Материалдар / Философия: Сократ эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Философия: Сократ эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эсседе ұлы философ Сократ жайлы ақпарат берілген. Оның кім болғанын, қалай философия әлемінде атағы танылғаны, идеялары мен көзқарасы берілген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту педагогикасы















СӨЖ

Тақырып: Менің көңілімнен шыққан философ









Орындаған: Нагыматдин Ботагөз Топ: 111/1

Қабылдаған: Туганбаев К.Т











Алматы 2023ж

Философия пәнінің алғашқы сабақтарынан ақ, мен өзіме оның антикалық дәуірін жақын тарттым. Танымға жету натурфилософиядан бастау алғанын білеміз. Бірақ, менің айтқым келетіні натурфилософияға да, Эллиндік-Римдік кезеңге де жатпайды. Мен сол уақытта философияға үлкен өзгеріс әкелген, ақиқатты әлемнен емес, өзінен іздеуге ұмтылған Сократ жайлы айтқым келеді.

Цицерон айтқандай: «Сократ алғаш рет философияны аспаннан жерге түсіріп, қалаларға қоныстандырып, үйлерге кіргізіп, өмір мен өнеге, жақсылық пен зұлымдық туралы ойлауды үйретті». Сократ өзін дана деп санамаса да, мен оны даналықтың атасы дер едім. Сократ 469 жылы тас әрлеуші Софрониск пен акушер Фенаретаның отбасында дүниеге келді. Ата-анасы жақсы табыс тапқандықтан, кедейліктен қысылған жоқ. Ол кішкене кезінен философияға, риторикаға, көркем сөйлеуге, жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықпен қарады. Оның ұстаздары Анаксагор, Архелай, Зенон, Дамон, Конон болды. Ол үш рет соғысқа қатысып, өзінің ержүректілігін көрсеткен болатын. Сократтың биографиясы жайлы мәлімет аз болғанымен, оның философиялық жолы жайлы біраз ақпараттар жиналған. Сократ әскери қызметті тастағаннан кейін, философиямен тыңғылықты қызыға бастады. Оның Афин көшелерінде достарымен шешен сөйлеп, ерекше ойларымен бөлісіп отырғанын көрген қала тұрғындарына Сократ таңданыс тудырды. Солайша, оның оқушылары мен ізбасарлары пайда бола бастады. Сократ өзінің ойларын қағаз бетіне түсіргенді ұнатпағанын білеміз, тек оның оқушылары Платон, Евклид, Аристотель, Алкивиад, Ксенофонт арқылы ғана Сократтың кім екені, оның философиясы осы күнге дейін жетіп отыр. Арнайы мектепте сабақ берудің орнына, қолжазба еңбектердің орнына Сократ ізбасарларын Афин көшелерінде оқытқанды, пікірталас ұйымдастырғанды ерекше жақсы көрді. Осы кезекте, маған оның ирониясы қатты ұнайды. Ол адамдармен пікірталасты өте қарапайым тақырыптардан бастайтын. Бір кісіні тауып алып, жағдайын сұрап, қалада болып жатқан оқиғаларды сөз етіп, одан соң ғана өзінің атақты Сократтық әдісін іске қосатын. Сократ диалог жүргізген кезде әрқашан "ақымақтың" рөлін ойнайтын. Яғни, өзін аристократ, саясаткер немесе ақындардың алдында ештеңе білмейтінін, және сол адам арқылы білгісі келетінін айтып, «сен данасың ғой, керемет ақылдысың, ал маған сендей болу қайда, маған осы нәрсені түсіндіріп жібересің бе» деп иронияны іске қосатын. Алдындағы кісі өзінің кереметтілігін, даналығын, білгіштігін көрсеткісі келе бастағанда, оны қисынды сұрақтары арқылы аяқтан шалатын. Яғни, Сократ сұрақ-жауап арқылы адамды өз ойына өзі қарсы шығатындай қорытындыға әкелетін. Сонда әлгі адам өзінің түк білмейтінін түсініп, дана емес екенін мойындайтын. Осыған мысалы ретінде Сократ пен софис Эвтидемнің диалогын алсақ болады:

  • Эвтидем, айтшы. Сен әділет деген не екенін білесің бе?

  • Әрине, ешкімнен кем емес білемін.

  • Ал мен болса, саясатта әдеттегі адам емеспін, маған мұны түсіну қиын. Айтшы, өтірік соғу, алдау, ұрлау, адамдарды құлдыққа алу әділеттілік пе?

  • Әрине, әділетсіздік!

  • Ал егер қолбасшы жауының шабуылын қайталап, адамдарды құлдыққа алса, бұлда әділетсіздік пе?

  • Жоқ, бұл әділетті болар.

  • Ал ол қолбасшы жауының жерлерін жайратып, тонаса ше?

  • Бұл да әділетті. Ия, мен саған нақты айтпаған секілдімін: өтірік, алдау, ұрлау жауға келгенде әділетті, ал достарға келгенде әділетсіздік болады.

  • Керемет, енді менде түсіне бастаған секілдімін. Бірақ, енді мынаны айтшы Эвтидем: егер қолбасшы әскерінің рухы түсіп кеткенін көріп, оларға жау жылжып келе жатыр деп өтірік соғу арқылы рух берсе, бұл өтірік әділетсіздік болады ма?

  • Жоқ, бұл әділетті болар.

  • Ал егер баласына дәрі ішу қажет болса, бірақ, ол оны ішкісі келмей, әкесі дәрісін тамағына қосып беріп, ол жазылып кетсе, мұндай алдау әділетсіздік бола ма?

  • Жоқ, бұл да әділетті болады.

  • Егер біреу досының өзіне қол салайын деп тұрғанын сезіп, оның қолынан қылыш пен пышақты алып алса, бұл ұрлық туралы не деуге болады?

  • Бұл да әділетті. Ия, Сократ. Мен саған қайтадан нақты айтпаппын. Былай айту қажет еді: өтірік, алдау, ұрлау жауға келгенде әділетті, ал достарға келгенде, оларға жақсылық жасау үшін жасалса ғана әділетті, жамандық жасау үшін болса әділетсіз.

Бұл диалогтың үзіндісі ғана болып табылады, Сократ осы үзіндіден кейін де, Эвтидемге бірнеше сұрақ қояды және ол соңында: «мен ештеңе білмейді екем, үндемей тыныш отырғаным жақсы» деп үйіне кетіп қалады. Оның тағы бір ирониясына мысал келтіруге болады. Бір күні Сократ бір кісінің екінші кісінің артынан жүгіріп: қанішерді ұста, қанішерді ұста деп оған айқайлап жатқанын естиді. Сократ ештеңе істемейді, ал қанішер көзден ғайып болады. Сонда, жаңағы айқайлаған кісі Сократқа келіп:

  • Сен неге қанышерді ұстамадың?, - деп сұрайды.

  • Қанішерді? Қанішер деген кім?, - дейді Сократ

  • Қанішер деген өлтіретін адам.

  • Сен қасапшы дегің келе ме?

  • Жоқ, басқа адамды өлтіретін адам.

  • Жауынгер ме?

  • Жоқ дейм, басқа адамды бейбіт күні өлтіретін адам.

  • Жендет пе?

  • Сен ақымақсың ба? Басқа адамды, айталық, соның өз үйінде өлтіретін адам.

  • Енді түсінікті, дәрігер!

Осы диалогтарды оқи отырып, күлкіге де марқайып, ойланып та аласың. Және, Сократтың қаншалықты ерекше адам екеніне көз жеткізесің. Оның майевтикасының астарында мақсат жатты. Ол Афин адамдарына, олар білемін, талдаймын деген нәрселері, негізінде, жәй ғана білім иллюзиясы болып табылатындығын көрсеткісі келді. Ол даналықты жек көрді, себебі даналық білім иллюзиясының пайда болуына әсер етеді деп санады. Дәл адам ештеңе білмейтінін түсінген сәтте, оның тануға деген ұмтылысы басталады. «Мен өзімнің ештеңе білмейтімді білемін» деген Сократтың сөзі осыдан келіп шығады. Және осы тұжырымды Сократ басқаларға да танытқысы келді. Адамдардың көзінен даналық елесін алып тастап, шексіз білімге ұмтылғанын қалады.

Егер де, маған Сократ келіп:

  • Ауа-райы керемет болып тұр ә?, - десе, мен ойланбастан:

  • Сократ, мен өзімнің ештеңе білмейтінімді білемін, - дер едім.

Маған Сократтың «өзіңді өзің танып біл» деген қанатты сөзі ұнайды. Оның ойынша, адамзат өзін танып білгенде ғана әлемді, оның қыр-сырын тани алады. Сократ: «Адам ізгілік пен жақсылықтың не екенін білсе, жамандық жасамас еді. Бұл дегеніміз, жамандық жасаған адам ізгілік туралы білімге жетпеген адам. Ізгілік жайлы тек ойлай бермей, өзін жақсы жақтан көрсетіп, жақсылық жасап, лайықты өмір сүру керек - адамның нағыз көрінісі осыда» деген болатын. Және мен оның осы ойымен толықтай келісемін. Маған Сократтың әйелі Ксантиппаға қалай қарайтыны да ұнайды. Оның мазасыздығына қарамастан, Сократ оған барынша мейірімді болды, бұл оны сыйлауға деген шабыт тудыртады.

Оның өліміне келетін болсақ, Платонның "Сократтың апологиясы" еңбегінде, Сократтың қалай әділетсіз жазаға кесілгенін көре аламыз. Сократтың данамын дегендерді әшкерелеуі, және осысымен жастарды таңқалдырып, қызықтырғаны Афиндағы беделді адамдарға ұнамады. Себебі, олардың өзі Сократтың майевтикасына шыдай алмаған еді. Ақын Мелеттен бастап, саясат адамы Анит пен оратор Ликонға дейін Сократты «жастардың ойын бұзып, оларды бүлдіруде және құдайларды құрметтемеуде» деген айып тағуға тырысты. Сократ, өзін босатып алуға тырыспады, тек өзіне тағылған айыптың шындық емес екенін дәлелдеуге тырысты. Оның сөзін апологетикадан оқып көруге болады. Оны өлім жазасына кескен кезде Сократ: «Енді, мен өлу үшін кетіп барамын, ал сендер

сүру үшін қаласыңдар. Екеуінен қайсысы жақсы екенін ешкім білмейді» деген еді.

Жалпы, философия менің дүниетанымымды қатты кеңейтті. Мен бұрын мән бермеген нәрселерге тыңғылықты қарай бастадым. Өмірдің әр саласындағы көптеген тұжырымдарды, философиялық терминдер арқылы түсіне бастадым. Тіпті, өзімнің де пікірлерімді қалыптастыра бастадым. Бұл пән 1 курспен аяқталып қалса да, менде оны тереңірек оқуға деген қызығушылық бар. Философияны түсіну үшін, сабыр мен шыдамдылық қажет. Мен философияны жақсы көремін деп айта аламын.




«Әр адамда жарық бар, тек оның жануына мүмкіндік беріңіз»

Сократ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!