Материалдар / ФАКУЛЬТАТИВ САБАҚ. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР

ФАКУЛЬТАТИВ САБАҚ. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР

Материал туралы қысқаша түсінік
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2019
9954
165 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Байғұл бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.





ҚАРАСТЫРЫЛДЫ: БЕКІТЕМІН:

Әдістемелік бірлестік отырысы Мектеп меңгерушісі

Хаттама № ___ Г.Е.Шамкенова

«__» _______ 2018 жыл. «___» ________ 2018 жыл.







«ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР»

(үйірме)

БАҒДАРЛАМА

МАД – 32 сағат

2018 – 2019 оқу жылы













Құрастырған: Шамкенова.Г.Е.




Түсінік хат.


Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады.

Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бал организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Мысал келтіріп кетсе: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады.

Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады. 









































 
 Мақсаты:

Балалардың жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу. Халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыру. Балаларды халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктерді үйрету. Балаларға өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы таныту. Балалардың денсаулығын нығайтып,ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу тәрбиелеу.


Міндеттері:

  • Денсаулықтарын нығайтуда бағытталған ойын түрлерін меңгеруге көмектесу

  • түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артыру


  • Оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыру;

  • Өмірге көз қарасын ояту;

  • Жақсыға үйретіп,жаманнан жиренуге тәрбиелеу;

Күтілетін нәтижелер:

  • Ойындарды өз еркімен қолдана алады.

  • Сөздік қоры байыды.

  • Баланыңденекүші,қолықатайып, денесішыңдалатүседі.

  • Баланың зеректілігі, тапқырлығы, ынтасыартыпжетілетүседі.


Ойынмен жұмыс барысында бағдаржолы:

  • 1.Ойын шартымен танысу.

  • 2.Ойын ережелерымен таныстыру.

  • 3.Ойынды жаттау

  • 4.Ойынды өткізу.


Бағдарламаның мазмұны:


Бұл бағдарлама мектепалды даярлық класының балаларының бойында тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік, ойлау қасиеттерін қалыптастырады.

Бағдарламаға қазақ халқының ұлттық ойындар жинағы және халық ауыз әдебиетінен санамақтар,өлеңдер,жаңылтпаш,жұмбақ еңгізілді.

Бағдарлама аптасына 1 рет – 32 сағаттан жоспарланған.

Бұл бағдарлама

- ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.

- ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

- ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

- эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

- еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

- дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады деп ойлаймын.





Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.

3. «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы.

4. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар
Алма-Ата «Жалын» 1987 г.
5. «Қазақстанмектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
6. «Қазақтыңұлттықойындары» кітабы авторы: БазарбекТөтенаев
Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
7. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.
Алматы «Балауса» 1992 ж.

8.Құрманбаева  С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі»,

«Алматы» 2004 жыл, 209 б.

9. Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003 жыл, 198 б.

10. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл

11. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлы мұраты»,«Алматы» 1995 жыл

12. http://moodle.nci.kz

13. www.info-tses.kz

14.www.tumba.kz.




















Тақырыптық жоспар.

«ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР»

Апталық сағат саны: 1

Жалпы саны: 32


п/п

Курс бөлімдерінің атауы

Сағат саны

Оның ішінде

Өткізілу күні

Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары

Теория

Практика

1

Кіріспе. Ұлттық ойындар.

Ұлттық ойындар туралы түсінік беру. Ұлттық ойындардың түрлері мен мазмұның ашу. Ойындарды орынды пайдалана білуге үйрету.

1




Танысу

2

Аңға байланысты ойындар.

Аңға байланысты ойындар туралы түсінік беру.Балаларды ойын шартымен,мақсатымен таныстыру.Ойлау, қиялдау ептіліктерін тәрбиелеу.

1




Түсіндіру

3

Шеберхана

Ойындарға бетбейнелер жасау.жұмысты таза,ұқыпты, жұмысты бірігіп жасауға тәрбиелеу.

1




Көрсету

4

Санамақтар.

Санамақтар туралы түсінік беру. Санамақтар жаттау.

1




Жаттау

5

«Ақсерек-көксерек»

Балалармен ойын сөздерін жаттау. Ойының шартымен таныстыра отырып балаларды шапшандыққа,достыққа тәрбиелеу.

1




Таныстыру

6

«Аңшылар мен қояндар»

Ойынның үстінде шартын бұзбай ойнауға,жолдастық көмекке тәрбиелеу.

1




Түсіндіру

7

«Ордағы қасқыр»

Жыртқыш жануарлар туралы мәлімет беру. Ойынның бөліктерін бекіту. Ойын кезінде шартын бұзбай ойнауды ескерту.

1




Таныстыру

8

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ