Материалдар / Эссе.Бала тәрбиесі баршамызға ортақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе.Бала тәрбиесі баршамызға ортақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе Бала тәрбиесі баршамызға ортақ «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. ...бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы». М. Жұмабаев
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2022
909
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Бала тәрбиесі баршамызға ортақ



«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. ...бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы».

М. Жұмабаев



Тәрбие-адам баласының дүние есігін ашпас бұрын ананың сүті арқылы берілер баланың бағдары. Әр бала үшін басты ұстазы оның ата-анасы. Ұйыған отбасының берер тәрбиесін іліп әкетер қазіргі бала жағдайы ең өзекті мәселе десек те болады.

Ең басты тәрбие – ол тал бесіктен деп ойлаймын. Әр ата-ана өз баласына бақыт бергісі келетіні әрине, белгілі. Бірақ, бақытты бала қандай болуы керек? деген сұрақтың жауабын кім – кім де болса іздейді. Мен өз өмірімде түрлі жағдайларды кездестіріп көрдім. Бір жағынан өзім ұстаз болғандықтан да болар. Қазір мынау егемен елімізде құдайға шүкір бейбіт өмір орнап тұр. Ал енді «Кемшілік хан қызында да болады» демей ме халықта, сол айтқандай бейбіт өмірде де қиындық жоқ деуге болмайды. Тек сол қиындықты басынан өткізу арқылы оның соңындағы қызықты да көре білген жөн. Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екіншіден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек. 

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-демекші, Тәрбиеші де – ұстаз. Ол – бар білгенін болашақ ұрпақпен бөлісер, білім нәрімен білмегеннің тамырын сусындатар асыл адам.

Бос уақытын бала тәрбиесі мен біліміне жұмсаған ардақты жан, аяулы ана – ол ұстаз. Мен бұл саланы жүрегімнің қалауы арқылы таптым десем артық айтқандық болмас. Әр сәби дүние есігін ашқан сәттен бастап Абай атам айтқандай екі түрлі мінезбен туылады.

Біреуі – ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дейді. Сол секілді әр ата-ана өз баласының білім деңгейін ояту мақсатында балаларын балабақшаға, мектепке білім алуға береді.

Тәрбиеші – психолог. Иә, қаншама балаларды білімге жетелер жан, әр сәбидің психологиясынан хабардар. Кім қалай оқиды, кімнің сабаққа құштарлығы басымырақ, кім сабаққа қызықпайды. Бұл белгілер тәрбиешіге етене таныс жағдай.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген болатын.

Ұрпағымызды ұлттық тәрбиеге баулып, бойына адамгершілікті, мәдениетті, инабаттылықты, өз ана-тіліне деген құрметті сіңіре тәрбиелеу балабақшаның міндеті. Мен өзім балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Маған әр сәбидің орны ерекше. Балалардың сыңғыр күлкісі мен балдай тәтті сөздері жүрегіме жылулық береді. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетіліп, дамыған, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – менің міндетім әрі отбасының, балабақшаның, барша қауымның міндеті. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жүйесін қайта құрудың басты шарты – балабақшаға қолайлы жағдай жасау, тәрбие мәселесін жүйелі жүргізу, мекемелердің материалдық техникалық базасын жақсартып, кадрлардың біліктілігін арттыру.

Балабақшада тәрбиеші болу жауапкершілікті қажет ететін ең қиын жұмыс. Соған қарамастан әр келешек ұрпаққа білім беріп, саналы түрде тәрбиемен сусындатуға тырысамын. Балаларға үйрету арқылы, өзім де көп нәрсені үйренемін. Білім беріп қана қоймай, әр баланың психологиясына да терең мән беруге тырысамын. Әр шәкіртті алға тарту арқылы олардың зейіндерінің де ашылуына көп септігімді тигізіп келемін.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!