Материалдар / Физика 10 сынып. Есептер шығару. Сұйықтар мен газдардың қасиеттері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Физика 10 сынып. Есептер шығару. Сұйықтар мен газдардың қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарау соңында оқушылармен есеп шығару кезіндегі біліктілігін арттыру және ойлау қабілеттерін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2018
2943
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:физика 10 «А» сынып Күні: 17.01.2018ж.
Сабақтың атыЕсептер шығару
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты
  • Дененің балқуы және қатты денелер жайлы мағлұмат беру
  • Дененің балқуы және қатты денелерді күнделікті тұрмыста және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
  • Күтілетін нәтиже
  • Дененің балқуы және қатты денелер жайлы мағлұмат алады
  • Дененің балқуы және қатты денелерді күнделікті тұрмыста және есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
  • Негізгі идеялар себебі серпімді деформация кезінде Wp=A.Q=λm λ – меншікті балқу жылуы [Дж/кг]λ=Qбалқ/m Заттың қалыпты атмосфералық қысым кезіндегі балқу температурасы заттың балқу нүктесі деп аталады.Qалын=Qберілλmмсmc(θ-Tбал)=(ccmк+ ссmc)(T1-θ) Қатты денелердің кебуі сублимация немесе құрғау деп аталады. Газ күйінен бірден қатты күйге өтетін процесті десублимация деп аталады.
    Тапсырмалар

    Үй тапсырмасын сұрау 1. Қаныққан және қанықпаған бу деген не?2. Ауаның ылғалдылығы деген не, өрнегі қалай жазылады?3. Сұйықтың қандай физикалық қасиеттерін білесіңдер?4. Қайнау деген қандай процесс?5. Ауаның ылғалдылығын анықтайтын аспаптар қалай аталады?
    Қызықты сұрақтар

  • Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
  • Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
  • Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)
  • Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
  • Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
  • Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
  • ЕртегіОйланып шешімін табу керек.Патша сарайының үлкен бөлмесіне бір тұтқынды әкеліп тастады. Оны жазалауға әзірленіп жатыр. Жазалау алдында бас уәзір тұтқынға былай дейді:-саған мынадай жұмбақ айтам, егер жұмбақ шешуін тапсаң, Алла саған өмір сыйлайды,-дейді. Тұтқын қатты күрсінді. Уәзір бөлме ортасында шынжырға ілінген ыдысты көрсетті. Ыдыс түбіндегі тығынды ашсаң, оның ішіндегі су ағады. Ыдыстан ағып шыққан су ағыны жерге жақындаған сайын неліктен жіңішкереді. Сенің уақытың су ағып болғанша ғана, соңғы тамшы тамғанда шешуің жоқ болса басың да бірге жерге түседі,- дейді. Су ағып кетті. Бас алғыштар қылышын қамдап тұр. Тұтқын жанталаса жауабын айтып үлгерді. Тұтқын қандай жауап айтты?Жауап: Әрбір су бөлшектері жерге жақындаған сайын тез қозғалады (жердің тартылысы көп) және сығылады, өйткені су ағыс жылдамдығы көп кезде қысымы аз, ал сырттан қоршап тұрған ауа жылдамдығы аз, қысымы көп, сондықтан ауа суды қысады, сонда су сығылады да жіңішкереді.
    Сергіту сәті.

  • 2 адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнаса, әрқайсысы неше сағат ойнайды. (2 сағат)
  • Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап шығуы мүмкін бе? (жоқ, түнде күн шықпайды)
  • Столдың 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш шығады? (5 бұрыш)
  • Бір жұмыртқа 3 минут піссе, 5 жұмыртқа неше минут піседі? (3минут)
  • Қояндар бөренені кесіп отыр, 12 рет кескенде неше бөлік шығады? (13 бөлік)
  • Кірпіштің салмағы 2 кг және тағы жарты кірпіш. Кірпіш салмағы қанша? (кірпіш салм. 3кг)
  • Қос ат 40 км жол жүрді. Әрбір ат неше км жол жүреді? ( 40 км)
  • Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды?
  • (2 үйрек,қалғаны ұшып кетті)
    Есептер шығару:№1. Егер шық нүктесі 100 С болса, онда бөлмедегі ауаның 180 С-тағы салыстырмалы ылғалдылығын табыңыздар.№2. 160 С-та үйдегі салыстырмалы ылғалдылық 65% болады. Егер су буының серпімділігі бұрынғы күйінде қалса, ауаның температурасы 40 С-қа төмендеген кезде, салыстырмалы ылғалдылық қалай өзгерелі?№3. 160 С-та кешке қарай ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55%-ке тең. Егер түнде температура 80 С-қа дейін төмендесе, шық түсе ме?№4. Психрометрдің ылғалды термометрі 100 С-ты, ал құрғағы 140 С-ты көрсетіп тұр. Салыстырмалы ылғалдылықты табыңдар.
    Рефлексия:

    Сабақ сендерге ұнады ма? Егер ұнасаекі қолымызды да көтереміз; егер жартылайұнасабір қолымызды көтереміз; ал егер мүлде ұнамаса- қолымызды көтермейміз.1. Несімен ұнады?2. Не ұнамады?3. Сеніңше, нені өзгертуге болар еді?4. Не жайлы көбірек білгің келеді?5.Сабақтан кейінгі көңіл-күйің қандай?
    Үй тапсырмасы:221-222 беттердегі ережелерді жаттау «6 тараудың ең маңыздысы»




    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!