Материалдар / Эссе:«Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе:«Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі» бұл мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің қызметі туралы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЭССЕ тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі»


Дана халқымыз «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: соның бірі-мамандық таңдау» деген екен.Менің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым- «Педагог».Бұл қандай мамандық?Педагог деген кім? Педагог-балалардың сапалы білім алуы мен тәрбиесін,әр балаға бар мейіріммен қарап,жеке тұлға ретінде қарап,олардың ішкі жан сырын,ойын түсіне отырып,дұрыс жол сілтеу,бағыт-бағдар көрсету,белгілі бір іске деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту бағытында жұмыс істеуі керек.Әрбір адамға жақсы маман болып қалыптасуы үшін білім,тынымсыз еңбек,өзіне деген сенімділік,мақсатқа жетуге ерік-жігер,тиянақтылық сияқты қасиеттер қажет. Ал жақсы педагог болып қалыптасу үшін жоғарыда аталған қасиеттермен қатар,әр бір істе шығармашылықпен, дәлдік,тапқырлық, мейірімділік қасиеттері керек. Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский: «Педагог мамандығы-бұл адам тану,адамның күрделі де қызықты,рухани жан дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»-деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.

Қазіргі заманда,жедел дамып келе жатқан қоғамдық ортада өмір сүруге қабілетті,өз ойын еркін ашып айта алуға,ұлттық құндылықтарымызды жетік меңгерген,жан –жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мақсаты мен міндеті қойылып отыр.Бүгінгі күн педагогтің көп ізденіп,тынымсыз еңбектенуін,балаларды тәрбиелеу мен білім берудегі амал-тәсілдерін жетілдіріп отыруы қажет етеді.Өйткені білім мазмұны,тәрбиелеу үрдісі үнемі жаңартуды талап етеді. Және де терең білімді,іздемпаз,жан-жақты дамыған,өз болмысын тани алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ғасырлар бойын қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу,жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру бүгінгі педагогтардың басты борышы.Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты баланың жеке тұлғасының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Міне осыдан «Қалай оқыту керек? Қалай тәрбие беру керек?» деген сұрақ туындайды. Әбу Насыр Әль Фараби «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беру керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»деген екен.Сол себепті педагог білім мен тәрбиені егіз алып жүру керек.Әр педагогтің өзінің алға қойған мақсаты мен ұстанымы болады.Сол секілді менің басты мақсатым балалардың маған деген сүйіспеншілігін ақтау,себебі балалық шақ ол-арман мен жақсылықтың,таңғажайыптың әлемі.

«Баланы ең әуелі мейірім-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға,еңбекке баулу » керек дейді ұлы ғұлама Абай Құнанбаев. Он жылдам астам уақыт педагог-тәрбиеші болып жүріп түйгенім-мамандығыма басы бүтін бойы ұсынып,әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірім шуағын төгіп,тәрбие бере отырып,биік белестерге жетуіне жауапты екенімді еш уақытта естен шығарған емеспін.

Ал менің педагогикалық ұстанымым- «Бала-бұл толтыратын ыдыс емес, ол-от, жалын оны тұтатып жандыру керек». Оты бар жүрекке жалын сыйлау, тәрбиелей отырып білім беру,сендіру, ұйымдастыру-нағыз ұстаздың еңбегі!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!