Физика - әлем кілті

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Физика - әлем кілті

Материал туралы қысқаша түсінік
"Физика- әлем кілті" тақырыбында жасалған сайыс сабақ. Сабақ мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, білімдерін шыңдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары



Педагогтың аты-жөні

Тагобаева А

Күні

03.04.2024ж

Сынып 8 А,Ә,Б

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

«Физика - әлем кілті»

Сабақ мақсаты

Физика пәні бойынша теориялық, практикалық білімдерін пысықтау. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және ұшқыр ойлауға, тапқырлыққа, логикалық ойлауын, ұжымдыққа баулу.

Көрнекілік

Ұлы физиктердің портреттері,формулалар,тақырыптық суреттер,әр түрлі түсті парақтар,канверт,фламастер,тәжірибеге керекті құралдар слайд.

Сабақтың түрі

Жарыс, сайыс сабақ


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

1) Сәлемдесу.

2) Оқушыларға сайыстың түрі мен мақсатын хабардар ету.

3) Оқушыларды үш топқа бөлу.


Оқушылар өз топтарын таныстырады.


Әділ қазыныны таныстыру




Сабақтың ортасы

Армысыздар құрметті мұғалімдер,оқушылар бүгінгі біздің «Физика - әлем кілті»атты сайысымызға қош келдіңіздер. Ойынға 3 топ қатысады.

Таныстыру (топты таныстыру, эмблема)

І тур. Сан сұраққа саяхат (оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады)

ІІ тур. Физикалық мақал-мәтелдер (оқушыларға бірнеше мақал-мәтелдер беріледі, олар сол мақалды физикалық тілмен түсіндіру керек)

ІІІ тур. Формулатану

ІV тур. Жұмбақтар елінде (бірнеше жұмбақтар жасырылады)

V тур. «Қызықты тәжірибе!» (Оқушылар дайындап келген тәжірибелерімен бөліседі.)

Ойынға қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. (Ойынға қатысушы топ өздерін таныстырады.)

І тур. Сан сұраққа саяхат (оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады) 1 топ

  1. Зат неден тұрады? (Молекуладан)

  2. Күшті өлшейтін құрал? (Динамометр)

  3. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (Буланады)

  4. Кім барлық тілде сөйлейді? (Жаңғырық)

  5. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі (Джоуль)

  6. Жылудың ауа және сұйық арқылы берілуі қалай аталады? (Конвекция)

2-топ

1. Неге сай жерлерде бау-бақша өсірілмейді? Бұны немен түсіндіруге болады?

(Салқын ауа ауыр болғандықтан ол төменге , сайға жиналады, ал онда үскірік жүруі ықтимал)

2. Заттың ең кішкентай бөлігі? Атом

3.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек – Электрон

4.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – Электр тогы

5.Кернеу бірлігі – Вольт (В)

6.Тоқ күші кернеуге тура кедергіге тура пропорционал.Бұл кімнің заңы ?- Ом заңы

3-топ

1. Неліктен суық күндері көптеген жануарлар денесін жиырып алып

ұйықтайды?

(Денесін жиырғанда жануарлар дене көлемін кішірейтіп, өзін қоршаған

суық ауамен аз әсерлеседі)

2. Қай жағдайда шәйнектегі ыстық шәй тез суыйды? Шәйнекті мұздың үстіне қойғанда ма, әлде мұзды шәйнектің үстіне қойғанда ма?(Мұзды шәйнектің қақпағының үстіне қойғанда ондағы ыстық сутез суыйды: бұл жағдайда мұздың айналасында судың суық бөлігіпайда болады, ал ол бөлік басқа қалған бөліктерден ауыр,сондықтан да ол төмен қарай түседі. Энергиялық конвекциялық ағым пайда болады)

3. Энергияның дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы. – Жылу өткізгіштік

4.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.

5. Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-Амперметер

6. Қуат бірлігі-Ватт (Вт)

ІV тур. Жұмбақтар елінде (бірнеше жұмбақтар жасырылады

Ғалымдар-

1.Алма түсіп басына

Басына емес қасына

Тартылыс заңын таптым деп

Кетті ғалым асыға (И. Ньютон)


2.Құрметтейік ғалымды Ғылымды алға жылжытқан

Инерция құбылысын

Айтшы достар кім ашқан?

(Г. Галилей)


3.Жылу табиғатын зерттеп,

Электр энергиясының жұмысын нықтап.

Энергияның сақталу заңын дәлелдеген,

Кім табады қане, бұл қай ғалым? (Д.Джоуль)


4. Күш көбейсе артады
Ауадан артқа тартады
Жүзі жұқа үшкір зат
Одан бірақ қорқады.
(Қысым, Паскаль.)

5) Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті?
(Қуат, Ватт)


6. Асып кетсе кернеуді

Төмендетіп береді.

Кеміп кетсе кернеуді

Төмендетіп береді. (Вольт)

Мақал мәтел мағынасын физикалық тұрғысына түсіндіру.

1.Жұпарды жасырғанымен иісі білдіреді (Диффузия)

2.Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер. (Инерция)

3.Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен.

4.Отқа салса, темір балқиды. (Заттың күйлері)

5.Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар. (Қатты денелердің балқуы, қатаюы)

6.Алты адам алдын көрмеген, Алысқа ұзап кете алмас. (Механикалық қозғалыс)

7.Жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды. (Ньютон 1 заңы)

8. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. (Диффузия)

9. Саусақ бірікпей ине ілінбейді (Үйкеліс күші)

10. Сүт тасыса қаймағы төгілер,

Ашу тасыса ақылы төгілер. (Архимед заңы)

11. Аузы күйген үрлеп ішер. (Булану)

12. Отты үрлеген жағады,

Шындықты іздеген табады. (Отын энергиясы)

V тур. «Қызықты тәжірибе!» (Оқушылар дайындап келген тәжірибелерімен бөліседі.)














Тапсырмаларды орындайды








Оқушылар өтілген тақырыптардан алған білімдерін саралайды



( 5-10 ұпай)


















Интербелсенді тақта / компьютер




Сілтеме 1.Интернет материялдары. 2.Б.М Дүйсенбаева. Г.З.Байжасарова,А.А.Медетбекова 3.С.Тұяқбаев,Ш.Насохова,Б.Кронгорт,В.Кем,В.Загайнова

Карточка


Сабақтың соңы

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды Демеңіздер біз өнерді аяп қалды Әділ – қазы сіздерге сөз береміз Жеңімпаздар кім болып сарапталды? – деп сөз кезегін әділ – қазыларға береміз. Әділ – қазылар бүгінгі сайыстың қорытынды бағаларын берсеңіздер. Жеңімпаз топты анықтасаңыздар.

Жеңімпаз топты анықтау







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2024
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі