Материалдар / «Фаст фуд өнімдері және олардың оқушылар ағзасына зияны»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Фаст фуд өнімдері және олардың оқушылар ағзасына зияны»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жобада фаст фуд өнімдерінің зияны зерттелді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2018
804
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспар:

І. Аннотация

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері;

ІІ. Кіріспе:

    1. Кола мен чипсы өнімі, және оның артық салмаққа әсері;

ІІІ. Негізгі бөлім:

    1. Коланың тарихы, пайдасы мен зияны;

    2. Чипс өнімдерінің тарихы, таралуы;

IV. Зерттеу бөлімі:

4,1. Чипсы және кола өнімдерінің оқушылар арасында таралуына анализ жасау және құрамын анықтауға тәжірибе жүргізу.

V.Қорытынды:

VI.Пайдаланылған әдебиеттер.



























Аннотация

Жобаның мақсаты:

- Оқушылар арасында кола мен чипсы өнімінің тарауына анализ жасау;

- Кола және чипсы өнімдерінің пайдасы мен зиянын саралау;

- Кола және чипсы өнімдерінің зиянын зертханалық түрде оқушыларға көрсету;

- Оқушылар арасында тауардың сапалық құрамына мән беруге үгіт жұмыстарын жүргізу;

Жоба тақырыбының өзектілігі:

  • Кола мен чипстың пайдасы мен зиянын оқушылар арасында салыстыру;

  • Жұмыс – кіріспе, негізгі бөлім, зеттеу бөлімі, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады;

  • Жобада – кола мен чипс өнімдерінің оқушылар арасында таралуына анализ жасап, оқушыларға пайдасы мен зиянын түсіндіріп, және де осы аталған өнімдерге зертханалық тәжірибе жасау арқылы зиянды жақтары ашылған.

  • Оқушылар ғылыми жобадағы мақсаты мен міндетін дәлелдеген. Жобаны қорытындылай келе, әр тауарды сатып алмас бұрын сапалық қасиетіне, құрамына басты назар аудару керек деген ұсыныс айтады.



















Аннотация

Цель проекта:

- анализ столбцов и чипсов среди школьников;


- оценка взаимодействия чипов и продуктов и оценка ущерба;


- лабораторная демонстрация ущерба для колы и чипсов для студентов;


- проведение агитационной работы среди школьников по качеству продукции;


Проблема темы проекта:

- Сравнение преимуществ и преимуществ колы и чипсов среди учеников;


- Работа состоит из введения, основного раздела, отдела изучения, заключения и использованной литературы;


- Проект анализирует распределение колы и чип-продуктов среди школьников, объясняет преимущества и вред для студентов и подвергает их вредным аспектам, проводя лабораторные эксперименты над этими продуктами.


- Студенты доказали свою цель и задачу в научном проекте. Подводя итог проекту, предполагается, что каждый продукт должен быть ориентирован на его качество и состав перед покупкой.




















Аnnotation

Objective of the project:


- analysis of columns and chips among schoolchildren;


- evaluation of the interaction of chips and products and damage assessment;


- laboratory demonstration of damage for cola and chips for students;


- conducting agitation work among schoolchildren on the quality of products;


Actuality of the project:


- Comparing the advantages and benefits of cola and chips among students;


- The work consists of an introduction, the main section, the department of study, the conclusion and the used literature;


- The project analyzes the distribution of cola and chip products among schoolchildren, explains the benefits and harm to students and subjects them to harmful aspects by conducting laboratory experiments on these products.


- Students have proved their goal and task in a scientific project. Summing up the project, it is assumed that each product should be oriented to its quality and composition before buying.




















Зерттеудің міндеттері:

  • Кола және чипстың пайдасы мен зиянын анықтайтын материалдар жинақтау;

  • Аталған ақпараттын оқушылар арасында таралуын саралау;

Зерттеу обьектісі:

Дүкеннен жарнамалардағы оңай сатылып алынатын кола мен чипстар;

Зерттеудің дереккөздері:

Кола мен чипстың пайда болу тарихы, олардың алғаш сатылымға шыққан уақыты және де ең көп сұранысқа ие болған уақыттары. Емдік мақсатқа қолданылған тұстары;

Зерттеудің әдіс тәсілдері:

Іздену, жеке – дара жұмыс, кітапханаға бару, энцоклопедиялардан іздеу, журналдарды және интернет парақшаларын қарау.

Ғылыми жаңалығымыз:

Кола мен чипстың тарихы туралы мәлімет алдық. Оқушылар арасында таралуына анализ жасадық. Зертханалық тәсілмен көрсетілген жұмыстарыдың, теориялық тәсіле қарағанда нақтырақ болатынын түсіндік.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Кола мен чипстың химиялық құрамының зиянды екенін нақты дәлелдерді көрсетіп, анықтау. Осы аталған тауарлардың сапалық құрамы қаншалықты қаралатынын анықтау;

Болжам:

Осы жобада көрсетілген өнімдердің зияны кеңінен насихатталса және де осы өнімдерді тұтынатын оқушылардың саны кемісн, дені сау ұрпақ қалыптасады.







II.Кіріспе:

2.1. Кола мен чипс өнімдері және оның артық салмаққа әсері.

Қазақстандық оқушылардың көпшілігі дұрыс тамақтанбайды. Осының салдарынан жоғарғы сыныпта оқитын балалардың үштен бірінің салмағы шамадан тыс артып кеткен.

Қазақ тағамтану институты мен сүт өнімдерін шығаратын компаниялардың бірі биыл көктемде жүргізген зерттеуге қарағанда, Ернар Қалиев секілді тамақтанатын жоғарғы сынып оқушыларының үштен бірі семіздікке шалдыққан.

Зерттеу Алматы қаласы мен Алматы облысының 50 мектебіндегі 5-9 сынып оқушылары арасында өткен. Сұрау салынған 7500 оқушының арасындағы

жоғарғы сыныпта оқитын балалардың 31,8 пайызының артық салмағы бары, оның 17,6 пайызы семіздікке шалдыққаны анықталған.

Мамандардың пікірінше, жоғарғы сынып оқушыларының тең жартысы фаст-фуд өнімдері мен газдалған сусынға құмар.

Мектеп тағамының сапасы 26 қарашада Алматыда өткен, тағамтану академиясы мен сүт өнімдері компаниясы зерттеуінің қорытындысы жарияланған жиында айтылды. Мамандар «мектепте және мектеп маңында газдалған сусын мен фаст-фуд сатуды тоқтату керек» дейді. Олар балаларға құрамында пайдалы заттар мол, көптеген аурулардың алдын алуға сеп болатын сүт тағамдарын жиі беру керек екенін айтады.
2007 жылдан бері Алматы қаласындағы бастауыш сынып (1-4 сыныптар) оқушыларына ғана күніне бір мәрте тегін ыстық тамақ беріледі. Ал жоғарғы сынып оқушылары тамақтарын үйден әкеледі, мектеп асханасынан не дүкеннен сатып алады.
Азаттық тілшісі мектептерде оқушыларға берілетін тағамның сапасы жайлы бұған дейін де жазған еді.

Біздің мақсатымыз кока кола өнімі мен чипсы өнімдерін халық арасында таралуын бақылау және құрамын анықтау.









III. Негізгі бөлім:

3.1. Кока коланың шығу тарихы, пайдасы мен зияны

Авторы – америка Әскери конфедерациясының офицері болған, фармацевт Джон Стит Пембертон (Кока-коланы бір фермер ойлап тауып, рецептін Джон Ститке 250$ сатқан, ол жайлы Джон Стит өзінің сұхбаттарының бірінде айтыпты деген аңыз бар).

Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон, осы уақытқа дейін сусынның логотипі болып табылатын «Coca-Cola» деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман (Albert Niemann) ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын «кез келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастайды. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені анықталмағандықтан, тыйым салынған заттек болып табылмайтын. Сондықтан кокаин еркін сатылымда болып, оны ләззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отыратын болған. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа есеппен 9 адам сатып алатын болған. Алайда кока-коланың танымалдығы мен кірісі де біртіндеп өсе бастады.

1888 жылы Пембертон сусынды шығару құқығын сатып жібереді. 1892 жылы «Кока-коланың» құқығына ие болған кәсіпкер Аса Григгс Кэндлер кока-коланы өндірумен айналысатын «The Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалайды. 1902 жылы кока-кола 120$ ақша айналымымен АҚШ-тағы ең танымал сусындардың біріне айналды. Ағылшын жазушы-фантаст Герберт Уэлсстің «Тоно-Бэнге» романы кока-коланың жарнамасы мен таралуына сатиралық туынды ретінде ұсынылады. 1890 жылдардың соңына қарай кокаинге деген қоғамның пікірі теріс айналып, 1903 жылы «New York Tribune» газетінде кока-коланы ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып, кока-колаға кінә тағады. Содан кейін кока-колаға коканың жас жапырақтарының орнына, «сығылып», бар кокаині жойылған бөліктерін қосады. 1894 жылдан бастап шөлмектерде, ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.

Кока-кола КСРО-да

1915 жыл дизайнер Эрл Р. Дин 6,5 унциялы жаңа шөлмек ойлап табады. 1955 жылы кока-кола 10,12 және 26 униция көлемінде сатыла бастады. 1988 жылы «Кока-кола» КСРО бойынша сауда нарығына шығады. 1979 жылы «Кока-кола» компаниясының сусындары алғаш КСРО-да Мәскеудегі Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады. Кока-кола 1999,2000, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2009, және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады. Қазіргі уақытта «Кока-кола» компаниясы 190-ға жуық ұлттық Олимпиада комитеттері, сонымен бірге Ресей Олимпиадалық комитетімен бірлесіп қызмет атқарады.

Әлемдік спорт қозғалысын қолдаушы

1960 жылы Токио қаласында өткен олимпиадада «Кока-кола» Токио және Жапониядағы тегін қала карталары, қаланың көрнекті жерлері мен көше көрсеткіштерін басып шығаруды мойнына алады.

1979 жылы «Кока-кола» АҚШ-тың Ұлттық олимпиада комитетінің Америка олимпиадалық атақ залының құрылуына қаржылық көмек көрсетеді. 1987 жылы «Кока-кола» Ұлттық олимпиада комитетімен келісімге қол қойып, Лозанн қаласындағы олимпиадалық мұражайының алғашқы демеушілерінің бірі болады.

Әлем футбол чемпионатын қолдаушы

1992 жылдан бастап «Кока-кола» компаниясы олимпиада алауының эстафетасын ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі болып табылады. 1974 жылдан бастап «Кока-кола» ФИФА-ның ресми серіктесі, ал 1978 жылдан бастап футболдан әлем чемпионатының ресми демеушісі. 2010 жылы футболдан әлем чемпионатында Претория қаласында әлем бойынша 250 жасөспірімдерді жинап, балаларға арналған лагерь ұйымдастырады.

Денсаулыққа әсері

Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкелуі мүмкін. Дейл Сэндлер бірнеше зерттеу жүргізудің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатынын дәлелдеген.

Баламалы қолданыстары

Кока-коланың құрамында ортофосфор қышқылы болғандықтан, татты жоя алады. Сондай-ақ кока-кола шәйнектегі қақты кетіруге пайдаланылады.Ақтөбе қаласындағы «Диапазон» газеті 2009 жылы Қазақстанның ең таза қаласы болып есептелетін Орал қаласында Жеңіс алаңын Кока-коланың көмегімен тазалап шыққанын хабарлайды.





Сусынның құрамы

Сусынның әр нұсқасының құрамы әртүрлі болып келеді. Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда «классикалық» нұсқадағы Coca-Cola нұсқасы берілген.

Сусынның компоненттері:

Тағам құндылығы

Энергетикалық құндылығы

42 ккал

Ақуыздар

0

Майлар

0

Көмірсулар

10 мг

Натрий

<11,0 мг

Калий

1,0 мг

Кальций

4,0 мг

Магний

1,0 мг

Фосфор

шамамен 17 мг

Өнімді дайындау технологиясы өндірушілер тарапынан қатаң құпия сақталады.

3.2. Чипс өнімдерінің тарихы, таралуы

Алдамшы дәмдеуіштер Чипсылар және кепкен нандардың дәмі тіл үйіреді. Бірақ, олардың құрамында шын мәнінде қызыл балық, пияз, қаймақ немесе ірімшік бар екен деп сеніп қалмаңдар. Оның бәрі жасанды химиялық қоспалар ғана. Жасанды дәмдеуіштер аллергия, өкпе және асқазан-ішек жолдарының түрлі ауруларының пайда болуына себеп болуы мүмкін. Көптеген снектердің құрамына дәмді күшейтетін химиялық натрий глутаматы қосылады. Ол кез келген тағамға қажетті дәм бере алады. Ол ми мен ас қорыту жүйесі арасындағы ақпарат алмасу жұмысын бұзады. Ағзаға кері әсерін тигізеді (жүйке тіндерін қоздырады). Ал натрий глутаматы осы тағамға тәуелділікті арттырып, снектерді хош иістендіреді. Міне, соның әсерінен оны қайта-қайта жегің келе беретін күйге ұшыратады. Зиянды калориялар Снектерді дайындауда арзан майларды, маргариндерді, тұзды консерванттарды (тағамның тез бұзылмай сақталуына қажетті химиялық заттар) қолданады. Бірақ та, біздің ішегімізде ас қорытуға қажетті, пайдалы бактериялар өмір сүреді. Олар ішектің дұрыс жұмыс жасауына, күрделі тағамдық компоненттердің қорытылуына, ыдырауына және В тобының дәрумендерін синтездеуге көмектеседі. Ал консерванттар оған кедергі жасауы мүмкін. Сонымен бірге, снектер жоғары калориялы өнім. Жоғары калориялы тағамдар аз қозғалатын адамдар үшін өте қауіпті. Өйткені, тағамдағы калория жоғары болса, адам оның бәрін жұмсай алмайды. Мысалы, 100 грамм чипсыда 500 ккал бар. Мұнша қуаттылық 50 минут бойы секіргенге немесе 2 сағат тез жүріспен жүргенде ғана қажет.
Чипсы (ағылш.chips — жоңқа) — жұқалап жапырақтап турап қайнатылған және ыстық ауамен кептірілген немесе картоп езбесінен жұқа қабатты етіп кептірілген дайын қытырлақкартоп. Бұлар алғашқыда Англияда шығарылған. Ұлыбританияда чипсылар қуырылған балыққа гарнир ретінде беріледі. Алғашында чипсы тек элиталық мейрамханаларда ғана сатылатын. Кейіннен қытырлақ картоп азық-түлік дүкендерінінің сөрелерін де жаулап, біртіндеп фастфуд қатарына енді. Бүгінде диетологтар мұны балалар жеуге болмайтын тағамдардың тізіміне қосып отыр. Чипсыды алғаш ойлап тапқан адам – америкалық қымбат мейрамханалардың бірінде бас аспазшы болған Джорд Крам деген азамат. Тіпті чипсыдың нақты қай жылы, қай күні пайда болғаны да белгілі: 1853 жылдың 24 тамызы. Бірде мейрамханаға келген қонаққа өте қалың кесілген фри картобы ұнамай, бас аспазшыны әбден сөгеді. Елдің алдында қатты қысылған Крам картопты жай ғана жұқа емес, тіпті өте жұқа етіп дөңгелектеп кесіп, екі жағын кезек-кезек қытырлақ болғанша майға қуырған екен. Осы тағамның дәмін татып көрген қонақ риза болып, осы тағамды «чипсы» деп атаған екен.

«Чипсы» ағылшын тілінен аударғанда «бөлшек» дегенді білдіреді. 1932 жылы Америкада картоп чипсыларының дәмін түрлендіріп жасау үшін тіпті ұлттық институт та құрылған. Ал Ресейде алғаш чипсы Ленинград блокадасында пайда болыпты. Мұнда балаларға картопты жұқа етіп кесіп, пешке қақтап берген екен. Бүгінде балалар сүйіп жейтін бұл тағам картоптың белгілі бір сорттарынан немесе картоп ұнтағынан, басқа да зиянды қоспалардан жасалады.

Кириешки – бұл тұзды дәмдеуіш қосылған қытырлақ нан. Алғаш қытырлақ кириешки 1999 жылы қыркүйек айында Новосибирск қаласында шықты. Сол елді мекенде «Сибирский берег» компаниясы 1 тәулікте 3000 пакет кириешки дайындайтын болған. 2005 жылдың басында Қазақстанда «Болжау» компаниясы кириешкиді өндіре бастады.









































IV. Зерттеу бөлімі

4.1.Чипсы және кола өнімдерінің оқушылар арасында таралуына анализ және құрамын анықтауға тәжірибе жасау

Оқушылар арасында «кола» және «чипсы» өнімдерінің қаншалықты таралғанын білу үшін, біз оқушылардан сауалнама алып көрдік. Сауалнамаға қатысқан оқушылар 6 – 11 сыныптар арасында – 45 оқушы. Сауалнама үлгісі төмендегідей:

Сіз қандай фаст фуд өнімін тұтынасыз?

Күнделікті тұтыну мөлшеріңіз?

Пайдасы туралы білесіз бе?

Зияны туралы білесіз бе?

1





2







Сауалнама көрсеткіші төменгідей болды: Сіз қандай фаст фуд өнімін қолданасыз?



Күнделікті оқушылардың тұтыну мөлшері – 1,75шт. Бұл дегеніміз – артық салмаққа әкеліп соғатын фактор. Жоғарыда аталған өнімдердің пайдасы мен зияны туралы оқушылар жарытып жауап бере алмады. Себебі оқушылар дүкендерден сырты жылтыраған өнімдерді сатып алғанымен, оның тағамдық құндылығына, қоспаларына, жарамдылық мерзіміне, тіпті қай мемлекеттен шыққанына баса көңіл аудара бермейді.



Осы аталған ақаулардың алдын алу үшін, «кола» мен «чипсы» өнімдеріне тәжірбие жасауды ұйғардық. Себебі шамалы болсада оқушылардың осы аталған өнімдердің зиянына көңіл аударғанын қалаймыз.



1 тәжірибе:

Picture 9

Біз чипсидың үлкен бөлігін алып ақ қағазға үйкеледік. Нәтежиесінде қағаз бетінде сары дақ және май іздері қалды. Бұл дегеніміз өнімнің өте майлы және қағаз бетіндегі сары дақ бояу қосылғанын білдіреді.

2 тәжірибе:

Picture 12

Кока – кола сусыны біздің тісімізге зиян ба? Бұл тәжірибегге біз тіс эмальіне өте ұқсас, тауықтың жұмыртқасын пайдаланамыз. Бір жұмыртқаны – таза су құйылған, екіншісін – кола құйылған ыдысқа саламыз. Тәжірибеміз көрсеткендей, кола құйылған ыдыстағы жұмыртқа қоңырқай түске боялды, кебіртіктер пайда болды, және сырты жұқарды, ал таза ыдыстағы жұмыртқа еш өзгеріске ұшырамады. Тәжіртбеміз көрсеткендей – кола сусынын көп пайдалану тіс эмальін жұқартады және оның бояулары өте күшті болғандықтан тіске кариес түсіреді.





3 тәжірибе:

Picture 14

Келесі тәжірибемізде чипсыны жағып көрдік. Әп сәттен ақ ол жалындата жөнелді. Ол дегеніміз қытырлақ қартоп құрамында: майдың өте көп мөлшерде екенін көрсетеді.

4 тәжірибе:

Picture 15

Кезекті тәжірибеде біз кола мен бауырдың әрекетін бақылауды ұйғардық. Ол үшін 2 бөлшек бауырды алып, біреуін таза суға, екіншісін кола құйылған ыдысқа салдық. 3 сағаттан соң колаға салынған бауыр еті жайлап ыдырай бастады, ал 1 күннен кейін колаға салынған бауыр еті жартылай ыдырап кетті. Таза судағы бауыр сол қалпы қалпында сақталды. Кола құрамында өте белсенді химиялық қоспалар қосылған.

Біздің тәжірибемізден түсінгеніміз қытырлақ картоп, ол – майлы, жоғары калориялы және бояулар мен дәмдеуіштер өте көп мөлшерде қосылған, қуырылған өнім. Ал кола сусыны – өте көп қантты, тіске де, асқазанға да, бауырға да өте зиянды сусын. Бұл өнімдер оқушылар ағзасына ешқандай пайда тигізбейді.

Қорытынды:

Біз осы тәжірибелеріміз арқылы қай сусынның, қай тағамның да, өзіміздің ұлттық тағамдарымызға жетпейтінін аңғардық.

Дұрыс тамақтану ол – өмір бойғы денсаулығымыздың кепілі. Біздің қазіргі уақытта азық – түлік дүкендерінде неше түрлі жылтыраған тағамдық заттар көп. Кола мен қытырлақ картопта сол жерден табылады. Және олар ең көп тараған өтімді тауарлар қатарында, бірақ тәжірибеміз көрсеткендей, жоғарыда аталған заттарды көп тұтыну адам денсаулығына қатерлі.

Біз тәжірибелік бақылауда:

  1. кола мен чипстар қоспаласыз өнімдер қатарынан емес және олардың құрамында көптеген зиянды заттар енеді.

  2. Осы өнімдерді күнделікті қолдану – асқазан, жүрек ауруларына, тістің эмаль қабатының жұқаруына және де артық салмақ қосуға апарып соғады.

  3. Коланы темір қағы мен татты кетіретін химиялық құралдардың орнына қолдануға болады.

Не ішіп не жейтінін әрине әркім өзі шешеді, біз жай ғана осы өнімдердің зияны жөнінде тәжірибелер жасадық.

Және осы тәжірибеден алған нәтежиелерімізбен басқа сыныптың және өз сыныптастарымызбен бөлістік, өйткені біздің сыныбымызда чипстер мен коланы жақсы көретін оқушылар өте көп. Біз әркім дұрыс шешім шығарады деп сенеміз, өйткені ертеде – ақ аталарымыз «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп айтып кеткен.



Ұсыныс:

Азық – түлік дүкендеріне фаст фуд өнімдерін сатуға шектем қойылса немесе белгілі бір норматив белгіленсе. Теледидар, афишалардан жарнамалары азайса.











Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Энциклопедия. Познавательный журнал для мальчиков и девочек. – М., ЗАО «Аргументы и факты», 2000. - №12. с.32, 33.

2.Энциклопедия. Познавательный журнал для мальчиков и девочек. – М., ЗАО «Аргументы и факты», 2002. - №5. – с. 22, 24, 58.

3.Культура питания. Энциклопедический справочник. Издательство «Белорусская Советская Энциклопедия» имени Петруся Бровки. – 1993. – с. 412.

4.Яковшин Л.А. Химические опыты с шоколадом // Научно-методический журнал «Химия в школе». – 2006. - № 8. – с. 73-75.

5.Биология анықтамалығы - 2014 жыл, №3 нөмір.

Интернет ресурстар:

1. http://www.missfit.ru/likbez/chocolate-polza/

2. http://www.kontren.narod.ru/lttrs/shok2.htm

3. http://www.sevchem.narod.ru/opyt.files/pischa.htm

































Мазмұны:

Жоспары...................................................................................1 - бет

І. Аннотация...........................................................................2 – 4бет

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері..................................5 - бет

ІІ. Кіріспе:

    1. Кола мен чипс өнімі және артық салмаққа әсер..................6 - бет

ІІІ. Негізгі бөлім:

    1. Коланың тарихы пайдасы мен зияны........................ 7 – 9 бет

    2. Чипстың тарихы және таралуы .............. 10 - 11 бет

IV. Зерттеу бөлімі:

4,1. Чипсы және кола өнімдерінің оқушылар арасында таралуына анализ және тәжірибе жасау......................................................................12 – 14 бет

V.Қорытынды................................................................................15 - бет

VI.Пайдаланылған әдебиеттер...................................................16 - бет







14


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!