Материалдар / Этносольфеджио пәнінің негізгі жұмыс түрлері.

Этносольфеджио пәнінің негізгі жұмыс түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Теория пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
979
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Қойшыбаев балалар саз мектебінің теория пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Юсупова Жанар Сабитовна

Этносольфеджио пәнінің негізгі жұмыс түрлеріне  «Күйлерді аңызыменен тыңдау және орындау»,  «Ән айту және сольфеджиолау»,  «Диктант» жатады.


Күйлерді аңызымен тыңдау және орындау

Бұл жұмыс түрі бүкіл пән барысында өткізіледі. Мұнда оқушылардың назарын музыкалық мәтінмен қатар аңыз мазмұнын меңгеруге аударудың маңызы зор. Келесі кезеңдерде материалды бекіту үшін тыңдалған материал бойынша сұрақ-жауап және викторина сабағын өткізген дұрыс. Музыка  тыңдауды сыныпта өткізуге де, өзіндік жұмыс ретінде үйге тапсыруға да болады.Бұл жұмыс барысында оқушыларға ән-күйлердің аймақтық ерекшеліктері мен жанрларын тыңдап табуды үйрету маңызды болып табылады (оларға қысқаша талдау жасауға да болады). Егер ән немесе күйді орындаушы орындап берсе, орындалған шығармамен байланысты аңызды айтып беру қажет.

Этносольфеджионың бір міндеті – синкреттік шығармашылық(әңгіме және музыка) өнері ретіндегі дәстүрлі музыканы ауызша қабылдап, қайталап орындап беру дағдыларын қалыптастыру. Сондықтан аңыз-күйлерді орындау оқушылардың сыныпта да үйде де орындалатын ең мәнді жұмыс түрі болып табылады. Оқушылар дәстүрлі музыканы біліп қана қоймай, оны орындап бере алуы тиіс.

Бұл жұмыс түрін өткізу үшін оқушылардың өз репертуарындағы күйлерді қолданған дұрыс, себебі күйдің аңызын немесе шығу тарихын әңгімелеу тек әдеби материалдың меңгерілгенін(әдебиетті оқып, конспектілеу) ғана емес, оқушының күйдің сюжетін толық және қызықты айтып беру қабілетін де, тыңдаушының жан-дүниесін тебіренте алу қабілетін де аңғартады. Халық өнері дәстүрінде аңыз-күйлерді орындау өте маңызды коммуникативті акт болып табылғандықтан, оқушылар осындай орындау дағдысын меңгеруге тырысуы керек.

«Бұл коммуникативтік актінің нақты көрсетіліміне (инсценирование) күйдің орындалуын  жүргізуші (режиссерлеуші) ретінде педагогтың да, тыңдаушы- сарапшылар ретінде күй аңызын толықтырып, орындаушы оқушының қателерін түзеп немесе аңыздың басқа нұсқасын келтіріп, әңгімені сапалық жағынан жақсартып отыратын оқушылардың да қатысуының маңызы өте зор. Кейде бұл жұмыс түрі шығармашылық, жанр немесе орындаушылық дәстүрге байланысты бір мәселені талдауға ұласуы да мүмкін. Сонымен, бұл жұмыс түрі барысында оқушылар міндетті түрде күйдің аңызын қоса айтып отырып, еркін қарым-қатынаста күйлерді өзіндік табиғи өнер ретінде орындауды үйренеді, күйшілік өнерінің (басқа халықтардың аспаптық өнері емн жанрларымен салыстырғанда) айырмашылығын біледі»

Ән айту және сольфеджиолау

Этносольфеджио пәні барысында ән айту және сольфеджиолау әндерді (әдет-ғұрып, тұрмыс-салт жырларын, қара өлеңдерді, авторлық әндерді) сөздерімен және нота көмегімен интонациялауды көздейді. Әнді сөзімен қоса үйреніп болғаннан кейін, оларды «ауыздан» нотаға түсіруді оқушылар диктант немесе өзіндік диктант  түрінде жасап, соан соң  әуенін нотамен айту (интонациялау) – дирижерлаусыз жасалады, себебі музыкалық ырғаққа да әсерін тигізетін екпінсіздік (сингармонизм) дирижерлауды қажет етпейді. Ноталардағы тактілеу шартты болып табылады, ол тек қана поэзиялық ырғаққа тәуелді жол, бунақ, фразалардардың шекараларын белгілейді.

Әдет-ғұрып әндерінің интонациялануы

Әдет-ғұрып әндерінің интонациялауды келесі аталған жанрлар бойынша өткізу көзделеді. Мысалы, жұмысты «сыңсу», «жар-жар» және т.б. үйлену тойы әндерінен бастауға болады, бұл салттың (және басқа да салттардың) контексін оқытушы әндерді меңгеру барысында түсіндіруі тиіс.          Әндерді ауызша тыңдатып үйреткен абзал (сөзі мен музыкасын қоса). Алдымен «сыңсу», «көрісу», «арыз өлең», «жар-жар», бесік жырлары, жоқтау, жарапазандардың т.б. қарапайым, оңай үлгілері беріледі де, бірте-бірте олардың күрделі үлгілері беріледі. Өзіндік диктант (сынақхат) ретінде сыныпта ауызша үйренген әндерді кейін (класста, үйде) нотаға түсіріп, содан соң әуенге сөз мәтінің қондыру (подтекстовка) тапсырмасы беріледі.

Музыкалық диктант

Музыкалық диктант дегеніміз – осы сольфеджио пәнінің бірден-бір маңызд, басты жұмыс түрі. Музыканы қабылдаудың аналитикалық дағдылары қазіргі домбырашылардың кәсіби жұмысы үшін өте қажет нәрсе, сондықтан оларды дамыту музыкалық тыңдауды тәрбиелеу міндеті кіреді.

Сабақтарда өткізілетін диктанттар музыканттарға үйреншікті тембрмен домбырада ойналады. Материал Батыс және Шығыс Қазақстанның дәстүрлі күйлерін мен қазіргі авторлардың шығармаларын алынады.

Этносольфеджио пәні келесі диктанттар түрі қолданылады: өздік диктант, орындаушымен орындалатын диктант.

Өздік диктант көбінесе оқушылармен істелетін жұмыстың бастапқы кезеңінде қолданылады. Ол техникалық, әуендік және композициялық жағынан қарапайым күйлердің бірін (мысалы, «Кеңес», «Жастар биі» халық күйлерін ) есте сақталғаны бойынша жазу болып табылады. Алдымен күйдің қағыстарын нақты көрсете отырып, бір нұсқасын орындау керек. Содан соң оқушылар аспапты қолдана отырып, оны нотаға жазуы тиіс. Педагог міндетті түрде ноталардың дұрыс жазылғандығын тексеруі керек. Алғашқы өздік диктанттарды (сынақхаттарды) сыныпта өткізген абзал, себебі бұл күйдің нотаға түсірілуінің дұрыс-бұрыстығын тексеріп, өлшем (метр) мен ырғақтағы қағыстардың белгіленуіндегі, фактура ерекшелігін көрсетудегі т.б. ұқсас қателерді көрсете отырып түзеуге мүмкіндік береді. Келесі жұмыс кезеңдерінде өздік диктанттарды музыкалық есте сақтау, ішкі есту қабілеттерін, жазу техникасын дамытудың бір жұмыс түрі ретінде ұсынуға болады.

Орындаушы (иллюстратор) орындауындағы диктанттар пәнді оқу барысында өткізіліп отырады. Әсіресе олар дайындық, белгілеу кезеңде кеңінен қолданылады да, кейіннен:

а) жаңа тақырыптарды өту кезінде,

ә) әртүрлі аспаптық мектептердің стилистикалық ерекшеліктерін тану кезендерінде де пайдаланылады. Бұл жұмыс түрі халық орындаушыларының дәстүрлеріне сай келеді.          Мұндай  тәжірибе аспаптың пернелерін, аппликатуралық-позициялық қол қойысты, ладтық тұрақтарды, буындардың бір-бірін алмастыруын т.б. көріп отыруға мүмкіндік береді. Бұл диктант түрі музыканы есту қабілеттерімен қатар ойнауды көзбен көріп қабылдау қабілетін де дамытады.

Диктанттар ауызша және жазбаша болып екі түрге бөлінеді.

Жазбаша диктанттар күйді тыңдап қана емес, оның ойналуын көзбен көріп, оны нотаға жазу техникасын меңгерген жоғарғы сыныптардың оқушыларымен өткізіледі. Жазбаша диктанттарды алдын ала талдаумен өткізу керек, оған күйдің композициялық ладтық өлшем-ырғақтық, стилистикалық ерекшеліктерін анықтау кіреді.

Ауызша диктант орта сыныптарда негізгі жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Күйді ауызша келтіру, яғни нотаға түсірмей-ақ, тыңдап және көріп қана қайталап ойнап беру есту қабілетін дамытудың дәстүрлі түрі болып табылады. Дәстүрлі орындаушылардың тыңдау және ойнау, яғни күйді немесе оның белгілі бір бөліктерін бірнеше рет ойнаудан соң дұрыс қайталау қабілетін дамыту осы жұмыс түрін дұрыс орындауға байланысты.

Диктанттар стилі және құрылымы бойынша әртүрлі болады және оларды орындау барысында әртүрлі қиындықтар кездеседі. Диктанттардың негізгі түрлері мынадай:

  1. Белгілі бір ырғақтық өрнектерге немесе қағыстарға берілетін мысалдар;

  2. Сәйкес ладтық бағыттағы әртүрлі форма бөліктерінің үлгілері;

  3. Күйді толығымен меңгеру үлгілері.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ