Материалдар / Философия сабағында оқытудың озық технологияларын қолдану әдісі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Философия сабағында оқытудың озық технологияларын қолдану әдісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2021
374
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Философия сабағында оқытудың озық технологияларын қолдану әдісі.

 

Қазiргi өскелең өмiр талаптарына сай жастарға бiлiм және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты мiндеттердiң бiрi. Бiлiм беру – бұл қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiк, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейiн және кәсiби бiлiктiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздiксiз процесi.

Даму жолындағы қоғамда ең алдымен білім дамуға тиісті. Ал білімді дамытатын сол үрдістің субъектілерінің принципті түрдегі жаңа әрекеттері мен жаңа қарым-қатынас нормаларын меңгеруі болып табылады. Жаңа қоғамдағы білімге айырықша көңіл аударарлық мәселе білім емес, оны меңгеруге деген қабілеттілік, есте сақтау емес, психиканың негізгі механизмі – ойлау, шыдамдылық емес, оқу үрдісіне деген белсенділік, оқу нәтижелеріне жету арқылы өз орнын анықтау; жауапкершілік; жай оқу емес, жеке, қоғамдық, кәсіби өмірді нұрландыру үшін оқу. Білім – тоқтаусыз, толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсіну ләзім. Бұл-әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші артып, тұлғалылығы қалыптасады.Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі-жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі.  Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты – үйрете жүріп, үйрену. Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқытыу әдістемесін өзгертеді.

Еліміздегі білім беру жүйесі тұтас алғанда экономикалық дамудың сұраныстарына  сай болуды талап етеді. Жаңа заман талабына сай, жас ұрпақтарды тәрбиелеу әрбір педагогтың жауапты ісі. Қоғамның негігзі қозғаушы, бағалы байлығы – адам, сол себепті білікті де, білімді маман ғана экономиканың өркендеуіне үлес қоса алады.

Педагог мәртебесінің артуы оның кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты екені белгілі. Мұғалімнің мәртебесін анықтайтын өлшемдердің бірі - оның этнопедагогикалық мәдениеті деп есептеуге болады. Жалпы мұғалімнің жеке басының мәдениеті этнопедагогикалық мәдениет арқылы дамиды. Жақсы мұғалім ең алдымен жақсы адам болуы тиіс. Ары таза, байсалды да төзімді, кешірімді де, әділетті мұғалім әрқашанда басқалардан айрықша тұрады. Яғни, мұғалім жақсы сабақ өтіп қана қоймауы керек, ол сабақ өту барысында мәдениеттілік сақтауы тиіс.

Философия даналыққа апаратын жол, яғни даналық философиядан да жоғары, оған философияның көмегімен көтерілуге болады. Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. «Философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор. Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас – дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы.

Кез келген оқушының ойында «Философия жастарға не береді?», «Болашақ менеджерге, банкирге, дәрігерге, заңгерге, инженерге, мұғалімге философияны оқу қажет пе?», «Олар оны өмірлік қызметіне пайдалана ма?», «Философияның біздің өмірімізде алатын орны қандай?», «Оны бізге оқу қажет пе?»- деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауап ретінде ежелгі грек философы Эпикурдың мына бір даналық сөзін айтуға болады: «Кім болса да, әзірге жас кезінде, философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын»,-деген екен. Философия адамға өзінің дүниедегі орнын түсінуге, өз өмірінің мақсатын ажыратуға қажет білім. Ал бұның барлығын оқушыға түсінікті етіп жеткізе білу педагогтың кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. 

Жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.

Философия дүниетанымы өте күрделі болғандықтан, оны оқушыға түсінікті етіп жеткізу, шәкірттің жүрегінен орын табатындай етіп ұғындыру, философия сабағына деген оқушының қызығушылығын арттыру қажет. Ол үшін философия сабағында қазіргі кезде қолданылып жүрген көптеген оқытудың жаңа технологияларын пайдалану қажет деп есептеймін.

Жаңа технологияның мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заман талабына сай, электрондық оқулық, интернет, web сайдты қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану философия пәні үшін маңызды болмақ.  

          Оқушының тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа білім технологияларының айтарлықтай ықпал ететіндігі және бұл – қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.

Сабақ барысында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын пайдалану тиімді. Бұл бағдарлама қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен тұрады.

Қызығуды ояту кезеңі – бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыру. Сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не білетінін айқындаудан басталады. Осы кезеңде топтау әдісін қолданамын. Осы әдіс арқылы оқушы ойын қозғап, қызығуын арттырамын.  Бұл кезеңде әр оқушы өзінің таным белсенділігін көрсете алады. Яғни бұрынғы сабақта өтілген тақырыптарды оқушы қайтадан есіне түсіреді. Бұл қызығуды ояту кезеңі болып табылады.

Бағдарламаның екінші кезеңінде (мағынаны тану) оқушы жаңа ақпаратпен танысады. Тақырып бойынша тапсырмалар орындайды. Оқушының өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Жалпы философияда оқушыларды топ-топқа бөліп, топтарға сұрақ-жауап қойып, өткен тақырыпты сұрау арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру және жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра білу өте тиімді. Яғни бұл жерде өтілген тақырыптың жаңа тақырыппен байланыстылығы көрінеді. Бұл әдіс жалпы мәселені жұпта, сосын ұжымда талқылауға лайықталған. Бұл жағдайда әр оқушы өзін бір сәт мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады.

         Тақырып туралы ой-толғаныс бағдарламаның үшінші кезеңінде жүзеге асады. Осыған орай әр сабақ тақырыптарының ұқсас, ерекшеліктеріне қарай кестелер толтыру кезінде оқушылар бір-бірімен ой алмастыру, ой түйістіру әрі өз шығармашылығын көрсете алады.

         Жаңа сабақты бекітуде «Кубизм» әдісінің орны ерекше. Алты жағына алты сұрақ, не тапсырма беріледі. Бұл әдістің оқушы ойын сараптауға көмегі мол. Сонымен қатар бұл әдіс баланы қызықтырады, есте сақтау қабілетін арттырады, нақты жауап беруге үйретеді. Жаңа сабақты қорытындылағанда тест әдісін сабақ соңында қолданамын. Кей кездері сөзжұмбақ шешеміз.

         Оздыра оқыту технологиясының бір сипаты – оқушы қабілетін, деңгейін саралап оқыту. Ол үшін әр түрлі алдын ала дайындалған деңгейлік тапсырмалар беремін. Деңгейлік тапсырмалар әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқытуды әр түрлі топ ерекшелігіне  сәйкес бейімдейді, ыңғайлайды.

Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс, білім-біліктерінің артуымен сипатталады. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланудамыз.

Сонымен қатар философия сабағында оқушылардың шығармашылық біліктілігін дамыту мақсатында сабақтың төмендегідей әртүрлі тәсілдерін қолданамын:

-         сайыс;

-         семинар;

-         сынақ;

-         дебат;

-         саяхат;

-         баспасөз;

-         конференция;

    Топпен және жекелей жұмыс жасау барысында оқушылардың танымында салыстыру, зерттеу, деректермен жұмыс, ізденушілік және шығармашылық түсініктері қалыптасып, оқушының ой-өрісін дамып, алға ілгерілеушілік байқалады. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудағы пән мұғалімі бағыт, кеңес беруші рөліндегі қызметінен тұрады.

Қоғамдық пәндерді оқытуда баспасөз материалдарын пайдалану да өте пайдалы және тиімді болып табылады.

Еліміз бойынша жарық көріп жатқан газет-журналдарда тарихи құндылықтарға толы деректік,тәрбиелік құндылығы жоғары материалдардағы шығармашылық желісін дұрыс түсіну үшін баларды көп ізденуге үйрету,бағыт беру,қажеттісін алып,орынды пайдаланып,дұрыс қорытынды жасауға дағдысын қалыптастыру бас-пасөзбен жұмыс жасаудағы шығармашылық –ұстаздың басты міндеттерінің бірі-бала тәрбиесінің жан-жақтылығының қайнар көзі бола алатынын назарда ұстау тарих пәні мұғалімдерінің педагогикалық қызметінің күн тәртібінен үнемі түспейтін маіызды мәселенің бірі деп бағалау орынды.Тарих пәнінің мұғалімі бұл әдіснамадан ұтпаса ұтылмайтыны анық.
Сабақтың әдістеме де анықталған 24 параметріне назар аударайық:
Негізгі идеяны жеткізуі,
Материалдың ғылымилығы ,жеткізілуі
Оқу материалының тәрбиелік мәні
Оқу материалының мазмұны мен оқыту әдісі арасындағы байланыс,мұнда басты орын мазмұнға беріледі
Оқу материалының мазмұнын беру сапасы
Өмірмен байланыстылығы,дүниетанымы
Оқушылардың өздік жұмысы
Жазба жұмыс
Сабақтың тығыздығы,уақытты пайдалану
Оқушылардың білім сапасын жетілдіруі сияқты 24 параметрдің - 10-ы мерзімді баспасөзбен жұмыс барысында қосымша шешімін табады екен.Яғни,сабақтың мақсатына жетуіне,құзырлылығының артуына баспасз материалдарының пайдасы барын байқаймыз .

 Қорыта айтқанда, көркемдік қабілет барлық адамға тән екендігі белгілі. Шебер ұйымдастырудағы мұғалім бейнесі, қазіргі білім беру талаптарына сәйкес құндылығымен биіктемек. Тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы, қабілетті де дарынды оқушыларымыз болмақ. «Әрбір бала болашақ данышпан»-деген қағидаға ой жіберсек, ұстаз атаулының жас шәкірттерді дарынды, дарынсыз деп жіктеуі үлкен қателік. Табиғи таланттарды ашу – ұстазға жүктелер үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет деп есептеймін.

Сөзімді халқымыздың мына бір қанатты сөзімен аяқтағым келіп отыр «Қыран – түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне талап сыйлайды»демекші ұстаздан дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген. Яғни ұстаз мәртебесі оқушы алдында әрдайым биік тұруы керек деп есептеймін.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Д. Кішібеков «Философия»

2.     Г.А.Кактаев «Философия негіздері»

3.     Ә.Х.Тұрғынбаев «Философия негіздері»

4.Имжарова З.У.«Инновационная педогогическая технология».

5.Загашев И.О. «Критикалық ойлау технологиясы».


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!