Материалдар / Факультатив сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Факультатив сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге өлкетану курсы бойынша сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
2469
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ «САРҚАН АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ЕКІАША ОРТА МЕКТЕБІ КММ











Авторлық бағдарлама



«Өлкетану.Туған өлкем»

6 сыныпқа арналған































Авторы:Жаксылыкова Кулян Баймулдиновна





МАЗМҰНЫ беттер

Автор туралы мәлімет ______________________________ 3



І.Түсінік хат_______________________________________ 4



ІІ. Курстың базалық мазмұны________________________ 5- 9



ІІІ.Күнтізбелік- тақырыптық жоспар __________________ 10- 12



Пікірлер __________________________________________ 13-14



Қолданылған әдебиеттер ____________________________ 15



































Автор туралы мәлімет









Автордың аты-жөні:

Жаксылыкова Кулян Баймулдиновна

Санаты: Бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі: 15 жыл

Білімі: Жоғары. 2007 жыл Талдықорған.Жетісу мемлекеттік университеті. «Тарих- география»

































Түсінік хат



«Өлкетану.Туған өлкем» факультативтік курсы жалпы орта білім беретін мектептердің 6- сынып оқушыларына арналған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бөлімін іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын негізге ала отырып құрылды. Сонымен қатар «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынды.Жалпы білім беретін орта мектептің 6 сыныбына ұсынылып отырған «Өлкетану.Туған өлкем» курсының бағдарламасы, оқушыларды өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, ізденіс қабілеттерін дамытуға, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыланады.Бос уақыттарын тиімді пайдалануды, салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздейді.Өлке тарихы туралы материалдарды жинақтай отырып, оны ғылыми тұрғыда зерттеп, шығармашылықпен қолдана білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған бағдарлама 7- бөлімнен тұрады.

«Өлкетану.Туған өлкем» курсының оқу жүктемесі аптасына -1сағат, жылына 34 сағат













«Өлкетану. Туған өлкем»  факультативтік курсының негізгі тұжырымдамасы:

  1. Мектепте оқушылармен тарихи- өлкетану жұмысын жүргізу

  2. Өлке тарихын білетін, меңгерген тарихи сананы қалыптастыру

  3. Оқушыны өзіндік іс- әрекет жасауға, ізденімпаздыққа үйрету.

Өзектілігі:

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өз елді- мекенінің тарихымен және қазіргі кездегі өмірімен таныстыру.

Курстың мақсаты: Өлкетану материалдарын оқыту арқылы Қазақстан Республикасының бір бөлшегі Сарқан ауданы Екіаша ауылы тарихының оқушылар үшін алатын орнын ашып көрсету, оқушыларды туған жерінің тарихымен таныстыру.Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаға деген ерекше көзқарастарын қалыптастыру. Туған жерінің белгілі тарихи қайраткерлерінің өмірін оқып- таныту.Туған өлкесінің табиғи- экономикалық ерекшеліктерін және олардың даму келешегін оқып- үйрету.

Курстың міндеттері:

  • Оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру

  • Оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыру

  • Өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу

Атқаратын жұмыс түрлері:

  1. Өлке тарихын зерттеуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

  2. Тарихи- мәдени орындарды зерттеп тану

  3. Ауылға саяхаттар ұйымдастыру

  4. Ауылдағы ескерткіштерді зерттеу

  5. Ауыл туралы материалдар жинақтау

  6. Белгілі тұлғалап туралы материалдар жинақтау

  7. Ауыл туралы тарихи







Күтілетін нәтиже:

  • Өз Отанын сүйетін, оның тарихын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді;

  • Оқушы бойында оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады;

  • Оқушылардың күнделікті істерге қатысу қабілеті дамиды;

  • Туған өлке тарихының тірі куәгерлерін саралау категорияларын біледі: Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл ардагерлері,Чернобль, Ауған жауынгерлері,еңбек ардагерлері, еңбек сіңірген педагогтар және т.б.;

  • Туған жер туралы мәліметтерді қамтитын түрлі форматтағы ақпараттық материалдарды әзірлейді;








































«Өлкетану.Туған өлкем» факультативтік курсының қысқаша мазмұны

І-бөлім Туған өлкем – 2 сағат

    1. Кіріспе. Курстың мақсат- міндетімен танысу

    2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттары.Қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары.Ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру мәселесі.Бағдарламалық мақаланың негізгі бөлімдері мен түйінді идеялары (2017 ж,12 сәуір).


ІІ- бөлім Туған жердің табиғаты – 7 сағат

  1. Туған ауылының географиялық орны, жер көлемі (туған ауылының географиялық орнын,көлемін білу. Оқушыларды өздігінен зерттеу жұмыстарын жасауға дағдыландыру).

  2. Су қорлары және оны пайдалану (жергілікті жердің өзендері мен бұлақтарын зерттеу).

  3. Өлкенің табиғи ресурстарының тізімін құрастыру. (Туған өлкенің табиғи ресурстарын және оның түрлері.Адамзат мұқтажы үшін қоршаған ортадағы заттардың, табиғи денелердің пайдасы)

  4. Өлке топырағының негізгі түрлері, маңызы (Топырақтың түрлерімен, құнарлылық қасиетімен таныстыру)

  5. Туған өлкенің флорасы мен фаунасы.Дәрілік өсімдіктердің түрлері (өлкенің өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі).

  6. Туған өлкенің тау- тастары (Тау – тастарының атауының шығу тарихы)

  7. Туған жердің табиғатын қорғау аясында тәжірибелік сабақ (Жинақтау.Шығармашылық жұмыс)

ІІІ- бөлім: Өлкенің мәдени мұрасы – 6 сағат

1. Мектептің тарихы . Ауылдағы мектеп қай жылы ашылды, алғашқы түлектері. (ауыл мектебінің тарихы туралы мағлұматтар жинақтау)

2-3. Ауылдағы ескерткіштер тарихымен танысу (тарихи деректері)



4.Ауылдың мәдениет саласында еңбек еткен адамдары, өнерлі адамдары туралы деректер жинақтау(мәдениет саласында еңбек еткен тұлғаның шыққан тегі жайындағы мәліметтерді жинақтау)

5. Мектеп мұражайындағы материалдарымен танысу (саяхат сабақ)

6.Өлкенің мәдени мұрасына қатысты тәжірибелік сабақ (Жинақтау, қорытындылау)

ІV- бөлім. Шежірелі – ауылым – 5 сағат

1.Ауыл тарихы – тұнған шежіре (Ауыл тарихы және атауы туралы деректер жинақтау)

2. Ауылдан шыққан тарихи тұлғалар: батырлар өмірі, ерлік істері (Туған өлкенің тарихына кірген батырлар мен палуандар,ақындар.Тұлғалардың тарихтағы рөлі)

3. «Шежірелер сыр шерткенде». Өлке шежіресі туралы деректер жинақтау.

4. Ауыл кітапханасына саяхат (Саяхат сабақ)

5. Шежірелі – ауылым тарихына қатысты тәжірибелік сабақ (Жинақтау, қорытындылау)

V- бөлім. Батырлар рухы өшпейді - 8 - сағат

1.Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыл тіршілігі туралы әңгімелеу.

2. Мәңгі ұмытылмас есімдер. Ұлы Отан соғысында құрбан болған жерлестер.

3. Ауылдас батыр – ағалар (Чернобль, Ауған соғысы жауынгерлерімен кездесу)

4.Аудан мұражайларымен танысу (Черкасск қорғаны, Ескі Қойлық саяхат сабақ)

5. «Ауылдас еңбек ардагерлері». Ауылдағы еңбек ардагерлерімен кездесу өткізу.

6. Біздің ардагер ұстаздар.(Ардагер ұстаздар жайлы деректер жинақтау)



7. «Жаныңда жүр жақсы адам». (Ауылымыздың шаруа қожалық иелерімен танысу)

8.Батырлар рухы өшпейді тарихына қатысты тәжірибелік сабақ (Жинақтау, қорытындылау)

VІ- бөлім. Ауылымыздың демографиялық жағдайы – 2 сағат

1.Ауылымның халық саны, әлеуметтік жағдайы (ауыл халқының тұрмыс тіршілігімен танысу).

2. Ауылымыздың демографиялық жағдайына қатысты деректерді жинақтау тәжірибелік сабақ. (Қорытындылау)

VІІ- бөлім.Туған өлкенің бүгінгі келбеті. 3- сағат

  1. Ауылымыздың қазіргі кездегі дамуы (Ауылымыздың қазіргі кездегі келбеті туралы зерттеу жүргізу)

  2. Ауылдағы әлеуметтік нысандар.Ауыл әкімшілігі, аурухана, пошта,дүкендер.( Ауыл әкімшілігі, аурухана, пошта,дүкендердің жұмыс істеу барысымен танысу)

  3. Туған өлкенің бүгінгі келбетіне қатысты тәжірибелік сабақ (Жинақтау, қорытындылау)



















6-сыныпқа арналған«Өлкетану.Туған өлкем» факультативтік курсының оқу жоспары аптасына 1- сағаттан 34 сағат

р/с

Мазмұны

Оқыту түрі

Сағат саны

Мерзімі

Туған өлкем – 2 сағат

1

Кіріспе. Курстың мақсат- міндетімен танысу

Дәріс

1


2

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттары

Дәріс


1


Туған жердің табиғаты – 7 сағат

3

Туған ауылының географиялық орны, жер көлемі, елді мекендердің маңызы

Өзіндік зерттеу

1


4

Су қорлары және оны пайдалану

Зерттеу. Саяхаттану

1


5

Өлкенің табиғи ресурстары /тізімін құрастыру/

Өзіндік зерттеу

1


6

Өлке топырағының негізгі түрлері, маңызы

Өзіндік зерттеу

1


7

Туған өлкенің флорасы мен фаунасы

Жоба қорғау

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!