Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ф.И.Голощекин және «Кіші қазан» саясаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін:_____________
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:_______________ Бержанов М.Т
Сабақтың тақырыбы |
Ф.И.Голощекин және «Кіші қазан» саясаты |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сілтеме |
Жоспары: Оқулық- 169-171 беттер аралығы 11-сынып |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мақсаты |
Танымдық: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қарсаңындағы өлкедегі тоталитарлық жүйенің күшею барысымен таныстыру; Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісі туралы мәлімет беру. Эмоциялық: Психологиялық жағымды орта қалыптастыру арқылы олардың зейінін дамыту; Әлеуметтік: Әлеуметтік өзара әрекеттестікте оқыту арқылы барлық оқушылардың бірдей оқу мен оқыту үдерісіне қатысуына ықпал жасау; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже |
1. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қарсаңындағы өлкедегі тоталитарлық жүйенің күшею барысымен танысады; Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісі туралы білетін болады. Бірлесіп жұмыс жасайды. 2.Әлеуметтік өзара әрекеттестікке белсенділігі артады, ойларын рәсімдеуге машықтанады, оқудағы кедергілер жойылады, құзырлылық қалыптасады. 3.Тақырып бойынша жаңа түсінік қалыптасады, әлеуметтік өзара әрекеттесе жұмыс жасаудың маңыздылығын түсінеді, салыстыруға, пікірлерін айқын тұжырымдауға ықпалданады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі идеялар |
«Мен тұжырымдамасы», ынтымақтастыққа оқу, өзін-өзі реттеу, СТОҮ, көшбасшылық және педагогикалық бақылау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырмалар |
Топтық жұмыс (Мәтінмен жұмыс, мәтінді оқу, талдау) Жұптық жұмыс («Дау-дамай» стратегиясы арқылы кестені толтыру) Жеке жұмыс (Тест тапсырмалары) |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Көрнекілігі |
Қазақстан тарихы (оқулық), Қазақстан тарихы (әдістемелік құрал) АКТ (ғаламтордан алынған мәліметтер), постерлер, тірек-сызбалар, тапсырмалар. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлау үрдісін жүзеге асыру Іс-әрекеті |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаттығулар (1 минут)
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топқа бөлу. Сынып оқушыларын 2-топқа бөлу.. |
Оқушылар жылдар жазылған парақшамен топқа бөлінеді. Оқушылар өз орындарына отырады. 1-топ: (1922ж,1925ж,1927ж,1928ж,1929ж,1926 ж), 2-топ: (1930ж,1931ж,1932ж,1933ж,1938ж,1937ж) Әр топ көшбасшысы, хатшысы, бақылаушысы, уақыт сақшысы, баяндаушысын сайлайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма №1. (2 минут) |
1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір Үй тапсырмасын сұрау Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұрау
|
Оқушылар арасында «көңілді смайлик доп» ойыны арқылы, бір-біріне сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы сұралады. Сұрақтар: 1.Қазақстандағы 20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірге сипаттама беріңдер? 2.Қазақ АКСР-інің құрылуының тарихи маңызын түсіндіріңдер? 3.Қазақ КСР-інің құрылуы – тәуелсіздікке жасалған қадам дегенді қалай түсінесіңдер? 4.Араб әліпбиі жоғарыдан келген бұйрық бойынша қандай әліпбиге ауыстырылды? 5.Кеңес өкіметі мен «Алаш» партиясы туралы не айта аласыңдар? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма №2. (3 минут) |
Үй тапсырмасы сәйкестендіру тесті арқылы бекітіледі. |
Оқушылар тактамен жұмыс жасай отырып, жылдарды, ұғымдарды бір-бірімен сәйкестендіреді. Сәйкестендіру тесті
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма №3. (25 минут) |
Топтық жұмыс (мәтінді оқып, талдау) Сұрақтардың сандығы, Шешімі бар көптеген Анықтаймыз барлығын Ұжымдасып топпенен.
|
Топтық жұмысты орындамас бұрын, «электрондық оқулықтан» Ұжымдастырудың басталу жайында мәлімет беріледі. Мәтінді оқып, өзара шығып топта талдайды. Постерге өз тапсырмаларын орындайды. 1 ғана түспен. Баяндаушы баяндайды.
1-топ: Ұжымдастыру және «Кіші қазан» саясатының басталуы
2-топ: Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы және зардаптарын жою
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма № 4.
|
Топтарға сағат тілімен постерлерін ауыстырып бірін-бірі бағалау жүргізіледі. |
Әр топта әр постерге толықтыру енгізілді. Соңында постерлер қорғалады. Формативті бағалаудың түрі: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», критерей арқылы бағалау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма № 5. (5 минут) |
Тақырыпты ашайық, Жауап беріп, дүп басып Тапсырманы жасайық, Екі адамнан жұптасып
Жұптық жұмыс орындалады. 2 топ мүшелері екеуден отырып, берілген тапсырмалары жұп арқылы орындайды. |
Оқушылар жазбаша жауап береді. Оқып, талдайды. «Дау – дамай» стратегиясы арқылы тапсырманы орындайды. Жұптап (2 оқушы) бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бір-біріне баға береді. «Дау – дамай» стратегиясы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма № 6. (3 минут)
|
Сәт қылып күніңді Болашаққа жетелеп Көтереміз білімді, Жұмыс жасап жекелеп.
Жеке тапсырмалар орындалады. Тест тапсырмаларымен жұмыс жасайды. |
Онда формативті бағалаудың түрі топта өзін-өзі бағалау жүреді. ОүБ-2 ОүБ-1
Тест тапсырмалары 1. «Қазақтар отар болып келді және солай болып қалды» деп жазды? а) С.Сәдуақасов ә) И.М.Губкин б) М.Тынышбаев 2. Ф.Голощекин қай жылдары өлкеде басшылық етті? а) 1921-1928 ә) 1924-1928 б) 1925-1933 3. «Кіші Қазан» идеясының авторы: а) Т.Рысқұлов ә) Т.Қазыбеков б) Ф.Голощекин 4. Қай жылы компартияның ХV сьезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды? а) 1927 жылы қарашада ә) 1927 жылы ақпанда б) 1927 жылы желтоқсанда 5. «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулы қабылданған жыл: а) 1927 ж ә) 1928 ж б) 1929 ж 6. 1931 жылы шаруашылықтың қанша пайызы (%) ұжымдастырылды? а) 65% ә) 2% б) 16% 7. Ұлт зиялылары қазақ шаруалары үшін не тиімді деп ашық айтты? а) егін шаруашылығы ә) отырықшылыққа көшу б) дәстүрлі мал шаруашылығы 8. Т.Рысқұлов И.Сталинге жазған хатында не ұсынды? а) О.Исаевты жазалауды ә) «Кіші Қазан» саясатын тездетуді б) қазақтарға малды меншікке таратып беруді. 9. Т.Рысқұлов қандай қызмет атқарды? а) РКФСР ХКК төрағасының орынбасары ә) өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы б) «Еңбекші қазақ » газетінің жауапты редакторы 10. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру неден басталды? а) қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшіруден ә) бай кулактарды тәркілеуден б) егістік жерлерді шаруаларға қайтарудан
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма № 7 (4 минут). |
Сабақты бекіту үшін: Эдвард де Боно «Алты ойлау қалпағы» технологиясы арқылы жұмыс жүргізіледі.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалім сабақты бекіту үшін: сұрақтар қойылады. Мұғалім оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып, сабақты бекітеді. (1 минут) |
Жеке, жұптық, топтық жұмыстар талқыланады. Оқушылар өз ойларын топ ішінде сыни түрде айтады. Оқушы еркін ойларын жеткізеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау (1 минут) |
Оқушылардың түсіндірулері (ОүБ-3) Топты бағалау (ОүБ-2) Жұпты бағалау (ОүБ-1) Өзін-өзі бағалау (ОүБ-5) Түсіндірілетін тапсырмалар (ОүБ-7)
«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»
|
Рефлекция
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма |
Ф.И.Голощекин және «Кіші қазан» саясаты |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейінгі тапсырма |
Алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларының Ф.И.Голощекиннің «Кіші қазан» саясатына қарсы күресі |
№98 орта мектеп
Ашық сабақтың тақырыбы:
Ф.И.Голощекин және
«Кіші қазан» саясаты
Пәні: Қазақстан тарихы
Сыныбы: 11
Пән мұғалімі: Сералиева Гүлмира
2017 жыл