МРНТИ:
Нұрланқызы
Мөлдір
Қазақстан
Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының
«Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Ғылыми жетекшісі:
Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Дюсембаев
С.Т.
Ет және сүт
өнімдерінің радиоактивті және уытты заттармен зақымдау
деңгейі.
Қазіргі таңда бүкіл
әлемде радиоактивті уытты заттармен зақымдалу белең алып жатыр.
Радиоактивтілік көздері, басқа ластаушы заттар сияқты, қоректік
тізбектердің құрамдас бөліктері болып табылады: атмосфера - жел -
жаңбыр - топырақ - өсімдіктер - жануарлар - адамдар. Радиактивті
заттарды тағам өнімдерімен шамадан артық қолданғанда адамның
денсаулығына зиян, тіпті сәулелі аурулар тудыруы мүмкін. Сол
себепті малдәрігерлері тағамдық өнімдердің радиактивті заттармен
ластануын қадағалап отырып, тұтынушыны сапалы заттармен қамтамасыз
етуі керек.
Радиоактивтілік -
кейбір элементтердің атомдық ядроларының өздігінен ыдырауы, олардың
атомдық саны мен массалық санының өзгеруіне әкеледі. Радиоактивті
заттар біздің планетамыз пайда болған сәттен бастап жансыз және
тірі табиғат көзінде баяғыдан кездесіп келе
жатыр.
Радиоактивті
заттардың жануарлар ағзасына түсуінің үш жолы
бар:
1. Радиоактитві
заттармен тыныс алу кезінде;
2. Асқазан-ішек жолдары
арқылы – тамақпен және сумен;
3. Тері
арқылы;
Еттің радиактивті
заттармен зақымдануы екі жолмен
жүреді:
1. Малдардың
радиактивті заттар қосылған азықтар жеуінен немесе радиактивті
заттың малдың ағзасына басқа әдістермен
түсуінен;
2. Радиактивті
шаң-тозаңдардың еттің үстіне қонуынан
болады.
Егер радиактивті
зақымдану жарамды деңгейде болса, малды союға рұқсат етіледі. Малды
сойғаннан соң және етті бөлгеннен кейін радиактивті зақымдануын
радиометрдің көмегімен анықтайды. Егер радиометрдің көрсеткіші етті
жарамды деңгейдегі мөлшерін көрсетсе және етте ешқандай
патологоанатомиялық өзгерістер болмаса етті сатуға еркін жібереді.
Егер зақымдану жарамды мөлшерден асып кетсе, онда етті оқшаулау
радиактивтілік көрсеткіші төмендегенше сақтайды, содан қайтадан
радиактивтілігін өлшеп етті жарамды деп тапса, сатуға жібереді.
Ондай еттерді 5 айдан 10 айға дейін сақтайды. Зақымдануы көп
мөлшерде болған ұшалардың паренхиматозды мүшелерді жерге 70 см
тереңдікте көміп тасталады.
Радиоактивті заттардың
ғаламдық түсуі Батыс Еуропа, АҚШ және КСРО үшін стронций – 90, йод
– 131, цезий – 137 жасанды радионуклидтерінің негізгі көзі
жануарлардың өнімдері болып табылды.
Ет адам қорегінің
ішінде сұранымы жоғары тағам. Еттің тағамдық құндылығы оның
құрамындағы жануар ақуызы мен майына байланысты анықталады. Еттің
құрамындағы кейбір қоректік заттарды өзінің тағамдық құндылығына,
химиялық құрамы мен қасиетіне байланысты басқа тағамдарды қолдану
арқылы алмастыру мүмкін емес. Жануар ақуызымен және майымен қатар
еттің құрамында экстрактивті заттар, минералды заттар, сонымен
қатар дәрумендер және минералды тұздар кездеседі. Еттің құрамындағы
организмге қажет маңызды заттар темір, калий, магний, натрий, цинк,
фосфор, йод және т.б. Етте организмге қажет тиамин, рибофлавин,
пиридоксин, холин, никотин және пантотен қышқылдары, токоферол,
сонымен қатар В1,В2,В3,В6,В12 дәрумендері
бар.
Еттің тағамдық және
биологиялық құндылығы әртүрлі себепшарттарға байланысты өзгеріске
ұшырап отырады. Соның бірі мал организміне әртүрлі жолдармен
радиоактивті заттардың түсуі. Организмге түскен радиоактивті заттар
түріне, мөлшеріне қарай жануар организмінде өзгерістер туғызады.
Нәтижесінде малдың өнімділігі төмендеп, одан алынған өнімнің сапасы
нашарлайды .
Сүттің сынамасын алу
және өңдеу.
Сүттің сынамасын алу
үшін полиэтиленді шөлмекті пайдалануға болады. Қажет болса, ұзақ
тасымалдағанда алдын ала өлшенген сынаманы 3,5 пайызды формалин
ертіндісімен 1 л сүтке 2 мг консервілеуге болады. Сынаманы алу
алдында және оны өңдеудің алдында сүтті араластырып қайнататын
тостағанға құяды, қою консистенцияға дейін қайнатады, содан соң
электроплитада немесе лампа астына кептіреді. Қалдықты аздаған
концервіленген азот қышқылымен ылғалдандырады және 800º С
температурада күлге айналдырады. Егер алынған күл сұр түсті болса,
онда қышқылмен өңдеуді және жағуды қайталайды, күл ақ түсті болуы
керек. Стронцийді анықтау үшін сүттің күлінің 15-20 г қажет. 1 л
сүтте 7 г минералды заттар бар екенін ескерсек, онда стронциймен
Cs137 бір рет анықтау үшін 2,5-3 л сүт қажет, ал егер МСТ-17
санағышын қолдансақ онда 10 л сүт қажет болады. Егер
радиобиологиялық зертхана тұрған ауданда құрғақ сүт дайындайтын
зауыт болса, онда стронций мен Cs137 радиохимиялық анықтау үшін сүт
ұнтағын пайдалануға болады. 1 литр сүттен арнайы кептіргішті
пайдаланғанда 100 г құрғақ сүт шығады, МСТ-17 санағышпен анализ
жасағанда 1 кг сүт ұнтағы қажет. Сүтті зауытты кептіргенде радиойод
ұшып кетеді, сол себепті сүттен йод концентрациясын анықтауда тек
табиғи сүтті пайдалану қажет.
Қорытынды
Радиактивті зертеуге
малдардың ұшалары мен мүшелері ветеринарлық санитарлық сараптау
радиометриялық зерттеулерден тұрады. Осы мақсатта еттің үстірт
қабатынан 0,5 см қалыңдықта кесінді алады, кесінділерді бір біріне
ластанған жағына қаратып жинап қояды, полиэтилен қабына салады, ал
оны шыны банкаға салады және толық жабылған қақпақпен жабады,
сүргіш салып зертханаға жібереді. Ал ұшамен ішкі мүшелермен
зертханалық зертеудің нәтижесі бойынша іске асырады. Атомдық
құралдардың әсеріне түскен малды етке сою, оның зақымдануымен және
басқа да факторларға байланысты.
Союға етті
жібермейді: ветеринарлық– санитарлық қадағалаудан өтпеген; денесінің ¼
бөлігінде күйген жарақаттары болған; температурасы сәулелі аурудың
әсерінен көтеріліп тұрған мал. Мұндай, сәулелі аурумен ауырған
малдар емделеді немесе жойылады.
Ал союға мынадай
малдар жіберіледі: радиактивті заттармен көрсетілген деңгейден аспайтын
зақымданған малдар; сәулелі аурудың клиникалық белгілері білінбеген
малдар; денесінің күйген жарақаты ¼ аспайтын және температурасы
қалыпты малдар. Мұндай малдар зақымданудың алдыңғы сағаттарында
сойылады.
Радиактивті заттармен
залалданған ет және басқа сою өнімдері малдәрігерлік-санитарлық
бағалауы мынадай тәртіппен жүргізіледі. Ет ұшалары мен мүшелері,
егер радиактивтілігі көрсетілген мөлшерлі деңгейден аспаса,
шектеусіз шығарыла береді; Егер ет ұшаларының радиактивтілігі
шамадан тыс асса, онда оларды радиактивтілігі, көрсетілген деңгейге
түскенге дейін сақтайды, сонан соң шектеусіз шығара береді. Ал
сақтаған соң радиактивтілігі төмендемесе, ондай ұшамен
паренхиматозды мүшелерді жояды. Егер еттің радиактивтілік деңгейі
10 есе асып кеткен жағдайда, оны 10 айға дейін сақтайды, сүйектен
етті сыпырып алып сақтағанда, еттің анағұрлым радиактивтілігі
төмендейді. Егер ұша мен мүшелерден патологанатомиялық өзгерістер
табылса, ондай ұшалар бактериологиялық зерттеуге
жіберіледі.
Сонымен қорыта келгенде
тағам өнімдерінің радиактивті ластануы адам денсаулығына аса
қауіпті, кейбіреуі адамда сәулелі ауру туғызады, сол себепті бұл
өнімдерді ветеринарлық-санитарлық сараптаудың маңызы
зор.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі:
А.Д.
Белов «Практикум по ветеринарной радиобиологии», Москва, «Колос»,
1988ж;
Г.Г.Воккен «Радиобиология», Москва «Высшая
школа», 1967 ж
Б.Н.
Федотов «Ветеринарно – санитарная экспертиза с технологией
продуктов животноводства», Ленинград, 1967;
И.С.
Загаевский, Т.В. Жмурко «Ветеринарно – санитарная экспертиза с
основами технологии переработки продуктов животноводства», Москва,
1983;
Мурсалимов А.М. «Сборник нормативных
правовых актов в области ветеринарии», Усть-Каменогорск,
2004;
Ветеринарлық Заңнама,
Том-2;
Г.А.
Кононов «Справочник ветеринария», «Колос», 1978.