Етістіктің рай,шақ категориясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Етістіктің рай,шақ категориясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Етістіктің рай,шақ категориясы.Толық презентация
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Етістіктің рай,шақ категориясы.

Орындаған: Берикбол Ақжайық


Page 2

Жоспары:
●Етістіктің райлары
●Шақ категориясының тарихы



Page 3

Мақсаты:
Етістіктің морфологиялық құрылымы
бойынша болымды-болымсыз, рай, жақ,
шақ жəне сан категорияларына бөлінуін,
түркі тілдеріндегі етістіктер сыпатының
бірыңғайлығын, қазақ тіліндегі етістік
категорияларының түбір мен туынды түбір
қалпы басқа түркі тілдерінде де
қайталанып, сол дəрежеде көрінуін, кейбір
айырмашылық жеке тұлғалардың
синтаксистік қолданысы мен
семантикасында ғана болу жайын
қарастыру


Page 4

Мазмұны:
Етістік морфологиялық құрылымы бойынша болымды-болымсыз, рай,
жақ, шақ жəне сан категориялары бар, синтаксистік жағынан сөйлем
баяндауышы қызметіне бейім, лексикалық мағынасы — қимыл мен əрекет
болатын сөздердің грамматикалық класы ретінде есімдер тобынан
айрықшаланып тұрады.
Етістіктердің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелуі түркі негіз
тілі дəуірінде басталып, кейбір іздері оның жеке тілдерге ыдырау
дəуірінен кейін де жалғасады. Соның бір көрінісі — қазіргі түркі
тілдерінің көпшілігінде-ақ жақтық қосымшалар етістіктер мен
есімдерге бірыңғай жалғандығы.


Page 5

Мысалы:
Қазақ тілінде инже-нер-мін, бара-мын,
инженер-сің, бара-сың. Осымен бірге,
жақтық косымшалардың «қысқарған»
варианты да бар: бар-ды-м, бар-ды-ң.
Осындай сыпат басқа тілдерде де
сақталған: ноғай тілі ала-ман, ала-саң,
тува тілі алыр сен, алыр біс, т. б.
Етістіктің жедел өткен жақ тұлғасына
қосылатын -м жалғауы есімді
тіркестер құрамында да қайталанады:
(менің) кітаб-ы-м.


Page 6

Етістіктің райлары
Қазіргі қазақ тілінде етістіктің бес түрлі райы
бар деп қаралады. Рай деп əдетте етістіктің
модальдық мəн беретін түлғалары аталады.
Сонда рай аталатын етістік категориялары əрі
грамматикалық класс, əрі семантикалық топ
құрайды. Арнаулы грамматикалық
көрсеткіштер райлық топ құрайды. Алайда
кейде бір ғана грамматикалық көрсеткіш екі
түрлі рай мəнін беріп, екі түрлі қолданылуы
да мүмкін. Бір жағынан мұндай құрылыс рай
мəндерінің бір-бірімен тығыз
байланыстылығын көрсетсе, екінші жағынан
олардың бастапқы генезистік бірлігін де
байқатады.


Page 7

Бұйрық рай
Бұйрық рай етістігі бұйрықты, насихатты,
тыйымды жəне т.б. білдіреді: «Сіз барыңыз!»
«Бала кетсін» «Ол жаққа барма!»
Бұйрық райдың негізгі берілу тəсілі етістік
түбірлері екені мəлім. Бұл тəсіл көне туркі
тіліне де тəн: Етістіктің түбір тұлғасы
арқылы... едгүті есід. Кейде осы тұлға
көпшемен де қолданылғаны байқалады: Тоқуз
оғуз беглері будуны, бу сабымын едгүті есід,
қатығды тыңла. Бұл сөйлем бір ғана кісіге
емес, көпшілікке арналса да, етістік түбіріне
арнаулы қосымша жалғанбаған.


Page 8

Қалау рай
Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды я əрекетті
жүзеге асыруға бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-
арманын білдіреді. Бұйрық раймен семантикалық
та, грамматикалық та тығыз байланысты болып
келетін — қалау рай. Түркологияда кейде қалау
райдың бірсыпыра тұлғаларын бұйрық рай деп
немесе керісінше бұйрық рай тұлғасын қалау рай
деп қараудың да сондай объективтік себептері
бар. Контексте кейде бұйрық рай тұлғасы қалау
райлық мəнде қолданылады да, қалау рай мəнін
беретін болады. Алайда мұндай құбылыс
грамматикалық тұлғаның контекстік мəні ғана
екені белгілі жайт.


Page 9

Шартты рай
Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір,
туынды), күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы
жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл
формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я
істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді.
Шартты рай тұлғасы -са, -се V—VIII ғасыр
ескерткіштерінде (Орхон-Енисей жазбаларында) -
сар, -сер түрінде ұшырасады: ол ііергерү барсар,
түрк будун, өлтечісен.М.Қашқари сөздігінде -са
екі түрлі тұлғада жалғанатыны келтіріледі. Бірі,
жоғарыдағыдай, етістік түбірге жалғану, екіншісі
— қимыл есімге (көбіне -ығ тұлғалы) жалғануы


Page 10

Шақ категориясы
Шақ қатегориясы. Шақ категориясы ашық райға тəн болып табылады. Етістіктің
негізгі, басты категорияларының біріне жататын бұл категория тұлғаларының
молдығымен жəне күрделілігімен ерекшеленеді. Əрбір шақ формасы (өткен шак,
осы шақ, келер шақ) тарихи тұрғыда тұлғалық əрі семантикалық жағынан
қалыптасудың жемісі.
Ашық райдың ішінде еткен шақ тұлғалары формаларының көптігімен
айрықшаланады. -ды еткен шақ формасы — барлық түркі тілдерінде кездесетін
əрі ең көне тұлғалардың бірі. Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде -ды (ді, -ты, -
ті) қосымшасының түбірге жалғануы дыбыс үндестігі заңына сəйкес те, қайшы
да келіп отырған.


Page 11

Өткен шақ Осы шақ Келер шақ
Осы шақ сөйлеп тұрған сəтпен
байланысты қимылдың, іс-əрекеттің
болып жатқанын, не дағдылы түрде
болып тұратынын білдіреді. Мысалы,
“келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел
соғады”.
Осы шақтың 2 түрі бар:
1) Ауыспалы осы шақ.
2) Нақ осы шақ.


Өткен шақ — іс-əрекет, қимылдың
сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып
өткенін білдіретін етістіктің шақтарының
бір түрі.
Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:
1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті”
жұрнақтары арқылы жасалып, іс-
əрекеттің жуық арада ғана болып
өткенін, аяқталғанын көрсетеді.
Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.
2)Бұрынғы өткен шақ іс-əрекеттің сөз
болып отырған уақыттан көп бұрын іске
асқанын білдіредң.. Мысалы: “барған”,
“айтқан”, “барыпты”.
3) Ауыспалы өткен шақ — іс-əрекеттің
бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді.
Мысалы, “тыңдайтынбыз”,
“көретінсіңдер”.

Келер шақтың негізгі 3 түрі бар:
1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-
ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары
арқылы жасалады: “берерміз”,
“айтпассың”. Болжамды келер шақ
аналитикалық тəсілмен: “-атын”, “-етін”
есімше тұлғалы етістікке “шығар”,
“секілді”, “тəрізді” сөздері тіркесуі мен
жасалады.
2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-
мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ,
Мысалы:“жүрмек”, “айтпақпын”.
3) Ауыспалы немесе жалпы (анық)
келер шақ — етістік түбірге көсемшенің
“-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып,
жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады,
оқиды”.


Page 12

Шақ категориясы жайлы мəлімет
Қазіргі тіліміздегі шақ тұлғаларының қайсысы да тарихи тұрғыдан көбіне есімшелер
негізінде қалыптасқан. Етістіктердің жақтық жалғауларына байланысты айта кететін
тарихи ерекшелік мынадай: V—VIII ғасыр жазбалары тілінде шартты рай тұлғасы
қазіргідей тəуелдік жалғаулары бойынша өзгермеген. XI ғасырдағы оғыз, қыпшақ,
сувар тайпалары тілінде -дуқ тұлғасы есімшелердің ешбір жақ қосымшасынсыз үш
жақта да сол күйінде қолданылғандығын М.Қашқари ескертеді. Ал қа зіргі дəуірде
сары ұйғыр тілінде жақ жалғаулары қолданылмайды.
Оның үстіне, түркі тілдерінде III жақта (бұйрық райдан басқа) жақтық қосымша жоқ
жəне еш уақытта болмаған. Сонымен, түркологияда айтылып жүрген жақтық
қосымшалар түркі тілдерінде о баста болған категория емес, кейін тілдің даму
барысында пайда болған категория дейтін пікірдің дəлелденуіне едəуір фактілер
барлығы айқындалады.


Page 13

Назарларыңызға рахмет!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
21.11.2024
263
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі