Материалдар / Еттен дайындалған тағамдардың классификацияся
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Еттен дайындалған тағамдардың классификацияся

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне, сабақтарға пайдалануға, тәжірибе алмасау, ашық сабақтарға пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2019
317
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:. Еттен дайындалатын тағамдардың классификациясы

Мұғалімнің аты- жөні:

Күні:

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негіз/ген оқу мақсаты:

Таңдау бойынша бірінші тағамды дайындау технологиясымен таныстырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру.

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Бірінші тағам туралы түсiнiк бар

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Бірінші тағамды дайындау технологиясымен танысады

Кейбір оқушылар орындай алады: Бірінші тағамды дайындай алады

Тілдік мақсат:


Ресурстар:

Азық түлік: ет, тұз, сәбіз, көк жуа (пияз), май жұмыртқа, ұн.

Пән.байланыс:

Биология,

Алдыңғы оқу:


Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті



Үй тапсырмасын сұрау

4 минут

Сұрақ – жауап:

а ) Шала өнімдер дегеніміз не ?

б) Дайындау тәсілдері бойынша қаншаға бөлінеді

в) Ет қанша уақытта піседі?

г) 1 кг етті қуырса қанша грамм болады?

1. Сұрақтарға жауап берді

2.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

13 минут










Бірінші тағам деп біз көжелерді атаймыз. Көбінесе көжелер әр түрлі сорпада, қайнатпаларда дайындалады. Ал көженің қоюын көкөністерден, жармадан, макарон өнімдерден, бұршақтардан, жеміс жидектерден дайындайды.

Әр ұлттық асханасында бірінші тамақтарды әр түрлі етіп жасайды. Мысалы қазақ ұлттық асханасында бірінші тамақтарды, негізінен, ет сорпасынан әр түрлі дәмдеуш терді қосып дайындайды.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

20 минут

Зертханалық жұмыс: Етпен кеспе дайындау. Қажетті ыдыс-аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш. Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз,40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін:75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз. Дайындау технологиясы: – қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2-3мин, содан кейін кеспе салып 10-12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуш заттарды қосамыз.

Жұмыс барысы:

1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді.

2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады.

3. Сорпаны отқа қояды.

4. Қамырды қалындығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу.

5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2-3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуштер қосып, кеспені салып 10-12 минут қайнату.

6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру.

7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады.

1.Зeртханалық жұмысты орындайды 2. Етпен кеспе дайындайды .


Үйге тапсырма

2 минут

Дәрісті қайталау, бірінші тағамдардың дайындалу тәсілдерін, рецептерін жазып келу.

Күндeлiккe жазып алады

Бағалау

2 минут

Оқушылардың зертханалық жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін айтып, білімдерін бағалау

Суммативті


Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!