Материалдар / Физика . Динамика. Күштер. Күштерді қосу ҚМЖ

Физика . Динамика. Күштер. Күштерді қосу ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Күштер. Күштерді қосу тақырыбында қысқа мерзімді жоспар. біліктілікті арттыру курсында қорғалған жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2024
24
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Турениязова Гульмира Куралтаевна

Қызылорда облысы

Арал индустриалды-техникалық колледжі

Физика пәнінің оқытушысы

Арал индустриалды-техникалық колледжі
Оқу сабағының жоспары

Оқу сабағының тақырыбы: 1 бөлім. Механика 1.2. Динамика Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары.
Модуль/пән атауы: Физика
Дайындаған педагог: Турениязова Гульмира Куралтаевна
"__" _____2023 жыл

1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ І курс
Оқу сабағының түрі: Жаңа сабақты меңгерту

2. Мақсаты, міндеттері:

1) Ньютон заңдарын меңгеру және нәтиже күшін анықтау;

2) бүкіләлемдік тартылыс заңын түсіндіру және ғарыш аппараттарының қозғалысын сипаттау;
3. Күтілетін нәтижелер:

1) Ньютон заңдарының мазмұнын ашады, нәтиже күшін анықтайды;

Бағалау критерийлері:

күштерді графикалық түрде бейнелейді

нәтиже күшті анықтай алады

бірнеше күш әсер еткен денелердің қозғалысы кезінде есептер шығарудың мүмкін болатын алгоритмін құрады

4. Қажетті ресурстар:

Н.А.Закирова, Р.Р.Аширов Физика Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10 сыныбына арналған оқулық

КронгартБ.А., Қазақбаева Д.М., Имамбетов О., Қыстаубаев Т. Физика білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10 сыныбына арналған оқулық

Интерактивті тақта, презентациялар, электронды оқулықтар, таратпа материалдар
5. Оқу сабағының барысы

Сабақ кезеңі / уақыты

Іс-әрекетер

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы


20 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылармен сәлемдесу

Білім алушылардың назарларын сабаққа аудару

Топқа бөлу «Мозайқа құрастыру»

Бүгінгі күштер тақырыбына байланысты қағаз қиындыларындағы суретті құрастыру арқылы топқа бөлінеді

1-топ – Күштілер тобы

2-топ – Мықтылар тобы

3-топ – Қуаттылар тобы

4-топ - Алыптар тобы

Психологиялық көңіл-күй тудыру «Ақ парақ және мен» Қағазбен қалауын жасау

Білім алушыларға бір-бірден ақ парақ беріледі. Бірінші сол қағаздан кез келген зат жасайды, екіншісінде мұғалімнің тапсырмасын орындайды


Үй тапсырмасын сұрау:

Күштілер және Қуаттылар тобына

Кинематика бөлімін бойынша Сөзжұмбақ «Кинематика» шешу (топтық жұмыс, сұрақ-жауап)


Мықтылар және Алыптар тобына Кинематика бөөлімі бойынша дайындалған «Сәйкестендіру» тесті беріледі

Осы тапсырма бойынша үйге берілген тапсырма сұралады





















Топтық жұмыс

Әр дұрыс жауапқа

1 балдан беріледі

Барлығы: 10 балл







Сурет қиындылары (мозайкалар)








Барлық білім алушыларға ақ парақтар таратылады





Сөзжұмбақ «Кинематика»

Сәйкестендіру тесті

Үлестірмелі қағаздар

Презентация

Сабақтың ортасы


55 минут


Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Миға шабуыл» әдісі қолданылады. Әр топта өзара талқылау жүреді. Сурет бойынша ортақ шешім айтады


Білім алушылар ойланып, талқылап, қазақтың ұлттық ойын түрлері, бұл жерде күш, күштілік деген тәрізді жауаптар беруі тиіс

Сонымен, құрметті, білім алушалар! Сіздер өте дұрыс айтасыздар. Бұл суреттердің барлығында да қазақтың ұлттық ойындары көрсетілген және бәріне де ортақ, бәріне де қажетті күш деген ұғым. Сондықтанда өздеріңіз айтқандай бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы күшке қатысты болмақ

Жаңа сабақ тақырыбы: Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары

Жаңа тақырып бойынша бейне жазба көрсетіледі Оқытушы түсіндірме мәлімет береді

1-тапсырма: «ДЖИГСО» әдісі

Постер қорғау

Төрт топқа қысқаша мәтіндер бойынша мәліметтер ұсынылады

1-топ – Күштілер тобына Күш. Күштерді қосу

2-топ – Мықтылар тобына Ньютонның 1 заңы

3-топ – Қуаттылар тобына Ньютонның 2 заңы

4-топ - Алыптар тобына Ньютонның 3 заңы

Дескриптор

  1. Теориялық түсінік - 2 балл

  2. Формулалары - 2 балл

  3. Өлшем бірліктері - 2 балл

  4. Мысалдар келтірілуі - 2 балл

  5. Қосымша мәліметтер қамтуы - 2 балл

2-тапсырма: Топтық жұмыс «Ойлан, талқыла, жауап бер!» әдісі

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тапсырмасы

Арал қаласында орталық алаңда қазақтың жаңа жылы, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды. Сол мерекеде қазақтың ұлттық ойындарының бірі – арқан тарту ойнатылды. Арқан тарту жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болатын ойын түрі. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Мұнда ойынға қатысушылар тең екіге бөлінеді. Осы алаңда қазақ жігіттерінен құралған «Алау» және «Жалын» деп аталатын

екі топта 4 – 4 ойыншыдан қатысты, «Алау» тобындағы ойыншылардың массасы 45 кг, 47 кг, 52 кг, 40 кг, ал «Жалын» тобындағы ойыншылардың массасы 50 кг, 52 кг,48 кг, 43 кг-ға тең. Жер бетінің тегістігі екі топ үшін бірдей.

1. Арқан тарту ойынына қалыңдығы 3 см-ден басталатын кендір арқан қолданылады. Себебін түсіндіріңіз (2 балл)

2.Нәтиже күш қай жаққа қарай бағытталатынын анықтаңыз? (1 балл)

3. Нәтиже күштің әсерінен болатын қозғалыстың үдеуінің формуласын анықтаңыз (2 балл)

4. Физикалық шамалардың мәндерін қойып, үдеудің сандық мәнін анықтаңыз (1 балл)

5. «Алау» тобының жеңу мүмкіндігін арттыру үшін арқан тартудың қандай тәсілдерін ұсынар едіңіз? (2 балл)

3-тапсырма: Жұптық жұмыс

Әр жұп бүгінгі тақырыптар бойынша «Ақиқат не жалған» әдісі бойынша 8 балдық жүйеде өзіндік жұмыстар жасап тапсырма әзірлейді және келесі жұпқа тапсырмаларын береді. Осылай кезекпе кезек тапсырмалар орындайды.


4-тапсырма. Жеке жұмыс


«Біліміңді шыңда!» әдісі

ЕБҚБ арналған тапсырма -Тест тапсырмасы



Барлық білім алушыларға арналған

Динамика есептерін шығару алгоритмі бойынша есеп

Дарынды оқушыға: « Табиғаттағы күштердің пайдасы мен зияны» шығармашылық жұмыс


























«Мадақтау сэндвичі» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды

Жарайсың!

Жақсы!

Әліде ізден!

Тақырыптың ашылуына байланыс 1-10 балл аралығында қойылады


















Топтық жұмыс «Ойлан, талқыла, жауап бер!» әдісі

Тапсырмалар 1-8 балл аралығында бағаланады



















Жұптар бірін-бірі бағалайды.

Тапсырма 1-8 балл аралығында бағаланады


«Біліміңді шыңда!» әдісі

ЕБҚ білімалушы -

1-5 балл аралығы



Барлық білім алушыларға арналған тапсырма 1-10 балл аралығында бағаланады





«Миға шабуыл»

Презентация




























Таратпа мәтіндер

4 топқа бір-бірден А форматы

Маркерлер













ПрезентацияТаратпа материалдар


































А4 форматты парақтар




Таратпа материалдар

Тест тапсырмасы

Сабақтың соңы


15 минут








Бағалау




Рефлексия






Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау:

Бүгінгі сабақ бойынша барлық білім алушылардың білімдерін жүйелеу үшін «Өрмекші торы» әдісін қолданамын.

Білім алушылардың барлығы ортаға шеңбер бойымен тұрып, қолдарындағы жіпті лақтыра отырып сауал қояды, жіпті қағып алған білім алушы қойылған сұраққа жауап береді және жіптің ұшын келесі білім алушаға лақтыра отырып сауал қояды, осылай жіп өрмекші торы шиланып бастайды.

Жалпы максимал балл – 53 балл - 100%

Өте жақсы – 46-53 балл 85-100%

Жақсы – 37-45 балл - 71-84%

Қанағаттанарлық – 29-36 балл -55-69 %

Рефлексия «БББ» (білемін, білдім, білгім келеді)

Shape1

Ньютон заңдары

Бүгінгі тақырып бойынша 3 есеп дайындап, оны шығару


Әрбір қойылған дұрыс сұрақ үшін 1 бал

Дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі

Өрмекші торын жасау үшін қажетті жіңішке жіп
















Қосымша 1.


Күштілер және Қуаттылар тобына

Кинематика бөлімін бойынша Сөзжұмбақ «Кинематика» шешу (топтық жұмыс, сұрақ-жауап)







К












И








Н





Е














М







А














Т








И









К














А









  1. Дененің жүріп өткен ізі

  2. Бізді қоршаған орта

  3. Денінің бастапқы және соңғы орнын қосатын кесінді

  4. Жылдамдықтың өзгерісін сипаттайтын шама

  5. Қозғалысты сипаттайтын физикалық шама

  6. Материя түрі, денені құраушы

  7. Кейінге жылжытуға болмайтын шама

  8. Физиканың бірінші бөлімі

  9. Жылдамдығы азаятын қозғалыс түрі

  10. Дененің орын ауыстыруы


Мықтылар және Алыптар тобына Кинематика бөөлімі бойынша дайындалған «Сәйкестендіру» тесті беріледі


1

Қозғалыс түрлері (траекторияға байланысты)


Орын ауыстыру

Период

2

Қозғалысты сипаттайтын физикалық шама

Уақыт

Жанама үдеу

3

Жүрілген жолдың жылдамдыққа қатынасына тең физикалық шама

Түзу сызықты

Қисық сызықты

4

Дененің бастапқы және ең соңғы орнын қосатын сызық

Жылдамдық

Нормаль үдеу

5

Қисықтық радиус бойымен центрге қарай бағытталатын үдеу

Ілгерілемелі, айналмалы

6

Қозғалыстың жылдамдыққа байланысты түрлері

Үдеу

Ілгерілемелі

7

Кемімелі қозғалыс кезіндегі үдеудің таңбасы

Бірқалыпты, айнымалы

8

Орын ауыстыру кезінде дененің барлық нүктелері бірдей орын ауыстыратын қозғалыс түрі

Теріс

9

Теңайнымалы қозғалыс кезінде қандай шама тұрақты болады?

Оң

10

Толық бір айналым жасауға кеткен уақыт

Жиілік







Қосымша 2

2-тапсырма: Топтық жұмыс «Ойлан, талқыла, жауап бер!»

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тапсырмасы

Арал қаласында орталық алаңда қазақтың жаңа жылы, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды. Сол мерекеде қазақтың ұлттық ойындарының бірі – арқан тарту ойнатылды. Арқан тарту жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болатын ойын түрі. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Мұнда ойынға қатысушылар тең екіге бөлінеді. Осы алаңда қазақ жігіттерінен құралған «Алау» және «Жалын» деп аталатын

екі топта 4 – 4 ойыншыдан қатысты, «Алау» тобындағы ойыншылардың массасы 45 кг, 47 кг, 52 кг, 40 кг, ал «Жалын» тобындағы ойыншылардың массасы 50 кг, 52 кг,48 кг, 43 кг-ға тең. Жер бетінің тегістігі екі топ үшін бірдей.

1. Арқан тарту ойынына қалыңдығы 3 см-ден басталатын кендір арқан қолданылады. Себебін түсіндіріңіз (2 балл)

2.Нәтиже күш қай жаққа қарай бағытталатынын анықтаңыз? (1 балл)

3. Нәтиже күштің әсерінен болатын қозғалыстың үдеуінің формуласын анықтаңыз (2 балл)

4. Физикалық шамалардың мәндерін қойып, сандық мәнін анықтаңыз (1 балл)

5. «Алау» тобының жеңу мүмкіндігін арттыру үшін арқан тартудың қандай тәсілдерін ұсынар едіңіз? (2 балл)

Қосымша 3.

4-тапсырма. Жеке жұмыс «Біліміңді шыңда!» әдісі

ЕБҚБ арналған тапсырма

Тест тапсырмасы

1.Күш қандай әріппен белгіленеді?

А) М В) Ғ С)Р

2. Күшті қандай аспаппен өлшейді?

А) таразы В) Термометр С)Динамометр

3. Күштің өлшем бірлігі

А) Ньютон В) Джоуль С)Ватт

4. Ньютонның екінші заңы формуласы

А) F=mg В) Ғ=ma С)Р=mg

5. Күш қандай шама болып табылады?

А) векторлық шама В) скаляр шама С)екеуіне де жатпайды


Барлық білім алушыларға арналған

Жазықтықпен арасындағы жасайтын бұрышы 450 болатын көлбеу беттің үстінде орналасқан дене тек қана ауырлық күшінің әсерінен көлбеу бетпен төмен қарай сырғиды. Беттің үйкеліс коэффициенті 0,1

  1. Есептің шарты бойынша сызбасын салыңыз (1 балл)

  2. Денеге әсер ететін күштерді сызбаға бейнелеңіз (1 балл)

  3. Күштердің проекциялары бойынша күш құраушыларын анықтаңыз (2 балл)

  4. ОХ және ОУ остері бойынша қозғалыс теңдеулерін жазыңыз (2 балл)

  5. Ауырлық күшінің әсерінен төменге қарай сырғыған дененің алатын үдеуінің формуласын қорытыңыз (2 балл)

  6. Мәндерін орнына қойып, үдеудің сандық мәнін есептеңіз (2 балл)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ