Материалдар / Фиқһ мәтіні

Фиқһ мәтіні

Материал туралы қысқаша түсінік
ФИҚҺ МӘТІНІ САБАҚ ЖОСПАР.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
247
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Практикалық сабақтың жоспары №1



Топ

23-9-81

Дәрістің өткізілетін күні






Пән аты: Фиқһ мәтіні

Оқытушы:Сманова Б

Дәрісхана: №___

Дәрістің түрі: Практикалық сабақ

Дәрістің тақырыбы: Талақты қайтарып алу

Оқыту әдісі: Талдау, тәржімалау, түсіндірме беру, түйінді мәселе қою

Дәрістің мақсаты:

Дамытушылық: Оқушыларды шариғат үкімдерімен танысуға ынталандыру, кәсіби іс шеберліктерін, зейінділік пен белсенділік іс-қимыл әрекеттерін қалыптастыру және зерттеушілік, теориялық білімдерін машықтанумен ұштастыру, қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Өз ойын тиянақты жеткізу, өзін ұстай білу, шариғат үкімдерін жеткізудегі жауапкершілікті сезінуге және әр бір атқарылған жұмысты тиянақты орындауға тәрбиелеу. Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: Тақта, сденттер, оқулықтар, сөздіктер.

Пәнаралық байланыстар:

1.Фиқһ,Құран

2.Сира,пайғамбарлар қиссасы

3.Ислам әдебі және ахлағы












Дәріс барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі (5мин): Студенттермен сәлемдесу, дәрісхана тазалығын тексеру, студенттердң түгелдеу, студенттердің назарын сабаққа аударту,қызығушылықтарын ояту


ІІ. Студенттерді мына тақырып бойынша тексеру (25мин):

Сұрақтар:

Некедегі теңдік мәселесі.

Емізумен неке харам болатын жағдайлар.

Ихрамдағы тиым салынулар.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары (40мин):

Ер кісі әйелін бір мәрте талақ ететін болса, ғиддат күту мерзімі аяқталганға дейін және неке қимай- ақ райынан қайтып, әйеліне қайта қосылуына болады. Яғни әйелі ғиддет мерзімінің бітуін күтіп отырған кезде күйеуі оған барып некені ары қарай жалғастыруды білдіруі жетіп жатыр.

ІV. Жаңа сабақты бекіту (10мин):

Кіші ажырасу дегеніміз не?

Әлемде қандай жағдайда талақ саны азаяды?

Ері әйеліне маһр бермей қайта алады ма?

Ғиддат мерзімі кезінде ері немесе әйелі көз жұмса бір бірлеріне мирасқор бола алады ма?

V. Сабақты қорытындылау және бағалау (5мин):

Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы қорытындылап, тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай білімдерін бағалау.

VI. Үй тапсырмасы (5мин): Оқып түсінік айту.

Негізгі әдебиет: Мухтасар ал-Уиқоя, Убайдулла ибн Масьуд , Бейрут 2013 .

Қосымша: Ат-тасһил ад-дарури, Мухаммад Ғашиқ Иләһа әл-Барнә, Қарачи, 2013.Ислам ғылымхалы, М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Алматы, 2011.



Оқытушы:____________________________


Кафедра меңгерушісі :_____________________


Әдіскер:____________________________









Талақты қайтарып алу

1- Ажырасу үшін қолданылатын сөздерді еркектің әйеліне қарата айтуымен талақ яғни ажырасу жүзеге асады. Ажырасу үшін қолданылатын сөздер екіге бөлінеді: Ашық сөздер және астарлы сөздер.

Талақсың”, “сенен ажырастым” секілді сөздер «ашық сөздер» болып саналады. Бұл сөздерді қалжыңдап немесе қателесіп, байқамай айтқан кезде мағынасын білмесе де ажырасқан болады.

Болды сені тастадым”, “сені қойдым” деген секілді сөздер де ашық сөзге жатады. Бір немесе екі рет мұндай ашық сөзбен ажырасуға, яғни кері қайтуы мүмкін болған ажырасуға «талақи рижи» делінеді. Бірақ бәрібір үш рет талақ айту ақысының біреуі кеткен болады. Бұл сөздердің кез-келген біреуі бір рет айтылғанда өкінсе, ескі некесіне қайту ниетімен әйелінің қолын ұстаса немесе сүйсе қайтадан неке қидырып отырмай қалған екі неке бауымен жанұялық өмірін жалғастыра береді.

2- Некенің үш бауы болады. Яғни ажырасуға, некені бұзуға себеп болатын "Болды сені тастадым", "қойдым", "талақсың" , секілді сөздер үш рет қайталанып "Талақсың, талақсың, талақсың" деп айтылса немесе "сені үш рет қойдым, үш талақсың" десе, некенің үш бауы бірден үзілген болады. Енді артқа қайтуға болмайтын ажырасу жүзеге асқан болады. Бұлай үш талақ жүзеге асқан жағдайда талақи рижи талақи баинғаайналады.

3- “Әкеңнің үйіне кет!”, “Құры кет!”, “Бұдан былай сенің күйеуің емеспін” деген секілді басқа мағыналарда да қолданылатын сөздер “астарлы сөздер” деп аталады. Бұл сөздер ажырасу ниетімен айтылған болса, ажырасқан болады. Бұған талақи баин делінеді, яғни иддет мерзімі ішінде кері қайту мүмкіндігі болмаған ажырасу.

Бұл түрдегі ажырасуда иддет мерзімі өтіп жаңадан неке оқылмайынша ерлі-зайыптылар бірге бола алмайды.

4- Қайын атасына “мен сенің қызыңды қаламаймын кімге тием десе тисін” деп айту және әйелі сыртқа шығу үшін сұранғанда “мен сені жіппен байламадым бара бер”, “Қалаған жағыңа кете бер, маған әйел болмайсың” немесе “бұдан былай сені қаламаймын”, “сенен ажырасуды қалаймын” секілді сөздер айтылса, ажырасуды ниет етпейінше ажырасқан болып саналмайды.

5- Ажырасу мағынасында қолданылуы әдет болған басқа сөздер әйеліне айтылған кезде ажырасуды ниет етпесе де бір “талақи баин” жүзеге асқан болады.

6- Әйеліне анам, қызым, қарындасым деп айтумен талақ болмайды. Бірақ «Қазірден бастап анам, қызым, қарындасым бол» десе талақ болады. Бір талақи баин болады.

7- Астарлы сөзбен ажырасқанда, талақи баинның иддет мерзімінде күйеу әйелінің бөлмесіне кіре алмайды. Әйелі сәндене алмайды, әтір, иіс су себе алмайды, бөтен әйел секілді талақ берген күйеуінен ұзақ тұрады. Иддет мерзімінен кейін жаңадан неке қию керек болады

8- Талақта мөлшері айтылмаса бір талақ болады. Үш немесе одан көп сан айтылса, үш талақпен ажырасқан болады. “Денемдегі қылдардың санындай”, “теңіздегі балықтардың мөлшеріндей”, “көктегі жұлдыздардай” дегенде де үш талақ болады.

 9- Әйеліне талақ беретін еркектің зерек және көзі ашық болуы керек. Мастың,аурудың және күштеп, қорқытылған адамның сөзі, хаты, e-mail, смс, факс арқылы да талақ өтеді. Бұлар әйелдің қолына жеткен кезден бастап ажырасқан болады. Яғни әйел бұл ажырасуды естігенде, хабардар болғанда талақ жүзеге асады.

 10- Жындының, алжыған, талып қалған адамның және аурумен және ашуланып не айтып тұрғанын білмейтін адамның айтуы ажырасу болмайды. Бұл екі түрлі болады:

a) Мағынасын білмей, олай айтуды көздемей, қаламай айтылғанда талақ болмайды. Бұл астарлы сөздер үшін. Әйтпесе ашық сөздермен яғни мен «сенен ажырстым», «талақсың» десе, олай айтуды көздемей, қаламай айтса да бәрібір талақ болады.

б) Мағынасын біліп тұрып және өзі қалап айтып, кейін айтқанын ұмыту, білмеу. Бұл сөзін екі куә естіп кейін өзіне айтса ажырасқан болады. Яғни сенен ажырастым деп айтып бірақ кейін мұны ұмытса, «сен осылай деген едің» деп айтылғанда «жоқ мен олай дегенім жоқ, менің есімде жоқ».десе, егер екі куәгер “иә біз естідік ол әйелімен ажырасты” десе ол кезде ажырасқан болады. Егер олай айтылмаса адам мойындамағаны үшін ажырасқан болмайды.

 11- Еш қосылмаған болса немесе бір бөлмеде немесе оңаша жерде мүлдем бірге қалмаған болса, бір рет талақ берумен әйел иддет мерзімін күтпестен сол күні де басқа адамға тұрмысқа шыға алады.

 12- Күйеуіне немесе басқаларға тілімен, әрекеттерімен зиян беретін, кез-келген бір парызды орындамайтын, мәселен парыз намаздарды оқымайтын, қиянат жасады деген күдік астында болған әйелден ажырасу шарт емес мүстаһаб болады, ажырасу жақсы болады.

 13- Парызды орындамайтын мәселен намаздың парыз екендігіне сенгенімен оқымайтын әйелден ажыраспау күнә емес. Күйеуі оған жылы сөзбен намаз оқытуға тырысуы керек, тырыспаса күнәға кіреді. Отбасылық міндетін атқара алмайтын, мәселен дуаланған (сиқырланған), жыныстық қатынаста әлсіз болған еркектің әйелі ажырасқысы келсе оны жіберуі (ажырасуы) уәжіп болады.

14- Әйелімен басқа басқа үш уақытта бір реттен ажырасқанын білдіретін сөздер айтса немесе бір уақытта "үш талақ" десе, артқа қайтпайтын түрде некесі бұзылады. Бұндай жағдайда ол әйелмен  қайта некеге тұру үшін Хуллә керек болады. Хуллә дегеніміз әйел 3 ай иддет уақытын күтеді. Сосын басқа бір еркекке тұрмысқа шығып, онымен қосылады. Екінші күйеуі одан ажырасады. Әйел тағы 3 ай иддет уақытын күткеннен кейін барып бұрынғы бірінші күйеуімен қайта некеге отыра алады. Ал бұл болса, еркек үшін масқаралық, төмендік болып табылады. Аллаһу та’ала ажырасу құқығын еркектерге бергенімен бұл құқығын дұрыс қолдануы және әйелдер еркектердің қолында ойыншық болмауы үшін еркектерге бұл “хуллә” деп аталатын масқаралықты жүктеген. Хулле қорқынышынан мұсылман еркек ажырасу сөзін аузына да ала алмайды. Отбасы ішінде ажырасудың әңгімесі де, қалжыңы да бола алмайды.

15- Қорқыту үшін де, қалжыңдап та ажырасу сөзін мүлдем қолданбау керек. Тіпті ажырасуға шешім қабылдаса да бұл сөздерді қолданбау керек. Өйткені кейінірек ажырасу ниетінен қайтуы мүмкін. Жақындарымен, достарымен ақылдасқаннан кейін ажырасуға нақты шешім қабылдағаннан кейін барып бір талақ беру керек. Еш қашан үш талақты бірден бермеу керек. Үш талақты бірден беру харам болып табылады. Өмірдің шарттары адамды көп нәрселерге сабыр етуін, төзуін талап етуі мүмкін. Болмайды деген нәрсе болуы мүмкін. Бір талақпен ажырасса, харам істелмеген болады әрі қайта кіру есігі де толығымен жабылмаған болады. Ажыраспау ешқандай қауіп төнгізбейді. Бірақ ажырасу, әсіресе үш рет талақ беру өте үлкен қатер. Өйткені ниетінен базкешетін болса ол әйелмен некелесуі үшін хулләдан өтуі керек.

 16- Иддет – ажырасқаннан кейін әйелдің жаңадан үйленуі харам болған уақыт. Бірінші таза болған күннің басынан үшінші хаиздың соңына дейінгі уақыт. Хаиз көрмесе талақ үшін үш ай, өлім үшін төрт ай он күн күтіледі.

 17- Күйеу әйелімен жақсы мәміледе болуы, оған күлімдеп қарап, жылы жүз танытуы, әдемі сөздер айтуы тиіс. Оның қате әрекеттеріне, ақылға қонымсыз сөздеріне сабыр етуі тиіс. Оның дәрежесіне, түсінігіне бейімделуі қажет. Онымен қалжыңдасып ойнауы керек. Азық-түлік, киім-кешек мәселесінде қолдан келгенше кең болуға тырысу керек. Дінімізде әйелдердің білуі парыз болған нәрселерді әлбетте үйретуі керек. Әйелдің киінуінде, үйден сыртқа шығуында, өте қатты болуы керек және өз бетімен жібермеу керек. Өзін және әйелін күмәнға, жалаға түсіретін жағдайлардан сақтануға қатты мән беру керек. Әйелін бөтен еркектер болған жерге жібермеуі керек, бөтен еркектерді көруіне кедергі болуы керек. Үй істерімен уақыт өткізуі оның зауқы болуы керек. Онымен қатал мәміледе болмауы керек. Қалжыңдап та, ашуланғанда да ешқашан “ажырасу” деген сөзді ауызға алмау керек, ешқашан “екіншіге үйлену” сөзін қозғамау керек.

 Сұрақ: Қандай жағдайларда неке бұзылады?

Жауап: Сенімен ажырастым, талақсың деп айту және ажырасу ниетімен айтылған астарлы сөздерді айту мәселен “құрып кет”, “көзіме көрінбе”, “жоғал” деген сөздермен де неке бұзылады. Сонымен қатар күпірге түсіретін сөз айтқанда иманмен қоса неке де бұзылады.

 Сұрақ: Әйеліме құрып кет (жоғал) деген болсам неке бұзыла ма?

Жауап: Құрып кет, жоғал деп айтумен неке бұзылмайды. Егер ажырасу ниетімен айтылған болса бұзылады. Ол да талақи баин (кері қайтпайтын ажырасу) болады. Иддет мерзімі өткеннен кейін қайта неке қидыру керек болады.

 Cұрақ: Бір адам әйелімен ұрыс кезінде “мен сені тастадым” десе некесі бұзыла ма әлде “ажырастым” демейінше некесі бұзылмай ма?

Жауап: Тастадым = ажырастым деге сөз. Бір талақпен ажырасқан болады.

 Сұрақ: Адам күпірге себеп болатын сөз айтқанда иманы да некесі де кете ме?

Жауап: Иә иманы да некесі де кетеді. Ажырасу бөлек нәрсе, күпірге түсу бөл













Практикалық сабақтың жоспары №2

Топ

23-9-81

Дәрістің өткізілетін күні






Пән аты: Фиқһ мәтіні

Оқытушы: Сманова Б

\Дәрісхана: №___

Дәрістің түрі: Практикалықсабақ

Дәрістің тақырыбы: Серттің түрлері

Оқыту әдісі: Талдау, тәржімалау, түсіндірме беру, түйінді мәселе қою

Дәрістің мақсаты:

Дамытушылық: Оқушыларды шариғат үкімдерімен танысуға ынталандыру, кәсіби іс шеберліктерін, зейінділік пен белсенділік іс-қимыл әрекеттерін қалыптастыру және зерттеушілік, теориялық білімдерін машықтанумен ұштастыру, қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Өз ойын тиянақты жеткізу, өзін ұстай білу, шариғат үкімдерін жеткізудегі жауапкершілікті сезінуге және әр бір атқарылған жұмысты тиянақты орындауға тәрбиелеу. Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: Тақта, сденттер, оқулықтар, сөздіктер.

Пәнаралық байланыстар:

1.Фиқһ,Құран

2.Сира,пайғамбарлар қиссасы

3.Ислам әдебі және ахлағы














Дәріс барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі (5мин): Студенттермен сәлемдесу, дәрісхана тазалығын тексеру, студенттердң түгелдеу, студенттердің назарын сабаққа аударту,қызығушылықтарын ояту


ІІ. Студенттерді мына тақырып бойынша тексеру (25мин):

Сұрақтар:

Кіші ажырасу дегеніміз не?

Әлемде қандай жағдайда талақ саны азаяды?

Ері әйеліне маһр бермей қайта алады ма?

Ғиддат мерзімі кезінде ері немесе әйелі көз жұмса бір бірлеріне мирасқор бола алады ма?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары (40мин):

Ғамус анты -жалған ант. Бір нәрсені біле тұра әдейі жалған ант ету. Мысалы, біреудің қарызын бермегенін біле тұра,  «Алла атымен ант етейін, уаллаһи, биллаһи қарызын өтегенмін» деуі секілді. Мұндай ант – үлкен күнә. Мұндай антқа Ханафи мәзһабында кәффарат керек емес. Оған дәлел Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бес нәрсеге кәффарат керек емес деп санаған нәрселердің арасында осы ғамус түрі де бар.

ІV. Жаңа сабақты бекіту (10мин):

Ғамус анты қандай ант?

Лағу анты дегеніміз не?

Мунъақит анты қандай ант?

Шарттық атаудың түрлері қандай?


V. Сабақты қорытындылау және бағалау (5мин):

Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы қорытындылап, тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай білімдерін бағалау.

VI. Үй тапсырмасы (5мин): Оқып түсінік айту.

Негізгі әдебиет: Мухтасар ал-Уиқоя, Убайдулла ибн Масьуд , Бейрут 2013 .

Қосымша: Ат-тасһил ад-дарури, Мухаммад Ғашиқ Иләһа әл-Барнә, Қарачи, 2013.Ислам ғылымхалы, М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Алматы, 2011.



Оқытушы:____________________________


Кафедра меңгерушісі :_____________________


Әдіскер:____________________________



Серттің түрлері

Ғамус анты

Жалған ант. Бір нәрсені біле тұра әдейі жалған ант ету. Мысалы, біреудің қарызын бермегенін біле тұра,  «Алла атымен ант етейін, уаллаһи, биллаһи қарызын өтегенмін» деуі секілді. Мұндай ант – үлкен күнә. Мұндай антқа Ханафи мәзһабында кәффарат керек емес. Оған дәлел Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бес нәрсеге кәффарат керек емес деп санаған нәрселердің арасында осы ғамус түрі де бар.

Лағу анты

Қателесіп немесе айтқаным дұрыс деп ойлап, ант ету түрі. Мысалы, бермеген қарызын бердім деп ойлап, «уаллаһи, биллаһи бердім» деу секілді. Сол секілді ант етуді ниет етпестен ант сөзін айтуды әдетке айналдырғандықтан, сөзін қуаттау үшін «уаллаһи, биллаһи» деуі. Бұндай антқа кәффарат керек емес.

Мун’ақид анты

Іске асу мүмкіндігі бар және жалпы болашаққа байланысты бір нәрс

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ