Тақырыбы: Фетр матасынан
сөмке жасау
Мақсаты: Оқушыларға сөмке қиып жасауға
үйрету.Танымдық қасиеттерін дамыту. Шеберлікке,ұқыптылыққа
тәрбиелеу. Киізден, жүннен жасалатын
күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаудың ыңғайлы жолдарын
іздестіру,өз қолдарынан сөмке жасау.
Көрнекілігі: әр түрлі сөмкелер, әр түрлі
түсті фетр матасы, фетр матасынан жасалған сөмкелер, терможелім,
қайшы, әшекей тастар.
Барысы: I.Ұйымдастыру
кезеңі.Сабаққа
дайындық.
II.Мақсат қою
кезеңі.Сабақтың тақырыбымен,
мақсатымен таныстыру.
III. Сарамандық
жұмыс.
ІҮ. Жаңа материалды
түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің
түсіндірмесі.
Техника қауіпсіздік
ережелерін қайталау.
1.Жұмыс барысына керекті құрал-жабдықтарды түгенде!
2. Инені арнайы ине салғышта немесе жастықшаға түйре!
3.Қайшыны ашық ұстама,ұшынан ұстап сабымен бер.
4.Жіптерді қолмен үзбей, қайшымен қию
керек.
Сарамандық жұмыстың
барысы:
1. Сөмке жасайтын мата түсін
таңдау
2. Қағазға болашақ сөмкенің
лекалосын түсіру, қию.
3. Лекало арқылы болашақ
бұйымды фетр мата бетіне түсіру, қию.
5. Бұйымды айналдырып тігін
машинасына салу
6. Қағазға дайын сөмкенің
бетіне орналастыратын ою-өрнекті түсіру.
7. Қағаздары ою-өрнекті жұқа
фетр матасына бастыру, қию
8. Дайын сөмке бетіне
ою-өрнекті орналастыру, желіммен жапсыру
9. Сөмке бетіне әшекей
тастарды орналастыру.
10. Сөмке бетіне әшекей
тастарды терможеліммен жапсыру.
Киіз - (ағыл. Felt, нем. Filz)
(түрікше ajlyk – жамылғы, жапқыш) – қойдың күзем жүнінен басылған,
үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің
алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б.з.б.
1- мыңжылдықта белгілі болған. Киіз Басу – дәстүрлі қазақ
қоғамында дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының
бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Фетр -
(қалпақтық биязы киіз) басу процестері де Киіз Басу дәстүрлі
технологиясымен бірдей. Жүн – ұйысуға бейім бірден-бір
талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механиклық әрекет
нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп,
тығыздығы артады: Киіз Басудағы ең жоғары тығыздық 0,55 г/см3
(байпақтың табаны 0,42 г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн
талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды. Қазіргі кезде
киіз бұйымдары қауырт өркендеу үстінде, шеберлер бұйымды жасауда
өте кең ауқымды киізді пайдаланады. Қазіргі заманғы әр түрлі
технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі фактуралар мен
маталарды – жібек, мақта, кендір, тоқыма заттарды уйлестіре отырып,
нағыз өнер жауһарларын жасап жур. Олардың ішінде – моншақ, сәнді
түйме, шаш қыстырғыш, білезіктер мен белдіктер, сөмкелер, әмияндар,
ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқ киім, тіпті
етіктер де бар.
Киіз басу өнері көне заманнан бүгінге дейін жетіп отыр. Киіз басу
да киіз үйдің тұрмысқа пайдалануға келуімен тұтас. Тіпті одан
бұрынырақ келген деуге де болады. Оған дәлел киіз үй біздің
заманымыздан бұрынғы 3000 –жылдықта пайда болды деген деректер бар.
Ал, Шыңжаң өңірінде киіздің қай замандардан бастап пайдаланғанын
мөлшерлеуге болатын тарихи қазба деректер де табылған екен. Шыңжаң
өлкесінің шығысындағы бұрыңғы үйсіндердің мекені – Құмыл
өңіріндегі қара төбе қабірыстанына зерттеу жүргізілгенде бұдан
3000 – 3600 жыл бұрын астына киіз төселіп, тері киімдермен
оралып көмілген әйелдің мүрдесі табылған. Тіпті таңғаларлығы
сол қабірлерден қазір де әжелеріміз істейтін ызылған құрлар,
жіптер, ақ, қара, жолақты ұсақ шақпақты жүн кездеме, шұғалар
табылған. Міне осы деректерге қарап халқымыздың жүнді пайдаланып
киіз басу, арқан, жіп есу, құр ызу сияқты
қолөнерінің тарихының әріден басталғанын көреміз. Демек, киіз басу
өнері Орта Азияны қоныстанған көшпенді ұлттардың шаруашылығының
тұрмыс мәдениетінің туындысы.Бұл халқымыздың атадан балаға
ертеден бүгінге дейін жалғасқан тарихи тума мамандығы.Киізді
халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты.
Мәселен, баспанасына жабынды, басына сая, еденіне
төсеніш, үстіне киім, өлісін арулайтын, тірісіне сән –
салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы болды. Халқымыз
тарихтағы хандарын да ақ киізге көтеріп тағына
отырғызған.
Сөмкенің қолданылуына қарай
бірнеше түрі бар. Оны әр түрлі пішін мен көлемде матадан,
былғарыдан тігуге болады. Біз қол тігістерінің техникасы бойынша
сөмкені фетрдан тігеміз. Сөмке тігу үшін материалдың қалыңдығына
қарай ине мен жіпті дұрыс таңдау қажет.
Жаңа материалды меңгергенін
тексеру кезеңі.
3.Практикалық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу
реті:
1қағаздың өлшемі 50см х 20см
болатын сөмкенің негізін қиып аламыз.
2.Оның дәл ортасын тауып,
екіге бүктейміз.
3.Тағы да екіге бүктеп,
тұтқасының енін 4 см етіп белгілеп
аламыз. Белгі ізін қайшымен қиып,
арасын ашамыз.
4.Бүйір бөлігіне көлемі 15 см
х 8 см екі бөлік қиып алып, олардың төменгі жағына кертік
белгілейміз.
5.Материалдың оң бетінен
сөмкенің негізгі бөлігі мен бүйір бөліктерінің кертіктерін
теңестіріп,жапсыру .
6. Оны фетр матасына тусіріп
қиып аламыз
7. Іс машинасымен
тігеміз
8. Сөмкені әшекейлеу үшін
гүл жапсыруға және әр түрлі
әшекейлер жапсырамыз
өз
қалауларынша.