Материалдар / «ФЕТРДАН ЖАСАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ – МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМЫУЫНЫҢ БІР ТӘСІЛІ.»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«ФЕТРДАН ЖАСАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ – МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМЫУЫНЫҢ БІР ТӘСІЛІ.»

Материал туралы қысқаша түсінік
Фетрден жасалған дамытушылық ойындар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Наурыз 2024
86
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
1500 тг 1125 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ФЕТРДАН ЖАСАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ – МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМЫУЫНЫҢ БІР ТӘСІЛІ


В.А.Сухомлинский

«Ойын – бұл баланың рухани әлемінде қоршаған орта туралы

өмірлік таным мен ұғымын тудыратын, ашық әрі нәзік терезе.

Ойын – бұл қызығушылық пен іздемпаздықты

оятатын ұшқын»- деп жазған болатын.


Фетрдан жасалған дидактикалық және дамыту ойындары – білім беру мақсатында арнайы жасалған ойындар.

Дидактикалық және танымдық ойындарда балаларға белгілі бір тапсырмалар беріледі, оларды шешу үшін зейінді, ақыл-ой күш-жігерін, ережелерді түсіну қабілетін, іс-әрекеттер ретін, қиындықтарды жеңу қажет. Ойындардың атқаратын рөлі де баланың жан-жақты дамуына ықпал етеді, оның қабілеттерін қалыптастыруға қызмет етеді. Фетрдан жасалған дидактикалық және дамыту ойындары балалардың барлық психикалық процестерін (есте сақтау, ойлау, қиял, сөйлеу, шығармашылық) қабілеттерін дамытады.

Өйткені, дамыту ойындары – балалардың интеллектуалдық және сенсорлық қабілеттерін арттыруға әкелетін практикалық ойлаудың бір түрі болып табылады. Балалар түрлі-түсті және әртүрлі материалмен жұмыс істеу процесінде өте жақсы дамиды. Бұл балалармен жұмыс жасауда дәстүрлі және дәстүрлі емес ойын тәсілдері мен құралдарын ізденуге объективті түрде ынталандырады. Бұл жағдай Фетрдан жасалған дидактикалық және дамыту ойындарын жасау идеясына түрткі болды. Құлыптарды, ілмектерді, түймелерді, жарма салынған қалталарды және әртүрлі «сылдырмақтарды» қолданатын түрлі заттардың арқасында балалардың тактильді сезімі, қолдарының ұсақ бұлшықеттері дамиды, заттардың түсі және пішінімен танысады. Балалар бұл ойындарда алған дағдыларын болашақта іс жүзінде, яғни, аяқ киімдерін кию, күртелерін түймелеу және байлау кездерінде қолдана алады. Фетрден жасалған ойындардың танымал материалға айналуының себебі: - Ойындар өте қызықты, жан-жақты, жұмсақ және ұстағанға жағымды, әрі қауіпсіз. - Кез келген сюжеттер мен суреттерді жасауға болады. - Өнім ойынның әртүрлі қиындық деңгейінен тұрады. - Олар жеңіл және жинақы. Киізден жасалған бұйымдар, әсіресе кішкентай балаларға ұнайды. Бұл материалдан кез келген нәрсені жасауға болады. Ал киізден жасалған ойындардың ерекше құндылығы – бұл ойындарды құрастыруға және жасауға балалар көмектесе алады.

Назарларыңызға, балалардың интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін дамытуға арналған бірнеше ойындарды ұсынамын. Фетрдан жасалған ойындар: «Ойна да, ойлан», «Сиқырлы шаршылар» ойыны балалардың ойлау процесін, есте сақтау қабілетін, белгілі бір тапсырмаға зейінін шоғырландырады. Сонымен бірге, олар өздерінің түрлі-түстілігімен, ерекшелігімен балаларды тартады, қызықтырады.

«Санның құрамы», «Саусақпен санау» ойындары балаларға онға дейін санау дағдыларын өз бетінше бекітуге, санды затпен салыстыруға, ойын түрінде санның құрамымен танысуға мүмкіндік береді. Жұппен ойнау, әлеуметтік дағдыларды серпілту – қатарластарына сезімталдық таныту, әділ болуға, қажет болған жағдайда, берілуге, жанашырлыққа үйренуге, достыққа тәрбиелейді.

«Достарды тап», «Суреттердегі математика», «Не жоғалды?» ойындарында математикалық түсініктерді дамыту жалғасуда. «Достарды тап» ойыны – геометриялық фигуралар туралы түсініктерді бекіту, оларды қоршаған дүниенің заттарымен салыстыру. Математика негіздерінің білім саласындағы тапсырмаларды бекітуге көмектесетін әртүрлі оқу ойындары ұсынылған «Сиқырлы математика» кітабында математика негізін бекітуге арналған өте қызықты және дамуға арналған әр түрлі ойындар ұсынылған.

Дидактикалық ойын қарапайым ойын құралдарын қолдану арқылы баланың дүниетанымын, оның өмірге деген көзқарасын, жалпы қабылданған нормаларға сәйкес өз мінез-құлқын саналы түрде реттей білу, талаптарға бағыну, тәртіпті болуға мүмкіндік береді. Бұған «Сиқырлы қолшатыр», «Ертегі текшесі», «Ертегіні тап» ойындары көмектеседі. Ертегілер арқылы балалар жақсылық, жамандық, достық, өзара көмек туралы адамгершілік ұғымдарымен танысады, ойлау, қиялдау, сөйлеу қабілеттерін дамытады.

Қоршаған ортамен танысу кезінде фетрден жасалған «Ақылды гүлдер» ойындарын қолданамыз – мұнда балалар киіз үй мен құжыраның безендірілуімен танысады. «Менің жерім» кітабында ұлттық бояуы бар ойындар іріктеліп алынған – балалар қазақ халқының өмірімен, мемлекеттік рәміздермен, музыкалық аспаптарымен танысады. Көкөністер мен жемістер туралы білімдерін бекітетін «Түскі ас» ойынында табиғат туралы білімдерін толықтырады.

«Сауат ашу» кітабы ойын түрінде балалардың дыбыс сауаттылығы туралы түсініктерін дамытады, коммуникативті дағдыларын дамытады.

Баланың интеллектін дамыту, іс-әрекеттің барлық түрлерін, соның ішінде шығармашылықты пайдалануды көздейді. Мысалы, «Өрнекті құрастыр» ойынында балалар түсін, пішінін, кеңістіктегі бағдарын, эстетикалық дағдыларын анықтайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы зор. Баланың интеллектуалдық қабілеттері белсенді әрекетте қалыптасады және ең алдымен осы жас кезеңінде жетекші болып табылады, оның қызығушылықтарын, шындыққа көзқарасын, әсіресе, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын анықтайды.

Оқу процесінде ойын материалын пайдалану мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерінің қарқынды дамуына ықпал етеді.



Тәрбиеші: Джарбосинова Жазира Нарбаевна педагог-сарапшы

Білім беру ұйымы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің» №13 балабақшасы КМҚК


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!