Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Эволюция ілімі және оның міндеттері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Баяндама
Эволюция ілімі және оның міндеттері. Эволюциялық процестердің зерттеу әдістері. Эволюция ілімінің негізгі принциптері. Эволюция ілімінің ғылыми зерттеу жүйесіндегі орны.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы – адам баласын сандаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелері болыып келеді. Табиғат жайындағы жаратылыстану ілімі осыдан 300 жыл бұрын діни көзқарастардың тұтқынында болды. «Метафизикалық» дәуір деп аталған сол кезеңдердегі жаратылыс зерттеушілерінің ақыл-ойын өзінше бір дүние тану қөзқарасы шарпыды. Олар «Жер және онда тіршілік еткен тірі табиғат құдайдың құдыретімен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді» деген ұғымда болды.
XVII ғасырдың ортасында кейбір озат ғалымдар, жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды деген көзқарас танытты. Бірақ, көптеген діни көзқарастарды жақтаушылардың басым болуы, бұл жаңа бағыттың жеңуіне үлкен қиыншылық келтірді. Органикалық дүниенің өзгеретіні жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына ғылыми дәлелдемелердің аздығы да бөгеу болды.
Тірі табиғат эволюциясының ғылыми концепциясын жүз сексен жыл бұрын ағылшын биологы Чарльз Дарвин құрды. 1859 ж. Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы» деген негізгі кітабы жарыққа шығуымен ең алғаш эволюциялық идея тиянақты ғылыми негізге ие болды. Бұл теория атақты ғалымның атымен «дарвинизм» деп аталды. Қазіргі уақытта «дарвинизм» деген сөз, «эволюциялық теория», «ілім» деген атаумен ауыстырылды.
«Эволюция» (лат. evolutio-даму) деген терминді XVIII ғасырдың ортасында биология саласына швед ғалымы Шарль Боннэ енгізді. Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбриональды дамумен ғана байланысты болды. Қазіргі кезде «эволюция» термині тек биологияда ғана емес, ғылымның басқа салаларында да кеңінен қолданылады.
Эволюциялық ілім – тірі материяның тарихи даму теориясын оқытатын пән. Эволюциялық ілім басқа биология пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Жалпы эволюция ілімі курсын үш модуль бойынша оқып білім аламыз:
-
Эволюциялық идеялардың даму тарихы мен қалыптасуы.
-
Микроэволюция әрекетінің жүру жағдайы.
-
Макроэволюция.
Эволюция ілімінің міндеті мен зерттеу әдістері. Эволюция ілімінің міндеті - әр түрлі ағзалардың шығу тегінің себептері мен оған әсер ететін жағдайларын табу. Басты міндеті – азалардың тарихи даму заңдылықтарын анықтау. Ол екі бағытта зерттеледі:
-
популяциядағы түр түзілуге дейінгі эволюциялық әрекеттерді эксперимент жасай отырып зерттеу;
-
эволюция проблемаларын теориялық жолмен зерттеу.
Эволюция проблемаларын ойдағыдай шешу үшін экспериментальды зерттеулердің жаңа әдістерін ойлап табу қажет.
Эволюцияның негізгі әдістері мен прициптері
Эволюциялық ілім негізгі екі приципке сүйенеді: тарихилық және актуальдылық. Эволюцияның бағыттары мен әдістері осы екі принциппен байланысты. Тарихи принцип – қазіргі тірі ағзаларды зерттеу үшін бұрынғы жүрген эволюцияны зерттегенде алынған мәліметтерді қолданады. Оған мына афоризм сәйкес келеді «ескіні зерттеу – жаңаны түсінудің кілті». Тарихи принцип генетикалы және салыстырмалы әдістер негізіне сүйенеді.
Салыстырмалы әдіс – ағзалардың тұрақталған формаларын зерттегенде қолданылады. Ол әр түрлі ағза топтарының құрылысы мен қызметін, олардың ұқсастықтары мен арасындағы айырмашылығын салыстыруға негізделген. Мысалы, ол: – анатомиялық – морфологиялық салыстыру; – эмбриональды салыстыру;
Генетикалық әдіс – ағзалардың шығу тегі себептерін түсіндіреді, бұл әдісті өз еңбектерінде Ч.Дарвин енгізген болатын. Генетикалық әдіс палеонтология мәліметтеріне сүйенеді. Генетикалық әдіс салыстырмалы әдіспен тығыз байланысты. Актуальдылық принципі – жекеленген популяцияларда байқалатын эволюциялық өзгерістерді, алдыңғы эволюциялық әрекеттерге қолдану.Оның мәні «Қазіргі зерттеу өткенді білудің кілті» афоризміне сәйкес келеді. Қазіргі зерттеулер популяциялық – статистикалық әдіске негізделеді.
01404 студенттері: Биоценоз.Биогеоценоз
Көптүрлілік туралы.
Мұхитова Жайна.Темірболатова Жангүлім
Тіршілік туралы ұғым. Тіршіліктің пайда болуы немесе биогенез теориялары.Тіршілік – бұл құрамында міндетті түрде өз белгілерінің тұрақтылығын, өсуді, көбеюдің есебінен дамуды және тарихи сақталуды жалғастыра алатын ағзалық биополимерлер, ақуыздар мен нуклеин қышқылдары енетін, айқын өздігінен реттелетін материалды жүйелердің өмір сүру жолы.
Тіршіліктің пайда болуы жөніндегі немесе биогенез теориялары. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мәселе — биологиядағы ең бір күрделі мәселе. Ерте заманнан бастап күні бүгінге дейін тіршіліктің пайда болуы туралы шексіз көп жорамалдар, пікірлер айтылып келеді. бұл жорамалдар бір-біріне қарама-қайшы келетін бірқатар теориялардың шығуьша себеп болды. Ол теориялардың ішіндегі негізгілері мыналар: 1.Идеалистік теория. Жер бетіндегі тіршілікті аса құдіретті ерекше күш жаратты деп түсіндіретін креационизм теориясы. Бұл теорияны қолдаушылар биологияға идеалистік ұғымның енуіне жол ашты.
2. Материалистік теория. Тіршілік өлі денелерден өздігінен пайда болады деген пікірді қуалайтын теория. Мұндай пікірді ертедегі греция философы Аристотель, көрнекті голландия ғалымы Ван Гельмонт, ағылшын философы Ф. Бэкон, т. б. қолдады. Алайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайлы пікірге қарсы шыққан Ф. Реди (1688). Л. Спалланцани (1765) және Л. Пастер (1860) өте мұқият жасалған тәжірибелерінің нәтижесінде кез келген ағза тек өзіндей тірі ағзалардан ғана пайда болады деп дәлелдеді. 3. Тіршілік мәңгі бар деп есептейтін тұрақты жағдай теориясы. Бұл теория бойынша Жер еш уақытта да жаңадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі — өзгермейді — деп түсіндірді. 4. Тіршілік жер бетіне басқа жақтан (ғарыштан) келіп түсті деген болжау ұсынған панспермия теориясы. Мұны жақтаушылар жер мен басқа ғаламшардың арасында үнемі материя алмасу болып тұрады. Сондықтан басқа ғаламшардан жерге өсімдіктің тозаңы, споралары, тіпті ұсақ ағзалар да келіп түседі деген ойда болды. 5. Тіршілік жер бетінде химиялық және физикалық заңдылықтарға сай жүретін әрекеттер нәтижесінде қалыптасты деп тұжырымдайтын биохимиялық эволюция теориясы.
Біз жоғарыда айтып өткендей тірі ағзалар — ашық жүйе болып табылады. Өйткені барлық ағзалар сырттан келген энергияны пайдаланады және онсыз тіршілік етуі мүмкін емес. Энергияны пайдалану тәсіліне қарай осы күнгі ағзалар екі топқа бөлінеді: күн энергиясын пайдалана алатын (жасыл өсімдіктер) автотрофтылар және органикалық заттар ыдырағанда босап шығатын энергияны пайдаланатын (жануарлар және жасыл емес өсімдіктер) гетеротрофтылар. А. И. Опариннің айтуынша алғашқы ағзалар гетеротрофтылар болуы тиіс. Олар өте ертедегі су қоймаларында орасан көп болған органикалық заттармен қоректенген, бірақ келе-келе ағзалар санының көбеюіне байланысты, дайын қорек азайып, олардың арасында қорек үшін бәсеке күшейе түскен. Мүндай жағдайда өте икемділері тірі қалып, өсімтал ұрпақ берген. Ағзалардың сыртқы орта әсерінен төзімділігі артып, құрылысы күрделене түскен. Ядро және сыртқы қорғаныс қабаты пайда болғаннан бастап оларды бір жасушалы ағзалар деп санауға мүмкіндік туды.
Тіршіліктің пайда болу жолындағы аса бір ірі қадам — ағзалардың бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуге көшуі. Сөйтіп алдымен хемосинтездеуші, бертін келе фотосинтездеуші ағзалар пайда болды. Олардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде атмосфераға оттегі бөлініп шығып, ағзалардың тыныс алуына жұмсалып, табиғаттағы органикалық қалдықтарды тотықтыра бастады. Міне осылай, энергия босатудың жаңа, өте тиімді әдісі — оттекті ажырау жүрді. Жасыл өсімдіктердің қарқыңды дамуына байланысты атмосфера оттегіне баий түсті. Ол оттегінің біразы ағза тіршілігі үшін зияңды ультракүлгін және иондаушы сәулені сіңіріп, ұстап қалатын озонға айналды. Озон экранының түзілуі тіршіліктің судан құрлыққа шығып, бүкіл жер бетіне таралуына жол ашты.
Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе деген сұрақ жиі қойылады. Ол мүмкін емес, өйткені А. И. Опариннің теориясынан біздің ұққанымыз қарапайым органикалық қосылыстардан тірі ағзалардың пайда болуы — тіршілік ортасына бейімделудің өте ұзаққа созылған әрекеті болып табылады. Пайда болған ағзалар арасында табиғи сұрыпталу, өзін-өзі ұдайы өсіп-өнуге қабілеттілік сияқты бірнеше миллиондаған жылдарды қамтитын әрекеттер жүруі тиіс. Сондай-ақ қай жерде болса да түзілген органикалық заттарды гетеротрофты ағзалар бірден қорек ретінде пайдаланар еді. Олай болса, ең алғаш абиогендік жолмен пайда болған тірі ағзалар енді одан әрі өздеріне ұқсас ағзалардан тек биогеңдік жолмен дамыды деген қорытынды туады.
Тіршілік ортаға бейімделу.
Мухитова Жұлдыз.Ибраева Нұрлы
Таскайров Самат. Сапаров Алау
Бейімдеушілік - табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі.
Бейiмделушiлiктiң пайда болуы Бейімдеушілік және оның түрлері. Әлсіз бейімдеушілік түрі. Күрделі бейімдеушілік. Бейiмделушiлiктiң пайда болу механизмi. Бейімдеушіліктің салыстырмалы сипаты.
Бейiмделушiлiктiң пайда болуы. Эволюция барысында пайда болған жаңа белгiлер қалыптаса отырып, бейiмделушiлiкке әкеледi.
Бұл кейбiр түрлердiң морфологиялық ерекшелiктерiне тең келсе, ол бiртiндеп жаңа түрлер мен популяциялардың түзiлуiне әрi қарай биогеоценоздың өзгеруiне бастама болады. Сыртқы орта жағдайына орай бейiмделушiлiк белгiлерiнiң пайда болуы – эволюцияның негiзгi нәтижесi. Сондықтан эволюцияны бейiмделушiлiктiң пайда болу әрекетi ретiнде қарастыруға болады – адаптациогенез. Бейiмделушiлiк деп белгiлi орта жағдайларында тiршiлiк етiп, тұқымқуалаушылық белгiлерi арқылы ұрпаққа берiлуiн қамтамасыз ететiн нақты морфологиялық қасиеттердiң дамуы мен пайда болуын айтамыз.
Беймделушiлiктiң қалыптасуы тұқым қуалайтын өзгергiштiк пен сұрыптауға тiкелей байланысты. Өйткенi тұқым қуалайтын өзгергiштiк бейiмделушiлiкке элементарлы эволюциялық материал болса, сұрыпталу - эволюциялық әрекет. Кез келген популяциядағы белгiлi бiр фенотиптiк өзгерiстi бейiмделушiлiк деп қарауға болмайды. Популяция дараларында сол ортаға сәйкес арнайы белгi қалыптасқанда ғана бейiмделушiлiк деп қарауға болады.
Бейiмделушiлiк түрлерi. Бейiмделушiлiк белгiлерi қасиеттерiне қарай:
I- қарапайым (бейiмделгiш ) қорғаныштық бейiмделгiштiк белгiлерi.
II- күрделi бейiмделгiштiк белгiлерi.
I. Қарапайым қорғаныштық белгiлерi түрлердiң тiршiлiк үшiн күресте өз тiршiлiгiн сақтап қалу барысында (құрылысы) сыртқы дене құрылысындағы белгiлердiң көзге көрiнетiндей өзгеру белгiлерiн қамтиды. Жануарларда жиi өзгерiп дамып отыратын - қатқыл жабындарын жатқызуға болады. Бунақденелiлердiң хитиндi жабыны, тасбақалардың панцирi, шаянтәрiздiлердiң жабыны, молюскалардың бақалшықтары, жорғалаушылардың сүйектi қабыршақты мысал бола алады. Өсiмдiктер жасушасының қымыздық қышқылына және кальцийге және сыртқы қабаттарында кремнеземге бай болуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан қорғауда үлкен рөл атқарады. Қорғаныштық белгiлер көптеген өсiмдiктер мен жануарларда кездеседі. Мысалы, инелер мен тiкендер (кактус, итмұрын, долана т.б. кiрпiлер) Ағзалар денесiндегi түктерінен қорғаныштық белгi түрiндегi қышқылды заттарды бөлуi, мысалы, қалақай, ара шаншарлары т.б. Қарапайым (пассивтi) қорғаныштық белгiлерi ағзалардың тiршiлiк әрекетiне арай әр түрлi болып келедi.
Бүркенiш рең. Бейiмделудiң бұл түрi ашық жерлерде тiршiлiк ететiн ағзалардың жауынан қорғану белгiсi. Көптеген көбелектер, бунақденелiлер, денесiнiң әр түрлi түстi болуына сәйкес өсiмдiктер арасынан ажырату қиын. Ұясын ашық жерлерге салатын құр, шiл сияқты құстардың ұясында отырған аналығын бiрден аңғару мүмкiн емес. Қиыр солтүстiктегi жануарлардың көпшiлiгiнiң реңi ақ болып келедi – ақ аю, ақ құр т.б.
Орманды, далалы жерлерде тiршiлiк ететiн жануарлар әр түрлi жолақты, теңбелдi белгiлерiмен ерекшеленедi. Мысалы, зебр, жираф, жолбарыс, жылан т.б. түстерi мекен ортасындағы жарық пен көлеңке дақтарының тез алмасып отыруына сәйкес келедi. Бұндай бүркенiш реңнiң қалыптасуы - эволюциялық элеметарлық жағдайлар әрекетiнiң нәтижесiнде деп қарау керек. Оған мысал ретiнде кәдiмгi дәуiттi алайық. Оның алғашқы ата тегi кепкен жапыраққа ұқсамаған болуы мүмкiн. Қандайда бiр жағдайдың әсерiнен олардың тiршiлiк ортасы өзгередi делiк, тіршілік үшін күрестің нәтижесі –бейімделушілікке ие болған даралардың пішіндері мен түстері өзгере отырып, тірі қалады.Табиғатта үнемi болып тұратын мутациялық өзгергiштiктiң нәтижесiнде бiр дараның денесiнде қоңыр дақ немесе қанаттарында жапырақ жүйкелерiне ұсас иректелген сызықтар пайда болады. Құстар дәуiттi кепкен жапырақ арасынан байқауы қиынға түседi. Популяциядағы көптеген даралардың iшiнен тiршiлiк үшiн күрес пен табиғи сұрыпталудың нәтижесiнде құрғақ жапыраққа көбiрек ұқсағандары тiрi қалады, қалғандарын жаулары жеп қояды. Бұл пайдалы белгi ұзақ уақыт ұрпақтан –ұрпаққа берiле отырып, ең соңында айналадағы ортаның реңiне толық ұқсаған даралар түзiледi.
Жасырушы рең – жануарлардың дене пiшiнi мен реңi тұрғысынан айналадағы заттарға сәйкес келуi. Мысалы, теңiз, көл суларында мекендейтiн атбасы мен инебалықты ажырату да қалың балдырлар арасынан ажырату қиын. Ағаш дiңiнде кездесетiн қоңыздар, өрмекшiлер, көбелектер қияларға ұқсас болғандықтан байқалмайды.
Мүр көбелегiнiң жұлдызқұрты бұтаққа ұқсайды. Бразилияда тiршiлiк ететiн жапырақ – балық -өлi жапыраққа ұқсас, тек айырмасы реңiн өзгерте алады. Оқпақ (выпь) (Botaurus st ellaris) құсы өз ұясын қамыс арасында салады, қауiп төнгенде мойын созып, қамыс арасынан байқалмай қалады.
Сақтандырушы рең –көбiне улы және шағатын жәндiктерге тән белгi. Нгiзгi белгiлерi ашық реңдi болады. Тiршiлiк барысында өздерiн жақсы қорғауға бейiмделген түрлер жатады. Ашық түстi рең өз жауларын сақтандыру белгiсi “көру мен қателiк ” жасау нәтижесiнде, сақтандыру реңiн қатты есте сақтауға жаттығады.
Мысалы, сары ала жолақты аралар, қызыл жолақты тропикалық улы жылан, қараұрт. Сақтандырушы рең – эволюцияның элементарлы факторы, өзiнiң де, басқа түрдiң де тiршiлiгiн сақтап қалуда маңызды роль атқарады. Қара қоңыз, кобра жыланы, түктi бүйi, шамшат айырқұйрығының жұлдызқұрты, палщты кесiртке т.б.
Қорғаныш рең (мимикрия) – қауiпсiз, жәндiктердiң пiшiнi, реңi, мiнез –қылығы тұрғысынан улы шағатын қауiптi жәндiктерге ұқсастығы. Мысалы, кейбiр шыбындардың (шағатын сона) араға ұқсауы, улы емес жыланның улы жыландарға ұқсауы. Бейiмдiлiктiң бұл түрi қорғана алмайтын әр түрге жататын дараларда бiркелкi мутациялар олардың тiрi қалуына мүмкiндiк беретiн белгi деп түсiндiрiледi.
Мимикрия (ат греч mimikos -елiктеушi) мағынаны бiлдiредi.
Мимикрияның екi жағы болады. Модель (объект елiктеушi объект) және имитатор (елiктеушi).
II. Күрделi бейiмделушiлiк белгiлерi. Түрлердiң (тiршiлiк белгiлерi) тұқым қуалаушылық белгiлерi тiршiлiк барысында бiртiндеп жинақтала отырып күрделi әрекеттi бейiмделу белгiлерiн құрайды. Мысалы, бунақдене қоректi – шыбын жегi өсiмдiгiндегi елiктiргiш көзшелер тәрiздi мүшелерi, ол мүшелердiң қозғалғыштық қабiлетi, автотрофты ағзалардың жыртқыштық және оны қорыту қабiлетi. Росинка (Dzosera rotundifolia). Жапырақтарының ұшында өте сезгiш талшықтарының және ондағы хош иiстi жабыстырғыш сұйықтық бөлуi, келiп қонған шыбынның ары – берi қозғалуынан тiтiркендiргiш қабiлетiн күшейте отырып, дене бөлiгiнiң жиырылуын тездетедi. Талшық ұшындағы көзше денелер қозу нәтижесiнде өзiнен пепсиндi ферменттерге бай сұйықтық бөледi. Жалпақ дене бөлiгiнде қоректi қорыту әрекетi жалғасады. Сұйықтық сөлдiң нәтижесiнде бунақдененiң дене құрылысын түзушi ақуызды заттар ери бастайды, сол пластинкалы денеде сiңiрiледi. Осы ас қорыту әрекетi аяқталысымен өсiмдiк бастапқы күйге қайта келедi.
Кейбiр өсiмдiктердiң асқорыту мүшелерi басқа түрде де болады. Мысалы, “құмыра” және “қақпан” тәрiздi түр өзгерген түрлерi кездеседi. Мысалы, венерина шыбын жегi (Dionaea muscipule)
Физиологиялық бейiмделушiлiк - бұл өсiмдiктердегі физиологиялық – биохимиялық мутацияның пайда болуы. Гетеротрофты ағзалардың қоректену тәсiлi. Сыртқы ортаның абиотикалық факторларынан қорғану белгiлерi. Жыл құстарының қоныс аударуы, өсiмдiктердiң қысқы тыныштық күйi, күн жылуына орай көбею әрекетiнiң жүруi.
Бейiмделушiлiктiң пайда болу механизмi. Бейiмдеушiлiк ағзалар мен сыртқы ортаның арасындағы үйлесiмдiлiк белгiсi. Бейiмделу белгiлерiнiң қалыптасуы эволюцияның элементарлы материалы – тұқымқуалайтын өзгергiштiктiң пайда болуы сұрыпталу нәтижесiнде қалыптасып отырады. Популяциядағы сыртқы орта жағдайына жауап ретiндегi фенотиптiк белгi бейiмделушiлiк әрекетiне жатпайды. Нәтижесiнде мутацияның өзiн де бейiмделушiлiкке жатқыза алмайды. Бағалы генотиптiң жиынтығы бейiмделушiлiктiң алғашқы сатысына жатады. Бейiмдеушiлiк белгiлерi бiртiндеп жеке даралардан көрiнiс берiп, толық популяцияны қамтыған кезде қалыптасқан белгi деп саналады. Бейiмделушiлiктiң қалыптасуын Ч. Дарвин табиғи сұрыпталумен толықтыра түседi. Жоғарыда келтiрiлген мысалдардан табиғи сұрыпталу барысында қалыптасқан бейiмделушiлiк белгiлерiн көремiз. Яғни, түрлердiң тiршiлiк үшiн күресте сыртқы орта жағдайына жауап ретiнде пайда болған тұқымқуалайтын өзгергiштiк белгiлерiнiң табиғи сұрыпталу нәтижесiнде қалыптасқан формаларын бейiмделушiлiк деп атаймыз.
Бейiмделушiлiктiң салыстырмалы сипаты. Табиғатта тiршiлiк жағдайларына абсолюттi бейiмделген формалар жоқ. Ағзаның тiрi қалуына кез келген бейiмделу тек арнайы орта жағдайларына ғана жәрдемдесе алады. Сондықтан бейiмделу салыстырмалы сипатта болады. Егер тiршiлiк жағдайлары өзгерсе, бейiмдiлiк белгiлерi пайдасыз болып қалады. Мысалы, ақ құр қыстың ашық күндерi қар бетiне түскен өз көлеңкесiнен көрiнiп қалады. Жыртқыш балықтардан қорқып шоршып шыққан балықтарды ауада альбатрос қағып жеп қояды.
Бейiмдiлiктiң салыстырмалы сипатта болуына, жануарлардағы көптеген рудименттер мен атавизм белгiлерi дәлел бола алады. Мысалы, кейбiр құстардың қанаты рудимент түрiнде сақталып, ұшу қызметiн атқармайды.
01404 студенттері. Микроэфолюция туралы
Дивергенция
Гомологиялық мүшелер
Конвергенция
Аналогиялық мүшелер
Макроэволюция
Түр түзілу - тірі табиғаттағы саналуандылықтың негізгі көзі. Түр түзілу - бұл шығу тегі бір тұтас түрдің екіге немесе бірнешеге бөлінуі (уақыт пен кеңістік бойынша). Басқаша айтсақ түзілу бұл- генетикалық ашық жүйенің генетикалық жабық (немесе міндетті түрдегі тұрақты) жүйеге бөлінуі. Түр түзілу түр ішіндегі тұрақты жүретін микроэволюция әрекетінің нәтижесінде жүзеге асады.
Түр түзілу механизмі. Географиялық рассалардың көбi түр мен түр тармақтарының шекарасында тұрады. Бұл оқшауланған түр тармағына жаңа түр түзiлу процесiн түсiну үшiн өте қажетті мағұлымат болып саналады. Ауыспалы түр тармақтарының өз ара бiр – бiрiнен жанасып жатқан тiзбегi шеңбер түзiп, ашық екi шеткi ұштары түйiсiп тұйықталып отырады. Бiрақ, осы шеңбердiң екi жағындағы мүшелер бiр – бiрiнен алшақтап кеткендiгi соншалық, бұлар бiр – бiрiмен будандаспайды, яғни бұлар өз алдына оқшау түр бейнесiнде болады. Осы сияқты жағдайлар құстарда жиi кездеседi.
Оқшаулаушы механизмдердiң әрекетi әр түрлi дәрежедегi популяциялардың барлығына бiрдей таралғанда ғана жаңа түр дербес бөлiнiп шығады.Осы тұрғыдан жарты түрлерге Дарвиннiң “ түрше” – “туып келе жатқан түр ” ал түр дегенiмiз – “оқшауланған түрше” деген сөздерiн қолдануға болады. Басқаша айтқанда жарты түр формалары дегенiмiз – түзiлу процесiндегi түрлер.
Макроэволюция ұғымы. Макроэволюция деп түрден жоғары токсономиялық топтарда өте үлкен кеңістікті қамти отырып, ұзақ уақыт аралығында (ондаған миллион жылдарды қамтиды) өтетін және туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтердің түзілуімен аяқталатын эволюциялық әрекетті айтады.
Макро- және микроэволюциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Популяция дивергенциясын (түр түзілуге дейін) біріншілік тудырушы микроэволюция әрекеті қандай-да бір үздіксіз микроэволюциялық деңгейде қайта туындаушы форма ішінде жалғасады. Қайтадан түзілуші түрлер арасындағы шағылысу сипаты ғана бұзылады. Енді олар түр аралық қатынастарда болуы мүмкін. Бұл жаңа қатынастар қысым мен элементарлы эволюциялық факторлар әсерінің бағытын микроэволюциялық деңгей арқылы өзгерте отырып қана эволюциялық топтарға әсер ете алады. Яғни, макроэволюция микроэволюциялық әрекеттердің - тұқым қуалайтын өзгергіштік пен оқшауланудың және табиғи сұрыпталудың бағыттаушы әсері негізінде жүреді.
Макроэволюциялардың дәлелдемелері. Макроэволюциялық құбылыстар ауқымды кеңістікте тікелей эксперименттік зерттелу мүмкіндігінен тыс қалады. Макроэволюция жайлы ілімді жасау кезінде палентологияның, биогеографияның, морфофизиологияның кең ауқымды қазба әдістері (сонымен бірге ДНҚ құрылысы мен гемоглобин молекуласын салыстыру әдісі) қолданылады. Макроэволюция нәтижесінде түзілген жүйелік топтардың өзара ұқсастығы олардың шығу тегінің бір екендігімен, ал айырмашылықтары әр түрлі орта жағдайларына түрліше бағытта бейімделуімен түсіндіріледі. Мұндай зерттеулер нәтижелері эволюцияның жүзеге асу механизмі тұрғысынан, яғни макроэволюция тұрғысынан ғана түсінікті болып табылады