«№12орта
мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Базилбекова Дина
Сейтжапаровна
Эссе.
Тақырыбы: «Білім берудегі жаңа бағдарлама-жаңа
мазмұн»
«Қалам - өз ойыңды жеткізудің
құралы»- деп Мигуэль Сервантес айтқандай мен осы тақырып бойынша өз
ойымды білдіргім келеді. Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін
жетілдіріп, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз
сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді,
қонымды, тиімді болары сөзсіз. Қазақстан Республикасының Қазақстан халқының ілгері дамуын,
қамтамасыз ететін сала-білім саласы болып отыр. Сол оқу-тәрбие
үрдісін ұйымдастырушылықпен жүргізуде-мұғалім басты тұлға болып
көрсетіледі. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар
жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі –
мұғалім. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім
өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып,
үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және қызмет
саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибесін үнемі пайдалануы тиіс.
Үздіксіз іздену-бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты
талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің
бірі-ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Білім
берудің ұлттық модуліне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші,
практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог, іскер мұғалім
қажет. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы –
өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз
керек. Жаңа білім алу үрдісі
оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді,
себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса,
мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол
үшін мұғалімнің сабақты жан - жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде
қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындауы мүмкін,
сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім
бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде
мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату
мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап
отыр. Сонымен қатар жаңа
педагогикалық технологияларды пайдалану мұғалімге оқу процесінің
құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын
кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып
дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік
береді.
Елімізде түбегейлі өзгерістер
орын алып отырғанда келешек ұрпағымызды білімді етіп тәрбиелеу –
қасиетті парызым деп білемін.
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып
Дулатұлы «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те,
жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та,
бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық
жұлдыз-оқу». «Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»-деп
ғылым, білім, оқудың маңызын халыққа
көрсеткен.Ендеше, егемен елдің ертеңіне
үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын
шәкірттеріміздің білімнің биігінен көру-ұстаз үшін үлкен бақыт.
Себебі, бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін
басты тұлға - ұстаз. Мемлекетіміздің білім беру
үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына
сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным
мол. Негізінен жаңартылған білім
беру жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама
екендігіне көз жеткіздім. Жаңартылған білім берудің
маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын
құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу,
тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа
түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру
бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді
және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту
әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі,
бағалаудың тиімді стратегиялары)үйретеді. Жаңартылған
білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен
берілуі.
Жаңартылған білім берудің
маңыздылығы оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын
құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу, функционалдық
сауаттылығын арттыруды талап етеді.Аталмыш бағдарламада оқушы
өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетке асыра білуі
керек. Жан-жақты білімді, ұлтын
сүйетін, шығармашыл жастарды тәрбиелеу- мұғалімдердің, яғни біздің
қолымызда. Сол себепті білім саласына еңгізіліп отырған
жаңалықтардан қалт қалмай, ілгері жылжуымыз қажет, ол тың еңбекті,
терең білімді қажет етеді. Сондықтан, мен бұл заманауи талапқа сай
жүйелі жұмысқа өзімнің де күш-жігерімді аямай салуға
міндеттімін.2016-2017оқу жылынан бастап 2сынып оқушыларын жаңа
білім беру бағдарламасы бойынша
оқытудамын. Бүгінгі күні менің оқушыларым
сыни ойлауды,зерттеу жұмыстарын жүргізуді,топта және жұпта бірлесіп
жұмыс жасауды үйренді.Мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірмен
байланыстыра біледі. Сабаққа деген қызығушылықтары
мен белсенділіктері артты. «Мұғалім көп әдісті білуге
тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы
керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай
білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы
керек.