400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта арнаулы оқу орындарына арналған оқу сабағының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сабағының жоспары


Сабақтың тақырыбы: Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы

Пән атауы: Биология

Педагог: Қамбарбек Ақтоты Ақылбекқызы

2022 жыл « » ______________


  1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: _______________

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

  1. Мақсаты, міндеттері: ферменттерді химияды, өнеркәсіпте және медицинада пайдалану мүмкіндігін талқылау..

  2. Күтілетін нәтижелер:

  • Ферменттер ұғымын түсінеді.

  • Органикалық заттардың қандай класы ферменттер екенін біледі.

  • Ферменттердің химияда, медицинада, өнеркәсіпте пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады.

  1. Қажетті ресурстар: Электронды оқулық, Интернет материалдарын пайдалану, стикерлер, https://youtu.be/21FztWPZOOY, https://youtu.be/FsB9anyCdG0.

  2. Сабақ барысы:


1.Сабақтың басы

- Оқушылармен амандасып, түгелдеу.


Қызығушылықты ояту

  • Оқушылардың арасында ынтымақтастықты орнату мақсатында «Жүректен –жүрекке» психологиялық тренингін жүргізу.

  • Оқушыларды мозайка әдісі арқылы үш топқа бөлу. Көмірсулар бейнеленген суретті алған оқушылар «Амилаза» тобына,нәруыздар бейнеленген суретті алған оқушылар «Пепсин»,майлар бейнеленген суретті алған оқушылар «Липаза» тобына жинақталады.

  • Мұғалімнің ауызша бағалауы жүзеге асады -Жарайсың -Жақсы –Тамаша!


2.Сабақтың ортасы


Мағынаны тану кезеңі

Лекция жазу. Тақырыбы: Ферменттерді медицинада, химияда және өнеркәсіпте пайдалану

  • Оқушыларға ферменттер туралы видео көрсету

  • «Ойлан,жұптас, бөліс» әдісін қолдана отырып үш топқа мәтінді таратып, мәтінде не туралы айтылғанын жазады.

Мәтін 1 топ: Ферменттер көптеген жылдар бойы адам қызмет ететін әртүрлі салаларда: Былғары, тамақ, фармацевтикалық және бақса өндіріс салаларында, сондай-ақ медицинада, ауылшаруашылығын- да,химиялық синтездеуде қолданылып келеді. Ферменттердің әрекет ету тиімділігі химиялық катализаторлармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары,бірақ оларды сақтау, температуралық әсерлерге тұрақсыз болуына байланысты қолдану қиынға соғады.Сонымен қатар ферменттерді реакция өнімдерінен бөліп алудың технологиялық қиындықтарына байланысты іс жүзінде бірнеше қайтара қолдану мүмкін емес.

Дескрипторлар

Ұпай саны

Мәтінді оқып түсінеді

1

Ферменттерді катализаторлармен салыстыра отырып, ерекшеліктерін анықтайды

1

Топ тұжырымдаманы эстетикалық талапқа сай жасайды

1


2 топ: Кейінгі жылдары әртүрлі ферменттердің продуценттері ретінде медицинада, малшаруашылығында,ауылшаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде,сонымен қатар тағамдық және азықтық нәруыз продуценттер ретінде маңызы жоғары. Биохъимиктердің, микробиологтар мен химиктердің жұмыстарына сүйеніп, медитцина мен ауылшаруашылығында кеңінен қолданыс тапқан отандық антибиотик және дәрумендер өндірісі құрылды. Медицина мен жеңіл, тамақ және химиялық өнеркәсіптің бірқатар саласында үлкен мәні бар, ферменттер өндірісін дамытуға жағдай жасалды.


Дескрипторлар

Ұпай саны

Мәтінді оқып түсінеді

1

Ферменттердің қолдану саласының жан-жақтылығын анықтайды

1

Топ тұжырымдаманы эстетикалық талапқа сай жасайды

1


3 топ: Биотехнологияда жануарлар мен өсімдік жасушаларының өсінділері кеңінен қолданылады.Жануарлар мен өсімдік жасушаларының құрылысы,физиологиясымен биотехнологиясы бактерия жасушаларына қарағанда анағұрлым күрделі. Өсімдік ұлпасы өсінділерінен медицинада (алкалойдтер;қабынуға ,лейкозға және ісікке, бактерияға қарсы заттар, ферменттер,дәрумендер т.б) ,ауылшаруашылығында,химия және басқа да өнеркәсіп салаларында қолданылатын әртүрлі қосылыстар алуға болады. Жануар жасушаларын олар синтездейтін өнімдерді алу үшін де ,вакциналармен диагностикалық препараттарды алу мақсатында да, вирустарды жасушаларды өсіру үшін қолданады.


Дескрипторлар

Ұпай саны

Мәтінді оқып түсінеді

1

Биотехнологияда жануарлар мен өсімдік өсінділерінің қолдану аясын анықтайды

1

Топ тұжырымдаманы эстетикалық талапқа сай жасайды

1


Бағалау «Үш шапалақ»



Тапсырма: Кішкентай балалардың аузынан үнемі сілекей бөлініп жүретінін көреміз.Сілекей матаның түсін өзгерістерге әкеледі. Сондықтан тоқыма мата өндірісінде сілекейге тұрақтылығын тексеру жұмыстары жүргізіледі. Әр топқа мата қиындылары таратылып беріледі. Сол маталардың сілекей әсеріне тұрақтылығына жұмыстарын жүргізеді.


Дескрипторлар

Ұпай саны

Сілекейдің матаға әсер ету белсенділігін анықтайды

1

Матаның түсінің өзгерістерін бақылайды

1

Амилаза ферментінің матаға әсеріне тұжырымдама жасайды.

1


Бағалау. Смайликтермен бағалау.



Сабақтың соңы.

Рефлексия және кері байланыс.


Өзін-өзі талдау кестесі


Мен сабақта жұмыс жасадым

Белсенді / белсенді емес

Мен өзімнің жұмысыма

Ризамын / риза емеспін

Мен сабақта

Шаршадым / шаршаған жоқпын

Менің көңіл күйім

Көтерілді / көтерілмеді

Сабақтың мазмұны мен үшін

Түсінікті / түсініксіз

Пайдалы / пайдасыз


Бағалау.

Үй жұмысы. Лекцияны оқу. Барлық зерттелген материалды қайталау.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
20.01.2023
970
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі