Материалдар / Эссе.«Көркем шығарманың мазмұнын жете түсінбей, оларға көз жібермей, кейіпкерлерінің іс-әрекетін, қарым-қатынасын, жай жапсарын айқын біліп алмай, оқушы оның сюжетін жеткізе алмайды» деген пікірмен келісесіз бе?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе.«Көркем шығарманың мазмұнын жете түсінбей, оларға көз жібермей, кейіпкерлерінің іс-әрекетін, қарым-қатынасын, жай жапсарын айқын біліп алмай, оқушы оның сюжетін жеткізе алмайды» деген пікірмен келісесіз бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2024
149
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көркем шығарманың мазмұнын жете түсінбей, оларға көз жібермей, кейіпкерлерінің іс-әрекетін, қарым-қатынасын, жай жапсарын айқын біліп алмай, оқушы оның сюжетін жеткізе алмайды» деген пікірмен келісесіз бе?

Оқушы көркем туындыны оқымай, әдебиеттен білім беру мүмкін емес. Көркем шығарма оқу – оқушы үшін де, мұғалім үшін де керек дүние. Көркем әдеби шығарма оқу арқылы тіл байлығымызды, сөздік қорымызды молайтамыз.

Оқушыға мұғалім көркем шығарманы оқыту арқылы қажетті дүниелерге қол жеткізе алады. Оқушы сөз қадірін түсініп, рухани дүниесін байытып, тіпті әдебиет сүйер оқырманға да айналуы мүмкін. Көркем шығарманы жай оқып шығу емес, одан алған әсерін, сезімін, шығарма сюжетін оқушы білді ме деген мәселе мұғалім үшін өте маңызды.

Алдымен шығарманы түсініп оқу қажет. Оқыған соң мазмұнын талдаймыз. Бұл оқудың бастауы ғана. Шығарма мазмұнын анықтаған соң, оны талдаймыз. Шығарма кейіпкерлерін анықтау, мінездеме жасау, шығарманың тілі мен жазылу түрін және шығарма композициясын талдау қажет. Бұлар бір-бірімен тұтас қамтылған. Талдап, түсініп оқудың нәтижесіне сүйене отырып, балалардан сұрақ-жауап әдісімен жүргіземіз. Шығарманы оқымаған оқушы немесе түсініп оқымаса сұраққа нақты жауап бере алмайды. Шығарма сюжетін толық жеткізе алмайды дегенге келісемін.

Ата-ана мен мұғалім шығарманы ұғынтып оқуға көп күш жұмсау керек деп ойлаймын. Кейіпкерлермен жұмыс, олардың іс-әрекетін талдау, сұрау, түсіндіру т.б.

Көркем шығарма материалдары бастауыш сыныптардың әрбір пән мазмұнына енгізілсе, оқушылардың даму ерекшеліктеріне сай болса, көркем шығарманы меңгерту тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылса, оқу-әдістемелік кешендермен оқу құралдармен қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларында сапалы білім беруге негіз болар еді.

Көп ұстаздарымыздың айтатыны оқушылар жалпы кітап оқымайды. Көркем шығарманы, әдебиетті айтпая қойыңыз дейді. Кітапты оқымаса қайдан түсінік, сюжет анықтаймыз дегендей-ақ. Расымен де, қазіргі кезде көп жастарымыз кітап оқығысы келмейді, қызықпайды жалпы ұнатпайды. Осы олқылықты жою үшін, көп жұмыстар атқарылуы тиіс.

1.Кітап оқуға деген құлшынысын ояту;

2.Оқушы ұнататын жанрын анықтау;

3.Кейіпкерлер туралы ерекше мәліметтер келтіру;

4.Сыныпта топтық жұмыс, рөлге бөліп оқыту, хормен оқыту, жұптық оқыту, мәнерлеп оқыту, диалогке түсіп оқыту, ұжымдық оқыту, түсіндірмелі оқыту, жатқа оқыту т.б. әдістерді пайдаланып оқытуды ұсынар едім.

Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Екеуі бір-бірімен байланысты. Мысалы, көркем туындыны түгелдей сыныпта оқуға уақыт жетпейді. Сондықтан жалғасын үйде оқу үй тапсырмасы ретінде ұсынылады. Жоғарғы сыныпта өтілетін роман, хикаят сияқты көлемді туындыларды үйде оқу ұсынылады. Егер оқушы үйден оқуға дағдыланбаса, түсініп оқымаса, сыныпта айтылған, оқылған шығарма босқа кетеді.

Көркем шығарманы оқуды ұйымдастыруда баланы жалықтырып алмау керек. Ол үшін мұғалім қызықты, тиімді жолдар іздегені жақсы.



Хасенова Р.О.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!