсыз әлемнің кепілі болады. Менің ойымша адамгершілік қасиетті бойымызға дарытуға мектеп пен отбасымыз жауапты. Үйде анам мен әкем әрдайым ақыл айтып «тура жолдан адаспай, жамандықтан жиреніп, жақсылыққа үйреніп жүріңдер, үлкенді сыйлап, құрметтеп, кішкентайларға қамқор болыңдар», - дейді. Егер әрбір баланың отбасы жастайынан осылай тәрбиелесе, ол бала жамандыққа қайдан жоласын? Сондықтан да барлық жағдай отбасынан бастау алады. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деп жай айтылмаса керек?!







Сапарбаева Диора 10 сынып
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ